Систематикасы (жүйеленуі): үлпілдек жүнді, қысқа аяқты, орташа мөлшердегі жануарлар, мөлшері және түсінің ерекшелігіне қарай жанат тәрізді итті еске түсіреді. Құлақтары үлкен ұш жағы домалақтау, қыс мезгіліндегі жүнінің түсі бұрыл-сұр, жирен және қызылдау ренді, күнгірт. Жүнінің ұш жағы қаралау болғандықтан терісі ұсақ шымырлау келеді. Денесінің төменгі бөлігі ашық түсті, білегі мен табаны ашықтау тіпті ақ түсті түктермен қапталған. Бармақтары терен ойылған, құйрығында 5-7 ге дейін қара немесе бұрыл түсті сақиналары бар. Басы сұр түсті. Құлақтарында негізінен артқы болігінде үлкен емес қара дақтары бар. Жанаттың бас сүйегі үлкен ми қорабымен ерекшеленеді, мұрын сүйектері қысқа және жалпақ, есту барабаны домалақ формалы. Жыртқыш тістері ұзын емес жоғарғы тістері түзу төменгілері сәл бүгілген. Төртінші және бірінші жоғарғы азу тістері бірдей ал екінші азу тістері біріншісінен екі есе кіші аталығыныңдене ұзындығы 435-545 аналығы 410-570 мм. Аталығының құйрық ұзындығы 200 – 405, аналығыныкі 192-340 мм. Жануарлардың салмағы жыл мезгіліне байланысты ауысып отырады 5,4 – 15,75 кг.ға дейін тіптен 22,2 кг. ға дейін өседі.
.
Енот
Түлеу: ересек жануарлардың түлеуінің бастапқы белгілері сәуір айында, ал буаз аналықтарда сәл кешірек байқалады. Түлеу басталған кезде денесінің әр түрлі бөлігінде уыс- уыс жүндер пайда болады . Қыстық жүннің түлеуі бас және мойыннан басталады, кейін денесіне ауысады. Түлеуі тамыздың 2 ші бөлігінде аяқталады. Жас жануарлар қыстаудан кейін ересектерден бұрын наурыз айының ортасында түлей бастайды.
Таралуы: жанат Солтүстік Америка және Америкадан Панама каналына дейінгі бөлікті алып жатыр. Бұлардың санына табиғаттық жағдайлар өте көп қар жамылғысы әсер етеді. Бұл кезде жануарлар өздерінің азықтарын таба алмайды, сондықтан бұл фактор жанатардың тірі қалуын анықтайды. Жанат азық тандамайды таралу аймығына байланысты өсімдік және жануарлармен қоректене береді. Құрт-құмырсқалардан басқа жабайы жүзім, құрма, долана т.б. қоректенеді. Батпақты Висконсин штатында жануар негізінен балық, андатыр, шаян, жұзім және жүгерімен қоректенеді.
Тәуліктік өмір салты: мінез құлқы, жанат кешкі және түнгі уақытта белсенді жануар. Інінен күн батқанда шыққаннан түні бойы азық іздеумен болады . Жанат ағаштарда жақсы өрмелейді, бірақ азығын негізінен жерден аулайды. Судын жанынан тапқан олжасын суда шайқайды, содан кейін жейді, сондықтан полоскун атауын алды. Ұйқыға кетуі: қатты және қары мол қыста ұйқыға кетеді, аяз күндерінің ұзақтығына байланысты ұйқыға кету кезеңі 4 айға дейін созылады.