№ басылым орнына



бет9/11
Дата12.03.2018
өлшемі6,47 Mb.
#39339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Африкандық бұғының дене ұзындығы 75 – 85 см , биіктігі 35 – 40 см , салмағы 10 – 15 кг. Таралуы: Африкада таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: Жүктілігі 4 – 5 ай. Аналығы тек бір ғана бала тауады. Азияттық бұғының немесе канчилдің дене ұзындығы 70 – 75 см, биіктігі 30 – 35 см, салмағы 5 – 8 кг. Үнді бұғысы немесе дақты канчиль басқа жануарлардан реңінің қаралау және ашық түсті дақтарының бар болуымен ерекшеленеді.

Құдыр (кабарожи) тұқымдасы. (Moschidae).

Сипаттамасы. Құдыр (Moschus moschiferus) орташа келген жануар. Ұзындығы 90 см, биіктігі 70см, салмағы 15 – 17 кг. Түсі қоңыр және қара қоңыр. Мүйізі жоқ, бірақ аталығында жоғарғы ерінің түбінен 7 – 9 см, шығып тұратын ерекше , ұзын келген жоғарғы шошақ тістері болады. Дабыл жарғағы өте ұсақ. Өмір сүру ұзақтығы 4 - тен 5 жылға дейін. Денесінен басы ашық түсті келген. Астыңғы жақтан бастап, мойынның астымен кеудесінде екі жұп ақшыл жолақтар созылып жатады. Бас сүйегі үлкен емес. Бет әлпеті мен ми бөлігі салыстырмалы қысқарақ. Артқы аяқтары алдыңғыдан ұзынырақ болғандықтан артқы дене бөлігі салмақтырақ және алдынан биіктірек. Тұмсығының ұшында танау тесігінің жанында үлкен терісіз аймақ бар. Құлақтары үлкен, үстіңгі жағы дөңгеленген. Құйрығы өте қысқа. Аяқтары 4 саусақты.

Канчиль. Таралуы:Гималай,Үнді Қытай, Шығыс Азия, Манғолмя, Қытайда мекен етеді.Қоректенуі: Қынамен, балқарағаймен, қылқан жапырақтылармен қоректенеді. Түлеу: Жылына бір рет түлейді. Қыстың аяғынан көктемнің соңына дейін ескі түктерді жаңа түктер біртіндеп алмастырады. Көбеюі мен өсіп дамуы: 15 – 18 айларда жыныстық жағынан толысады. Жүктілігі 185 – 195 тәулікке созылады. Май айында аналығы 1 сирек жағдайда 3 бала туады.

Халық шаруашылығындағы маңызы: Аңшылық – кәсіптік маңызы зор.

Бұғы тұқымдасы (CERVIDAE). Бұғы тұқымдасы 7 тұқымдас тармағынан, 12 туыстан 30 түрден тұрады.

Сипаттамасы: Ұзын, қалың және берік тұяқты аяқтары бар жануарлар.Көпшілігінде аталықтарының мүйізі болады. Мүйіз – маңдай сүйегінің түбінен өсіп шығатын,әдетте бұтақталған сүйектегі түзіліс. Бұғылардың мүйізі жыл сайын түсіп және қайтадан өсіп отырады. Өсіп келе жатқан мүйіз дәнекер – ұлпалы, шеміршекті және сүйекті кзеңдерден өтеді. Өскен мүйіз қысқа түктері бар (бархат) терімен қапталған. Сүйектену процесі мүйіздің түбінен басталып арықарай жалғасып ортадан ұшына дейін жүреді. Сүйектену процесінің аяғында мүйізді қаптап тұрған тері өледі және жарылып түсіп қалады. Мүйіз бағананың түбінен әдетте бірнеше өскендер тарайды. Ең төменгі өскіншек бірінші көз үсті деп аталынады. Одан кнейін екінші көз үсті,үшінші өскінен ортаңғы деп аталады, одан кейіни орналасқан – жоғарғы деп аталады. Өскіншектердің аяғы екінші рет бұтақтануы да мүмкін. Бас сүйегінің көз аймағының жанында екі танау жас өзекшесі орналасқан. Көз жас сүйегінің сыртқы бетінде көз алды шұңқырлары орналасқан. Жақ аралық сүйегінде танау тесігі қысқа.Жоғарғы шошақ тістері тек кейбір аталықтарында ғана ұзын, жоғарғы ерін түбінен шығып тұрады. Терісінде көптеген арнайы бездері болады. Өт болмайды. Сүт безі төрт бөлікті.

Су бұғысы тұқымдас тармағы. (Hydropotinae)


Су бұғысы
Сипаттамасы: Мүйізсіз. Дене тұрқы 75 – 100 см, биіктігі 45 – 75 см, салмағы 9 – 15 кг. Реңі күрең – қоңыр, жоғарғы ерні мен көзінің аймағы ақ түсті. Жазда терісі қысқа, қыста қалың, мамықты. Таралуы: Азия, Шри – Ланка, Қытый, Индияда таралған. Өзен және көл маңындағы шалғында,шөптесіндерде мекендейді. Көбеюі және өсіп дамуы: Жүктілігі 6 айға созылады. Маусым-шілде айларында 1 – 2 бала туады. Қиыр шығыс бұғыларының шағылысу уақыты қыркүйек және қазан айларының басында басталады. Қысқа қарай табынға бірігеді, сәуір айында ескі мүйіздерін тастап, маусым айында 2-3 жаңа мүйіз өскіні пайда болады.

Нағыз бұғы тұқымдас тармағы. (Cervinae); Сипаттамасы: Бұл тұқымдас тармағы 2 туыстан 12 – 14 түрден тұрады. Денесі 130 – 160 см, биіктігі 100 см, салмағы 40 – 80 кг болып келетін ірі жануарлар. Жақсы дамығын мүйіз тек аталықтарында ғана бар.

Жануарлардың барлық түрлері аңшылық немесе кәсіптік болып есептеледі. Бір түрі олень арнайы шаруашлықтарда өсіріліп жас мүйіздерінен пантокрин деген дәрі жасалынады. ТМД – да 3 түрі, Қазақстанда нағыз бұғы деген бір ғана түрі кездеседі. Жетісу және Алтайлық деген екі формасын ажыратады.



Распостранение: Бірінші формадағы жануарлар Қазақстанның оңтүстік – шығысында таулы аймақтарда мекендейді, екіншісі – шығыс пен Алтайды мекендейді. Марал – Евразиядағы ең ірі бұғы.Тек аталықтары ғана мүйізді. Европалық бұғылардан оның айырмашлығы , денесінің көлемі , мүйізінің ерекше формасы , көзінің көлемі орналасуы , және өте қысқа құйрығы.

Аталықтарының аяқтары ұзын, кең маңдайлы , күшті мойынды. Аналықтары аталықтардан біршама кішірек , ұзын мойынды , басы ірі және құлақтары ұзын. Аналықтарының түсі қыста қара , аталықтары көбінесе ашық -сары .




Бұғы Үлкен мазама




Кішкене құдыр Кәдімгі құдыр




Тау ақбөкен Личи


Марал Тянь–Шань, Жонғар– Алатауында, Алтайда, Тарбағатайда таралған.

Лань (Cervus dama) теңбіл түсті. Дене ұзындығы 130-160 см. Иранда. Палестинада Иракта, Украйнада, Беларусияда таралған. Жазда шөптесін өсімдіктермен, қыста ағаштың қабықтарымен қоректенеді. Жүктілігі 7.5-8 ай,1 кейде 2 бала туады. Негізінен саябақта декоративті жануар ретінде пайдаланыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет