№ басылым орнына


- тақырып. «Аңшаруашылығы» пәнінің мақсаты және қысқаша сипаттамасы



бет2/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
1 - тақырып. «Аңшаруашылығы» пәнінің мақсаты және қысқаша сипаттамасы

Аңшаруашылығы пәні қазіргі кездегі аңдардын түрлілігін қарастырып, сырқы түрін сипаттайды, олардың туыстық байланыстарын қарастыра отырып, осының негізінде түрді туысқа, туысты тұқымдасқа, отряд, класс, тип деп жүйесін құрастырады. Филогенетика жануарлар әлімінің эволоюциялық жолдарын және оларды анықтайтын факторларды қарастырады. Зоогеография жер бетіндегі жануарлардың таралуын зерттейді және фаунаның әртүрлі аудандардағы тарихи заңдылықтарының құрылуын анықтайды. Палеонтология жануарлардың жойылған түрлерін және жойылған фауналары мен флораны т.б. қарастырады. Зоологияда жануарлардың әртүрлі топтарын қарастыратын тармақтарды ажыратады: териология сүтқоректілерді, орнитология құстарды, герпетология - амфибиялар мен рептилияларды, ихтиология- балықтар мен домалақ ауыздыларды қарастырады.


«Жануарлар систематикасының» мақсаты – жануарлар әлемі, оның дамуы, негізгі ерекшеліктері мен адам өміріндегі маңыздылығымен таныстыру болып табылады.
Жануарлар систематикасында мынадай жалпыбиологиялық ғылымдар жиі қолданыды: морфология, анотомия және гистология (жануарлар денесінің сыртқы және ішкі макро-микроскопиялық құрылысын), физиология және биохимия (оның функционалдық қасиетін), эмбриология (жеке даму заңдылықтарын, ішкі және сыртқы даму факторларын), генетика
( өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, табиғи сұрыпталу-популяциялық генетика), экология (өмір сүру көрінісі, органикалық емес ортамен және басқа да жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар түрімен байланысы, популяциялық экология, биоценология), және этология (жануарлардың мінез-құлқы). Табиғат жағдайының әр түрлілігі, яғни адам баласының қабылдауына қиын болғандықтан жер бетінде әр түрлі жануарлар әлемінің таралуына себеп болды, қазіргі кезде республика фаунасында құрлықтағы сүт қоректілер түрі 692 (қосмекенілер немесе амфибиялар 13, бауырмер жорғалаушылар немесе рептилилер, құстар 473 аң немесе сут қоректілер) және 140 түрлі балық бар, мұндай жануарлардың көп түрлілігі және бір келкілігі Қазақстанда таралғандай, ешқай мемлекетте таралмаған. Республикамызда мекендейтін осы сут қоректілердің 155 түрінің көбінің шаруашылық маңызы бар. Жүн өндірісінде жануарлардың 72 түрі, оның ішінде бұлғын, сусар, кәмшәт, кара күзендерді аулау ерекше қымбат тері береді. Жануарлардың басқа түрлерінің белгісі мұндай қымбат бағаланбайды, дегенмен олар көп жане 100 мыңдап миллиондап ауланады (ондатр, кәдімгі саршұнақ, күзен, каспиліқ итбалық т.б.).
Жүн өндірісі «еркін» шет елдік волютаны алудың бірден - бір маңызды және экономикалық тиімді көздердің бірі болып табылады. Сондықтан, Жүн өндірісін тегіннен (жұмсақ алтын деп атамаған). Жергілікті фаунаның көптеген жануарларының (барс, гепард, арқар, марал, және т.б.) мемлекет ішіндегі зооэкспорт және зоосауда да маңызы зор.
Қазақстанның жануарларға бай фаунасы үй жануарларының жаңа түрімен тұқымын шығаруда ірі және бағалы генооронд болып табылады. Өткен жүз жылдықта оңтүстік Алтайда жас қанат алу мақсатында маралдарды өсіру, мал шаруашылығында жаңа марал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Сүт қоректілердің 3 отряды (насеком қоректілер, жарқанаттар жане жыртқыштар) ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымына белгілі бір пайдасын тигізеді. Олар зиянды кемірушілермен насекомдардың белгілі бір санын жойды. Кейбір сүт қоректілердің ішкі органдары (мүшелері) дене мүшелері және майы ғылым саласында, халық медицинасында порфюмер өндірісінде және т.б. кең қолданысқа ие. Аюдың өтін дайындап, экспорттайды, маралдың жыныс мүшелерін және құйрығын, маралдың қатпаған мүйізін – панта, киік, аюдың, барыстың, саршұнақтың майын. Қазақстанда марал пантасы және киіктің мүйізі жылына белгілі бір мөлшерде экспортталады.
Республикамыздың халық шаруашылығына көп пайдасы бар дегенмен, кейбір түрлері экономикалық шығынға ұшыратады. Ауыл шаруашылығына көбінесе кемірушілер (саршұнақ, тышқан, атжалман) және қасқыр зиянын тигізеді.
Саршұнақтар – жайылымды құртатын маңызды зиянкестер. Ең аз 1 га – ға 30 – 40 кіші саршұнақ, азықтық қордың жартысын құртады. Кемірушілер орман шаруашылығына экономикалық шығын әкеледі, егіс қорғайтын орман жолактарына, бақтарға және жүзімдіктерге кемірушілер (су егеуқұйрығы, ондатор, саршұнақ) өздерінің індерін темір жол шосе т.б. бойына салып, оларды бұзады.
Сүт қоректілерге, әсіресе адамдар мен үй жануарларына үлкен кері әсерін тигізетін және таралатын инффекциялық аурулар және глистті инфазиялар бар сонымен бактериялық аурулардан сүт қоректіледі жабайы немесе үй жануарлары болсын ортақ түрлері: паройлар, коллнибалнеллаз, пябереллаз, листерреллез, сібір жарасы, ббруцеллез, туляремия туберкулез, жане т.б. ал вирустардан – оба.
Әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтар:

  1. Жануарлар системетикасы нені оқытады?

  2. Қандай отряд, тұқымдас, түрлерді қарастырады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет