Орман мысығы – Felinae silvestris, кейде еуропалық немесе жабайы мысық деп те атайды. Сыртқы келбеті бойынша кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене тұрқы 75-80 см, құйрығы 30-34 см, салмағы 6 – 10 кг шамасында.
Батыс Еуропа, Шотландия, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Орман мысығы таулы ормандада және аралас ормандарда өмір сүреді. Буаз болу мерзімі 63-68 тәулікке созылады. 3-8 жас мысық туады. 9- 11 күнде өсіп жетіледі.
Дала мысығы- Felinae Lybica. Сыртықы көрінісі бойынша үй мысығына ұқсайды, сәл ған үлкендеу және реңі басқа. Дене тұрқы 63-70 см, құйрығы сұр-сарғыштау 23-33 см. Қысқы жүнінің жалпы реңі арқасы мен жанында қара дақтары бар сұрғылтым-сарғыш. Құйрығында бірнеше қара сақиналары бар. Таралу ареалы: Орташа және орталық Азия, Қытай, Армения, Урал, Қазақстан. Қара сексеуіл өсетін құмды шөлдерде, сазды көлдері бар бұталы жазықтықтарда мекендейді. Негізінен ұсақ тышқандармен, ондатрмен, тушканчиктармен және т.б. қоректенеді. Шағылысу –қаңтар-наурыз айларында өтеді. 5-10 жас мысық туады.
Достарыңызбен бөлісу: |