Систематикасы (жүйеленуі): құлақты итбалықтар тұқымдасы – Otaridae. 7 туыс бар есептеледі.: солтүстік, оңтүстік, калифорниялық, теңіз мысықтары, оңтүстік теңіз арыстандары, сивучтар, австралиялық теңіз арыстандары, жаңазенландиялық теңіз арыстандары
Сипаттамасы: оларда редукцияланған болса да құлақ қалқандары сақталған. Артқы ескектері табан жанғында бүгіледі олар денесін ұстап тұруға негізделген. Алдыңғы ескектері үлкендеу келеді. Көлемдері үлкен, денесінің ұзындығы 3,8 м-ге дейін жетеді.
Таралуы: солтүстік жартышарда, тынық мұхитында.
Көбеюі мен өсіп жамуы: буаз болу мерзімі 360 тәулікке дейін созылады, тым ұзаққа созылу себебі эмбрион буаз болу кезінде жетіле бастайды, кейін дамуы тежеледі немесе тоқтайды.
Систематикасы (жүйеленуі): морждар тұқымдасы – Odobenidae. Ең ірі ескекаяқтылар. Тұқымдаста бір түр-морждар. Сипаттамасы: ересек аталықтардың денесінің ұзындығы 300-450 см-ге. жетеді, салмағы 1,5 т шамасында. Аналықтарының дене мөлшері кішірек. Денесінің ұзындығы 265-365 см., салмағы 700-800кг. аталықтарының жыртқыш тістері жуан және ірі. Тұмсығы қысқа және өте жалпақ. Терісі өте қалың. Түкті жамылғысы сирек, кей кезде болмайды. Түктерінің түсі жирендеу .
Таралуы: Атлантика, Солтүстік мұзды мұхит, Беринг теңізі.
Көбеюі және өсіп дауы: баяу көбейеді. Жыныстық жағынан 6 жасында жетіледі. Сәуір – мамыр айында шағылысады. Көбі 3 немесе 4 жылда бір ұпақ туады.
Әдебиет : 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтар :
1. жыртқыштар отряды, ескекаяқтылар тұқымдасына сипаттама беріңіздер.
2. Жүйеленуін атаңыздар
3. Халық шарашылығындағы маңызы қандай?
4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?
12 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтармайтындар. Шошқа, пекариевые, су сиыр тұқымдасы.
Шошқа тұқымдасының қысқаша сипаттамасы
Систематикасы (жүйеленуі):
Отряд тұяқтыларды біріктіреді, үшінші, төртінші бармақтары дамып келеді олардың арасында аяқтарының осі өтеді. Басқа жанындағы бармақтар (көп түрінде екеу) әлсіз дамыған және ортаншы бармағынан жоғары орналасқан. Барлық бармақтарының аяққы қабыршақтары тұяқпен қапталған. Күйіс қайтармайтындар 3 тұқымдасты біріктіреді: шошқа (suidae), пекариевые (tayassudae), су сиыры (hippopotamidae), 8 туыс, 12 түрге біріктіреді.
Шошқалылар тұқымдасы (suidae). Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Аяқтарында жан бармағы жақсы жетілген 4 бармақты. Жыртқыш тістері үлкен, жоғарғы тістері бүгілген, азу тістері дөңестеу. Қарны жай қарын, қосымша бөлімдері бар. Тұқымдаста 9 түр бар олар 5 туысқа біріктірілген.
Сипаттамасы : өзен шошқасы (potamochoerus) . Бұл жануарлар өте әдемі болады. Жүнінің түсі ашық жирен, арқасында ақ жолақты, тұмсығында ақ түктері бар және құлағында ұзын шашағы бар. Жыртқыш тістері онша ұзын емес, бірақ өткір. Дене тұрқы100-150 см, биіктігі 55-80 см, салмағы 80 кг. Аталықтарының көздері мен тұмсығының арасында сүйек өскіні болады.
Таралуы : Африкадан оңтүстік Сахараға дейін және Мадагаскар аралын мекендейді. Бұталы және орман даланы мекендейді.
Көбеюі және өсіп дамуы: буаз болу ұзақтығы 130тәулік. Орташа мөлшерде 4 ала жолақты торай әкеледі.
