Қ. C.Әбдиев 2014 ж. 5B020500 Филология: қазақ филологиясы мамандығы үшін «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



Дата04.08.2017
өлшемі48,48 Kb.
#22782
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2014 ж. «____»____________


5B020500 - Филология: қазақ филологиясы мамандығы үшін

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»

пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Қазіргі тілінің морфологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.





Мазмұны

Тест тапсырмалар саны

1

Сөз – тiл бiлiмiнiң нысаны, Сөздiң грамматикалық мағынасы. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

1

2

Негізгі грамматикалық ұғымдар, оларды анықтау жолдары. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категориялар.

1

3

Түбір морфема мен қосымша морфемалардың айырмашылықтары. Жұрнақтар, олардың құрамы, түрлері. Сөз тудыратын жұрнақтар мен форма тудыратын жұрнақтардың айырмашылықтары. Жалғаулар, түрлері, қызметі.

1

4

Сөздерді топтастырудың принциптері мен проблемалары. Сөз таптары және оларды жіктеу туралы. Сөз таптары, олардың морфологиялық белгілері мен лексика-грамматикалық ерекшеліктері

1

5

Зат есім туралы түсінік. Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты. Зат есімнің морфологиялық белгісі. Зат есімнің синтаксистік қызметі.

1

6

Сын есім туралы түсінік. Сын есімнің семантикалық топтары. Сын есімнің морфологиялық сипаты. Сын есімнің синтаксистік қызметі. Шырай категориясы.

2

7

Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің сөйлемдегі мүшелік қызметі

2

8

Есімдік. Есімдіктің семантикалық топтары. Есімдіктердің синтаксистік қызметі

2

9

Етістіктердің лексика-грамматикалық сипаты. Етістіктің морфологиялық сипаты. Жалаң және күрделі етістіктер. Түбір және туынды етістіктер, олардың лексика-грамматикалық сипаты. Есім негізді етістіктер. Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар

2

10

Етістіктердің грамматикалық категориялары, жасалу жолдары

2

11

Үстеу туралы түсінік. Үстеулердің зерттелуі, тарихы, проблемалары. Үстеудің морфологиялық құрамы. Негізгі үстеулер, оларға тән үш түрлі ерекшелік. Үстеулердің мағыналық топтары, лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Күрделі туынды үстеулер, олардың жасалу жолдары. Үстеу тудыратын жұрнақтар. Көнеленген септік формалар арқылы туған туынды үстеулер. Үстеулердің синтаксистік қызметі.

2

12

Көмекші сөздердің жалпы сипаттамасы. Олардың мағыналық грамматикалық ерекшеліктері. Көмекші сөздердің атаушы сөздерден өзгешелігі. Шылаулар, түрлері. Олардың лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшеліктері.

2

13

Еліктеуіштер мен бейнелеуіштер, олардың зерттелу жайы. Еліктеу сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіштен туынды түбір тудыратын жұрнақтар. Күрделі еліктеу сөздердің қосарлану арқылы жасалу ерекшеліктері.

2

14

Одағайлар туралы жалпы сипаттама. Одағайлардың семантикалық лексика-грамматикалық ерекшеліктері.

Одағайлардың әр түрлі сезімге байланысты ишараттарды білдіріп, көп мағыналы болып келетіндігі. Негізгі және туынды одағайлардың пайда болу жолдары.

Одағайлардың синтаксистік қызметі. Ишарат одағайлары. Оқшау сөздер және одағайлар. Одағайлардың тыныс белгілері, зерттелу жайы


2

15

Модаль сөздер, Модальділік категориясы туралы

2




Барлығы:

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы - университеттің филология факультеттерінде орта мектеп үшін қазақ тілінен мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім, тәжірибелік дағды, іскерлік беретін негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Морфология – қазіргі қазақ тілі ғылыми курсының ең көлемді де күрделі саласы. Морфология ғылымының өзіне тән ерекшеліктерімен, оның зерттеу объектісі мақсат, мәнімен тікелей байланысты.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет