Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары. 1 - тақырып. Жануарлар систематикасы пәні және міндеттері (2 сағат) Сабақтың мақсаты: 1. «Жануарлар систематикасы» пәнінің мақсаты мен міндеттерін қарастыру
2. Сүтқоректілер отрядының классификациясымен танысу
1 - тапсырма. Пәннің мақсаты мен міндеттерін қарастыру.
2 - тапсырма. Жануарлар систематикасының классификациясын білу
3 - тапсырма. Дәптерлеріңе сүтқоректілер отрядын анықтайтын кестені көшіріңдер.
Сүткоректілер отрядын анықтайтын кесте.
Жыртқыш тістері жоқ. Күрек тістері иілген қашаулар немесе өткір жиектері бар долот. Күрек тістері мен азу тістерінің арасында – диастема бар. Күрек тістері астынғы және үстіңгі жақ сүйектерінде 2 жұптан.
Қоян тәрізділер
Күрек тістері жоғарғы жақ сүйегінде 2 жұп. Олар бірінін артында бірі орналасқан.
Жыртқыштар
Аяқтары шынтақ және тізе буындарынан бастап денесінен ажыратылған.