Халықшаруашылығындағы маңызы: жабайы және үй жануарларына шабады. Отармен жүреді, жорыққа түнде шығады және өте сақ.
1- Украиндік ақ, 2- вьетнамдық вислобрюхая, 3- йоркшиндік
Қабан немесе жабайы шошқа (Sus scrofa) – ең көп таралған түр.
Сипаттамасы: Дене тұрқы 130-175 см, биіктігі 100 см-ге дейін, салмағы 60-тан 150 кг аралығында. Басы өте үлкен, сүйірленген. Құлақтары ұзын және кең, көздері кішкентай, тұмсығы таңқиған. Денесі серпімді қылшықпен қапталған, ал қыста ұзынырақ және қалың түбітті. Арқасында қылшықтары тарақты.
Таралуы : Еуропаның барлық солтүстік бөлігін Скандинавияның жарты аралын, Ладож көлін, Калуж және Туль облыстарын Азия мен Африка, Мадагаскар, Жаңа Гвинея және т.б. мекендейді.
Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтары шағылысуға бірінші рет екінші жылы ғана түседі 18-20 айлығында,ал аталықтары 4 немесе 5 жылы түседі. Аналықтарының жыныстық жетілу 8-10 айларында, ал аталықтары 18-20 айларында жетіледі. Шошқалардың жаппай шағылысуы наурыз-мамыр айларына сәйкес келеді. Торайларының саны 4-10 шамасында. Халықшаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары
Сақалды шошқа (Sus harbatus). Сипаттамасы: дене мөлшері қабан сияқты 100-160 см, салмағы 100 кг шамаасында. Өзінің атауын беткі бөлігін ауызынан құлағына дейінгі аймақты алып тұрған ашық түсті ұзынырақ қылышығы үшін алды. Денесі сирек қылшықпен қапталғандай, арасынан сұр немесе сұр-қызғылт терісі көрінеді. Бетінде көздері мен жыртқыш тістерінің арасында сүйелдерібар, ол әсіресе аталықтарында жақсы дамыған.
Таралуы: малакка жарты аралында, Суматра, Ява, ИНдонезия аралдарында 6 түраралығы кездеседі. Тропикалық және бұталы жерлерді мекендейді.
Көбеюі және өсіп жамуы: жыныстық жағынан жетілуі 17-19 айлығында байқалады. Буаз болу мерзімінің ұзақтығы 171-175 тәулік. Жыл ішінде көбейе берді. 2-8 торай туады.
Халықшаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары
Пекарий тұқымдасы (Tayassudae)
Сипаттамасы: Пекарлар шошқалардан денесінің мөлшері жағынан кіші, дене тұрқы 115 см дейін, бойы 55 см, салмағы 30 кг дейін. Қарны 3 бөліктен тұрады., алдыңғы бөлігінде шұжық тәрізді қаптары болады. Шошқаларға қарағанда артқы аяқтарында 3тұяқтары бар және екеуі толық немесе жартылай өседі. Жоғарғы жақ жыртқыш тістері төмен қарай қаратылған, олар үшқырлы, мықты келеді. Барлығы 38 тісі бар. Арқасының артқы бөлігінде мускус тәрізді секрет бөлетін бездері болады. Басы үлкен, мойны қысқа, көздері ұсақ. Қылшықтары қалың, қарақұсының тұсында және мойнында, арқа тұсында ұзынырақ болады.
Таралуы: Америка, Мексикада кездеседі. Әртүрлі ормандарды және бұталы жерлерді мекендейді.
Көбеюі және өсіп дамуы: аналықтары 8-8,5 айларында жыныстық жетіледі. , ал аталықтары 11-11,5 айларында жыныстық жетіледі. Буаз болу мерзімі 142-149 тәулік. 2-4 торай туады.
Халық шаруашылығындағы маңызы: негізі аңшылардың- өндірістік жануары, еті деликатес есебінде жүреді.
Су сиырлар тұқымдасы: (Hippopotamidae).Сипаттамасы: денесі біліктей массивті келеді. Аяқтары қысқа жуан, 4 бармақтары болады, олардың өзінше бір тұяқтары арасы жарғақпен қосылған. Басы мойынсыз келеді, үлкен. Дене тұрқы 400-420 см., бойы 165 см., салмағы 3000-3200 кг. Терісі түкті жамылғымен қапталмаған. Тек беткі бөлігінде және құйрығынының ұшында қатты темірге бай оның кеуіп кетуінен сақтайтын қылшықтар бар. Ауыз қуысы кең, жақты орасан зор, сирек орналасқан тістермен қаруаланған.
