№ басылым орнына


- тақырып. Коянтәрізділер отряды. Пишуха (шақылдақ), қоян тәрізділер (Leporidae) тұқымдасы



бет3/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
2 - тақырып. Коянтәрізділер отряды. Пишуха (шақылдақ), қоян тәрізділер (Leporidae) тұқымдасы.
Қоян тәрізділер отрядының сипаттамасы. Систематикасы.
Систематикасы (жүйеленуі): Коян тәрізділер отряды Lagomorpha. Пишуха (шақылдақтар), қоян тарізділер тұқымдасында 10 тұқымдас (45) бар. Оларды 3 негізге топқа қосуға болады. 1) нағыз қояндар 20 түр аралығында 2) үй қояндары 15 түр аралығында 3) қатты жүнді немесе бұрынғы қояндар 10 түр аралығында. Қоян тәрізділердің кемірушілерден ерекшелігі олардың жоғарғы жағындағы жұп күрек тістерінің болуы.
Сипаттамасы: тұқымдас өзіне отрядтың ірі өкілдерін қосады, дене ұзындығы 30 - 69 см құрайды. Кемірушілердің жоғарғы иегінде бір емес жұп күрек тістерінің бар болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, сол және он жақ тістер қатарының арасында жіңішке көпір тәріздес сүйегі бар.
Қоян тәрізділерде жыртқыш тістері жоқ және күрек тістері өз тістерінен кең диастемамен бөлінген. Құлақтары ұзын, бас сүйегіне жабысқан, бұлар көздерінен алшақ артқа қайырылған, алдыңғы аяқтары қысқа болып келеді. Барлықтарымен жүреді ал артқы аяқтары керісінше ұзын, табаны жерге тиеді. Аяғының табны қалың түкпен қапталған, олар ешқашан жалаңаш болмайды. Сау тістері ашық және әр уақытта өсуде болады. Жүні жұмсақ, үлпілдек, терісі жұқа, мықты емес. Тұқымдасқа денесінің мөлшері орташа. Денесінің ұзындығы 44 – 47 см. Жүні жұмсақ және қалың. Құлақтары ұзын бас сүйегіне жабысып, артқа қарай қайырылған. Орманда жас қояндарды көбінесе балапан күйінде табады. Салмағы 90 -130 грамм болып туады. Олар өте тез өседі және 9-10 кун өткен соң шөп жей бастайды. Ақ қоянның табиғи жағдайда өмір сүру ұзақтығы 8-9 жыл. Ақ қоянның саны жылда өзгермелі болды.
Жыныс мүшесінің сүйегі жоқ. Кемірушілерге қарағанда қоян тәрізділердің қарны (морфологиялық емес, физиологиялық) 2 бөлімнен тұрады: а) фундальді, мұнда тек азықтың бактериялды ашууы жүреді б) пилорикалық, мұнда азық пепсинмен қортылады.
Пищуха (шақылдақ) тұқымдасында 20 түрі бар делінеді. Тұқымдасқа ұсақ (дене мөлшеі 25 см көп емес) қоян тәрізділер жатады. Үлкен құлақты, жирен түсті, дала, тибеттік, непал және қара ерінді пищуха деп ажыратылады. Құлақтары қысқа және сәйкесінше жалпақ. Терісі жұқа қоянға қарағанда мықты емес. Жүні бір түсті, жазда бурыл, сары я қошқыл түсті, қыста сұр түсті болады. Қыс мезгілінде ұйқыға кетпейді. Буаз болу уақыты 25-30 тәулік 2-6 дан туады.


Шақылдақтардың суреті



Жүнді және жапондық ағаш кеміретін қояндардың суреті


Үй қояны сәйкесінше ұсақ жануарлар, денесінің мөлшері 25-50 см, жүнінің жалпы түсі жиірек бурыл, реңі бар сұр және қызыл қышқыл түсті болады. Буаз болу уақыты 28-30 күн.
Қатты жүнді қояндар. Бұлар құлақтары қысқа және артқы аяқтары қысқа ұсақтау жануарлар түрі жүні қатты, қылықты. Қатты жүнді қояндар нағыз қояндар сияқты тез жүгіре алмайды және үй қояндары тәрізді ін қазуға бейім емес.
Таралуы: Антрактида мен Мадагаскарда басқа барлық жерде таралған. Жаңа Зеландия, Австралияда, Онтүстик американың онтүстик бөлігінде және Мұхит аралдарында адам таратқан. Қазақстанның Шығыс бөлігінде, Тарбағатай, Алтайда, және т.б. жерде таралған.
Мекен ету аймығы әр түрлі. Орманнан орман далаға, дейін таралады. Жазда және қыста қоян қалың бұта және құрап сынып түскен ағаш бұтақтарының астында түнейді. Ақ қоянның қоректенүі жыл мезгіліне байланысты әр түрлі. Жазда әр түрлі шөптесін өсімдіктерді, бұршақты, саңырау құлақтарды қалайды. Қыста негізі азығы ретінде ұсақ бұташаларды, жаңғақтарды және т.б. жеп қоректенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет