Дәрі-дәрмектің қауіпсіздігі мәселесі әлемде де өзекті болып отыр. Миллиондаған адам дәрілік терапияның ауыр әрі қайта қалпына келмейтін күрделі түрлерімен ауыруға ұшыраған. Тек АҚШ-та ғана дәрі-дәрмектің жағымсыз қосалқы реакцияларының (ЖҚР) дамуы салдарынан жыл сайын 9,2 млн-ға дейін науқас ауруханаға жатқызылып, дәрі-дәрмек пайдаланумен байланысты дәрілік асқынудан 200-250 мың адам қайтыс болады. Сондай-ақ, Францияда ауруханаға жатқызылған науқастардың 10% жуығын жағымсыз қосалқы реакциядан ауырған науқастар құрайды. Дәрілік терапияның асқынуы 1 млн 420 мың адамнан байқалса, оның 33% жағдай – ауыр және 2% жуығы – өлімге алып келген. Жағымсыз қосалқы реакция нәтижесінде қайтыс болу жүрек-қан-тамыр, онкологиялық аурулар мен жарақаттан кейінгі 4-ші орынға шықты. Дипломнан кейінгі клиникалық фармакология кафедрасы төмендегідей білім беру қызметін атқарады: 1. Барлық мамандық дәрігерлерінің біліктілігін клиникалық фармакология және рациональды фармакология бойынша көтеру. 2. Бастапқы дайындық арқылы клиникалық фармаколог дәрігері – жаңа мамандық дәрігерін дайындау. 3. Резидентура арқылы клиникалық фармаколог дәрігерін дайындау. 4. Фармацевт қызметкерлердің (провизор, фармацевт) және орта медициналық қызметкердің (мейірбике және т.б.) біліктілігін көтеру. 5. Фармацевтикалық компания және өндіріс орындары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру 7 айдың ішінде:
№
|
Цикл атауы
|
Өткізу мерзімі
|
Тыңдарман саны
|
Жалпы сома
|
1.
|
Бастапқы қайта даярлық «Клиникалық фармакология» (келісім-шарт) – 4 ай.
|
03.05.-24.08.2012 ж.
|
3
|
678 000 теңге
|
2.
|
Микробқа қарсы терапияның өзекті мәселелері – БК (келісім-шарт) – 108 сағ\2 апта
|
05.09.- 18.09.2012 ж.
|
27
|
856 602 теңге
|
3.
|
Дәрігер практикасында дәрілік терапияның өзекті мәселелері (мем. тапсырыс-
54 сағат\1 апта)
|
29.10.- 03.11.2012 ж.
|
15
|
мемлекеттік тапсырыс
|
4.
|
Дәрігер практикасында дәрілік терапияның өзекті мәселелері (мем. тапсырыс-
54 сағат\1 апта)
|
05.11.- 10.11.2012 ж.
|
15
|
мемлекеттік тапсырыс
|
5.
|
Дәрігер практикасында дәрілік терапияның өзекті мәселелері (келісім-шарт-
108 сағат\2апта)
|
19.11- 01.12.2012 ж.
|
20
|
634 520 теңге
| |
Барлығы:
| |
80
|
2 млн.
168 мың
122 теңге (2 168 122 теңге)
| Оқу үдерісін жүргізуге арналған оқу-әдістемелік құжаттардың толық көлемі – бар. - Оқу үдерісін жүргізуге арналған оқу-әдістемелік құжаттардың толық көлемі – бар.
- Тыңдаушыларды оқытуға арналған клиникалық база бар – заманауи құрал-жабдық пен аспаптармен, дәрілік терапия бойынша «Аудит» электронды бағдарламасымен жабдықталған МК «Сұңқар» көпбейінді стационар және емхана.
- Сабақ өткізуге арналған оқу бөлмелері мен аудиториялары бар.
Құрамында төмендегідей профессорлық-оқытушылық құрамы бар штат жұмыс жасайды: - Құрамында төмендегідей профессорлық-оқытушылық құрамы бар штат жұмыс жасайды:
- 1). Зординова К.А. – м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер-фармаколог дәрігер, ҚР ДСМ Дәрілік құралдарды сараптау фармакологиялық орталығының сарапшысы (мамандық саласы бойынша жұмыс өтілі – 20 жыл, халықаралық сертификаттары бар).
- 2). Абдыкулова А.Б. – м.ғ.к., доцент (мамандық саласы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл, 2011 жылы сапалы клиникалық практика және дәлелдемелі медицина бойынша Израильде білім алған).
- 3). Шнаушта В.В. – б.ғ.к., доцент, ҚР ДСМ Дәрілік құралдарды сараптау фармакологиялық орталығы фармакологиялық және токсикологиялық зертхананың меңгерушісі (клиникалық фармакокинетика, биоэквиваленттілік, дәрілік құралдар сапасы жөніндегі маман).
Достарыңызбен бөлісу: |