Таралуы : Орталық және Шығыс Африкада кездеседі. Су сиырлар –қоғамдық жануарлар. Су сиырларды тобы 20-30 балалары бар аналықтардан тұрады және аталықтары белгілі бір аймақтың жиегін алады.
Көбеюі және өсіп дамуы: 9жасында анылқтары, ал 7 жасында атылықтары жыныстық жағынан жетіледі. Буаз болу мерзімі 240 тәулік, тек бір ғана су сиырын туады.
Халық шаруашылығындаы маңызы: етін тамаққа пайдаланады. Су сиырының терісі және жыртқыш тістері құнды шикізат көзі болып табылады.
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгісі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтар :
1. жұптұяқтылар отрядына, тұқымдасына шошқаларға, пекарларға, су сиырларға сиптаттама беріңдер.
2. Жүйеленуін атыңыздар
3. Халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?
13 - тақырып. Жұптұяқтылар отряды.
Күйіс қайтаратындар отряд тармағы. Құдырлар, Бұғы тұқымдастары.
Жұптұяқтылар отряды. Күйіс қайтаратындар отряд тармағына қысқаша сипаттама.
Күйіс қайтаратындар отряд тармағы 6 тұқымдасты, 76 туысты 180 түрге біріктіреді.
Систематикасы (жүйеленуі):
Бұғы тұқымдасы (Tragulidae)
Құдыр тұқымдасы (Moschidae)
Семейство оленевые (CERVIDAE)
Су бұғылар тұқымдас тармағы (Hydropotinae);
Нағыз бұғылар тұқымдас тармағы (Cervinae);
Еліктер тұқымдас тармағы (Capreolinae);
Бұлан тұқымдас тармағы (ALcinae)
Бұғы тұқымдасы (Tragulidae) 2туысты 4 түрімен біріктіреді.
Сипаттамасы: Бұғылар – қоянның көлеміндей ғана ұсақ жануарлар. Асқазаны үш бөлімнен тұрады.(қатпаршақ жоқ). Алдыңғы аяғы артқы аяқтан
біраз қысқарақ. Аяқтары 4 тұяқты.
Африкандық бұғының дене ұзындығы 75 – 85 см , биіктігі 35 – 40 см , салмағы 10 – 15 кг. Таралуы: Африкада таралған. Көбеюі және өсіп дамуы: Жүктілігі 4 – 5 ай. Аналығы тек бір ғана бала тауады. Азияттық бұғының немесе канчилдің дене ұзындығы 70 – 75 см, биіктігі 30 – 35 см, салмағы 5 – 8кг. Үнді бұғысы немесе дақты канчиль басқа жануарлардан реңінің қаралау және ашық түсті дақтарының бар болуымен ерекшеленеді.
Құдыр (кабарожи) тұқымдасы. (Moschidae).
Сипаттамасы. Құдыр (Moschus moschiferus) орташа келген жануар. Ұзындығы 90 см, биіктігі 70см, салмағы 15 – 17 кг. Түсі қоңыр және қара
қоңыр. Мүйізі жоқ, бірақ аталығында жоғарғы ерінің түбінен 7 – 9 см, шығып тұратын ерекше , ұзын келген жоғарғы шошақ тістері болады. Дабыл жарғағы өте ұсақ. Өмір сүру ұзақтығы 4 - тен 5 жылға дейін. Денесінен басы ашық түсті келген. Астыңғы жақтан бастап, мойынның астымен кеудесінде екі жұп ақшыл жолақтар созылып жатады. Бас сүйегі үлкен емес. Бет әлпеті мен ми бөлігі салыстырмалы қысқарақ. Артқы аяқтары алдыңғыдан ұзынырақ болғандықтан артқы дене бөлігі салмақтырақ және алдынан биіктірек. Тұмсығының ұшында танау тесігінің жанында үлкен терісіз аймақ бар. Құлақтары үлкен, үстіңгі жағы дөңгеленген. Құйрығы өте қысқа. Аяқтары 4 саусақты.
Достарыңызбен бөлісу: |