Диэлектриктер шекарасындағы толық ішкі шағылу. Максвелл теңдеулері мен металдағы толқындар. Металл шекарасындағы жарықтың шағылу мен сынуының геометриялық заңдары.
Жазық толқындардың интерференциясы. Екі нүктелік жарық көздерінен шығатын толқындардың интерференциясы. Ньютон сақиналары. Интерферометрлер.
Жартылай өткiзгiштердiң өткiзгiштiгi. Меншікті және қоспалы өткiзгiштiк. Донорлар мен акцепторлар.
Жарық поляризациясы. Поляризацияланған және поляризацияланбаған сәулеленудің көрнекі бейнесі. Малюс заңы. Брюстер заңы.
Жарықтың шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырауы. Шашыраған жарық интенсивтілігінің жиілікке тәуелділігі (Рэлей формуласы) және шашыратудың бұрыштық диаграммасы. Доплер эффектісі мен жарықтың аберрациясы.
Жұмыс және энергия. Күштiң элементар жұмысы. Қуат. Шектi жолдағы күш жұмысы. Потенциалдық және потенциалдық емес күштер.
Заттың сәуле шығару және жұту қабілеттері мен олардың қатынастары. Абсолют қара дененің моделі. Стефан-Больцман заңы, Вин ығысу формуласы. Рэлей-Джинс формуласы. Планк формуласы.
Идеал газдың ішкі энергиясы. Еркіндік дәрежелері бойынша энергияның тең үлестіру принципі. Мольдік және меншікті жылусыйымдылық.
Іргелі өзара әсерлесулердің төрт түрі. Өзара әсерлесу күші. Элементар бөлшектердің классификациясы. Сақталу заңдары. Кванттық сандар.
Кванттық көріністер теориясы. Импульстік көріністегі толқындық функция және операторлар. Кванттық механиканың матрицалық тұжырымдамасы.
Кванттық механикадағы тепе-тең бөлшектер жүйесі. Тепе-тең бөлшектердің ажыратылмаушылық принципі. Фермиондар және бозондар. Симметриялық және антисимметриялық толқындық функциялар. Паули принципі. Алмасу энергиясы және оның физикалық мағынасы.
Кванттық механиканың жуықтау әдістері. Стационар күйлері үшін ұйытқу теориясы. Толқындық функция және энергия үшін түзетулер.
Кванттық механиканың релятивистік теңдеулері. Релятивистік теңдеуге қойылатын жалпы талаптар. Клейн-Гордан-Фок теңдеуі және оның коварианттылығы.
Кванттық-механикалық шамалардың уақыт бойынша өзгеруі. Қозғалыс интегралдары.
Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктық моделі. Кварк - лептондық симметрия. Глюондар. Кванттық хромодинамиканың негізгі түсініктері.
Координатаның, импульстің, кинетикалық және потенциалдық энергиялардың, қозғалыс мөлшері моментінің операторлары. Операторлардың меншікті мәндері мен меншікті функциялары: дискретті және үздіксіз спектр. Гамильтон операторы.
Күш өрiсi. Потенциалдық энергия және оны нормалау. Өзара әсерлесу энергиясы. Толық энергия және тыныштық күйдегі энергия. Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия мен күштiң байланысы. Потенциалдық шұңқыр. Потенциалдық өрiстегі бір өлшемді қозғалыс. Финиттiк және инфиниттiк қозғалыс шарттары.
Қатты дененiң қозғалыс теңдеулерi. Қатты дененiң импульс моментi. Инерциалдық тензор туралы түсiнiк.
Қозғалмалы өткізгіштердегі электромагниттік индукция. Электромагниттік индукция үшін Фарадей заңының интегралды және дифференциалды түрі.
Қысым. Температура. Қысым мен температураның өлшеу тәсілдері, өлшемдері және өлшеу бірліктері. Менделеев-Клапейрон теңдеуі. Дальтон заңы. Паскаль заңы. Барометрлік формула.
Магнит өрiсiнің күштері. Лоренц күшi. Зарядталған бөлшектердiң электромагниттiк өрiсiнде қозғалуы. Ток пен магниттiк моментке әсер ететiн күштер және күш моменттерi.
Максвелл теңдеулерi және электромагниттiк толқындардың негiзгi қасиеттерi. Максвелл теңдеулерi және теңдеулердiң физикалық мағыналары. Ығысу тогы.
Максвелл теңдеулері. Максвелл теңдеулері - тәжірибелерді жалпылау нәтижесі ретінде. Үздіксіздік теңдеуі - зарядтың сақталу заңы ретінде. Максвелл теңдеулері жүйесінің микроөрістерге қолданылу гипотезасы. Максвеллдың микроскопиялық теңдеулері.
Материалдық денелердің молекула-кинетикалық үлгісі (моделі). Атом және молекула массасы. Заттың үш фазасы: газ, сұйық және қатты дене. Идеал газ үлгісі.
Материалдық нүктелер жүйесi. Материалдық нүктелер жүйесiнiң импульсi. Ішкi және сыртқы әсер күштерi. Материалдық нүктелер жүйесінің импульсі үшін теңдеу.
Материалдық нүктенің қозғалыс сипаттамасының тәсілдері. Материалдық нүктенiң орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуiн векторлық және координаттық түрде өрнектеу. Материалдық нүктенiң толық үдеу векторының нормаль және тангенциаль құраушылары. Қозғалыс түрлері.
Менделеевтің периодтық жүйесі. Көп бөлшектер теориясының негіздері, Хартри-Фок әдісі.
Молекулааралық өзара әрекеттесу күштері мен потенциалдары. Ван-дер-Ваальс күштері. Нақты газдардың ерекшеліктерін ескеретін күй теңдеулері. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермдері.
Молекулалардың жылдамдық бойынша Максвелл үлестірілуі. Газдағы молекулалардың сипаттаушы орташа жылдамдықтары. Газдың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Тепе-теңдік күйдегі газ молекулаларының жылулық бей-берекет қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші - температура. Больцман үлестірілуі.
Орталық өрістегі қозғалыстың жалпы қасиеті. Орталық-симметриялы өрістер. Қозғалыс интегралдары.
Потенциалдар үшін Даламбер теңдеулері. Өрістің потенциалдары мен кернеуліктерінің байланысы. Электромагниттік өрістің калибрлік инварианттылығы. Кешігуші потенциалдар.
Радиоактивтілік. Атом ядроларының орнықсыздығының негізгі себептері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің статистикалық сипаты. Радиоактивтік ыдырау заңы.
Реакциялар қималары. Ядролық реакциялардың механизмдері. Құрама ядро моделі. Резонанстық ядролық реакциялар. Брейт-Вигнер формуласы.
Релятивистік механика. Еркін бөлшектің Лагранж функциясы. Релятивистік бөлшектің энергиясы мен импульсі. Релятивистік механикадағы қозғалыс зандылығы. Тұрақты күш әсерімен дененің қозғалысы.
Салыстырмалылық теориясының 4 өлшемді математикалық аппараты. 4 өлшемді вектор, 4 өлшемді тензор ұғымдары. Арнайы салыстырмалық теория инварианттары.
Табиғаттағы өзара әрекеттесу күштері. Гравитациялық және электромагниттік әсерлесулер. Іргелі күштер туралы түсінік.
Тасымалдау процестерінің түрлері: тұтқырлық, жылуөткізгіштік, диффузия, термодиффузия. Газдағы тасымалдау процестерінің кинетикалық теориясы. Соқтығысудың орташа жиілігі. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы мен орташа уақыты, көлденең газкинетикалық қимасы.
Тербелмелі контур. Томсон формуласы. Активті және реактивті кедергі.
Термодинамикалық жүйелердің статистикалық ансамблі туралы түсінік. Ансамбль бойынша орташа мен уақыт бойынша орташаны анықтау. Пуассон үлестірілуі. Гаусс үлестірілуі. Микрокүй мен макрокүй.
Термодинамикалық тепе-теңдік. Локалдық термодинамикалық тепе-теңдік. Тепе-теңдіктік және локалды тепе-теңдіктік макропараметрлер.
Термодинамиканың зерттеу пәні. Термодинамиканың негізгі заңдары (термодинамика бастамалары) - энергия түрленуімен өтетін құбылыстарды тәжірибелік қорытындылау нәтижесі. Күй функциялары.
Ток элементтерiнiң өзара әсерлесу заңы (Био-Савар- Ампер-Лаплас заңы). Магнит индукциясының векторы. Магнит өрiсiнiң кернеулiгi.
Токтар және олардың өзара әсерлесуі. Ом, Джоуль-Ленц және Ампер заңдарының дифференциалдық түрлерi. Магнит өрісі және токтардың өзара магнитті әсерлесуі.
Толқындық функция және оның физикалық мағынасы. Суперпозиция принципі. Физикалық шамалардың операторлары. Динамикалық айнымалыларды операторлар арқылы бейнелеу. Операторлардың сызықтылығы және эрмиттілігі. Физикалық шамалардың орташа мәні.
Тұрақты ток бар кездегi электр өрiсi. Бөгде күштер. Электр қозғаушы күш. Интегралдық және дифференциалдық түрдегі Джоуль-Ленц заңы. Ток жүрген кездегi жасалатын жұмыс және қуат. Кирхгоф ережелерi.
Фазалық және топтық жылдамдықтар, олардың қатынастары. Сыну көрсеткішінің қалыпты және аномаль дисперсиясы. Дисперсияны байқау схемалары.
Фотоэффект. Негізгі эксперименттік заңдылықтар және оларды түсіндіру. Фотондар мен олардың қасиеттері. Фотондар қатысатын процестердегі энергия мен импульстың сақталу заңдары. Комптон эффектісі.
Циклдік процестер. Цикл жұмысы. Карно циклі. Карно циклының пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК). Карно теоремалары. Клаузиус теңсіздігі. Энтропия. Термодинамиканың екінші бастамасы.
Шредингер теңдеуі және оның қарапайым қолданулары. Стационар күй және оның қасиеттері.
Электр өрісін тікелей Кулон заңымен және Гаусс теоремасын пайдалану арқылы анықтау. Лаплас және Пуассон теңдеулерi.
Электродинамика заңдарының ковариантты түрдегі жазылуы. Электромагниттік өрістің төрт өлшемді сипаттамалары. Өріс тензоры. Доплер эффектісі.
Электромагниттік өріс үшін ең кіші әсер принципі. Энергия-импульс тензоры. Максвелл тендеулерінің ковариантты түрде жазылуы. Электронның электромагниттік массасы.
Электромагниттік толқындар шкаласы. Жарықтың табиғаты туралы ілімнің дамуы. Ферма принципі. Жарық жылдамдығы. Энергиялық бірліктер мен олардың арасындағы қатынастар. Жарық шамалары.
Электромагниттік толқындардың сәуле шығаруы. Электрлік және магниттік дипольдық сәуле шығару. Ортада электромагниттік толқындардың таралуы.
Электростатикалық өрiстiң потенциалдылығы. Электр өрiсiндегi жұмыс. Нүктелiк зарядтың, нүктелiк зарядтар жүйесiнiң және үзiлiссiз таралған зарядтың потенциалы. Электростатикалық өріс потенциалы мен кернеулігінің байланысы.
Ядролық күйлердің кванттық механикалық бейнеленуі. Толқындық функцияның жұптылығы. Айнымайтын бөлшектердің толқындық функцияларының симметриялық қасиеттері. Бозондар мен фермиондар. Паули принципі.
Ядроның спині мен магниттік моменті. Ядролық магнетон. Ядролардың статикалық мультипольдік моменттері. Ядроның электрлік квадрупольдік моменті.
Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптар мен изобаралар. Ядроның массасы. Ядроның байланыс энергиясы. Ядроның байланыс энергиясы үшін жартылай эмперикалық формула. Сиқырлы сандар. Нуклонның байланыс энергиясы.