№ басылым орнына


Шағыл мысығы-Felinae margarita



бет29/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
Шағыл мысығы-Felinae margarita. Мысық тәрізділерге жататын түр. Шағыл мысығы негізінен Арабия, Синай түбегінде, Сахараның солтүстігі мен Пәкістанның құмды жерлерінде кездеседі. Ал қазақстанда Маңғыста түбегінің бұйратты құмдары мен шағылдарында және Қызылқұмды мекендейді. Дене тұрқы 40-52 см, салмағы 1,3-3,4 кг. арқасы мен бүйірі құм тектес сарғыш, денесінде айқын емес қара жолақтары болады. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Құлағы үшбұрышты, самай сақалы жақсы көрініп тұрады. Табандарындағы тарақ тәрізді қалың қылшықтары олардың құмда еркін жүруіне мүмкіндік береді. Қоныс тепкен жерлерінде ін қазады, кейде түлкі, қарсақтың ескі індерін де пайдалана береді. Ұсақ кеміргіштермен (қосаяқтар, құмтышқандар), кейде бауырымен жорғалаушылармен, ұсақ құстармен және жәндіктермен қоректенеді. Корегін аулауға түнде шығады. Шағыл мысықтар ақпан-наурыз айларында шағылысып, аналығы сәуір-мамырда 2-5 (көбінесе 3) жас мысық туады. Құмды, шөлді аймақтарда тіршілік ететін болғандықтан аз зерттелген. Шағыл мысығының саны қай жерде де аз, қазақстанда 1952-55 ж. Оның 6 дарабасы ұсталғаны туралы деректен басқа мәлімет жоқ. Республикада Үстірт және Ақтау-Бозашы қорықшыларында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет