ИІС ТИЮДЕН САҚТАНЫҢЫЗ!
Тұншықтырғыш газ улануға жиі себепкер болады.
Қазақша атқанда, бұл құбылысты иіс тию дейді.
Ең басты ерекшелігі, тұншықтырғыш газдын иісі сезілмейді, сондықтан ішіндегі будын ауада айқындалмауы мүмкін, осындай жағдайда арнайы құрал-жабдық керек.
Сондықтан газ кез келген жерде пайда болуы мүмкін, өрттің шығуына кез-келген зат себеп болады. Егер оттегі ошақ жанында жеткіліксіз болса, тұншықтырғыш газдың қалыптасуы әбден мүмкін. Көбінесе қарапайым қозғалтқыш өз жұмысын бастағанда жанар-жағармаймен алмасатын көмірқышқыл газы бөлінуі керек-ті. Бірақ оның орнына тұншықтырғыш газ пайда болады. Бұл жағдай адамдардың жиі улануына әкеліп соқтырады. Тұншықтырғыш газ ойламаған жерден туындайды. Иіс тиюден зардап шеккен адам оның буымен тыныстағанын сезбеуі мүмкін. Газдан иістену қан құрамындағы гемоглобинге әсерін тигізеді. Адам ағзасына оттегі қалыпты мөлшерде жетпейді.
Тұншықтырғыш газдан улану белгілері:
Бас ауруы, естен тану, тұншығу. Егерде осындай жағдайдан зардап шеккен адамды таза ауамен қамтамасыз етпесе, өліп кетуі ғажап емес. Тұншықтырғыш газдан ауырып қалған жан 10-15 күн уақыт өткеннен кейін де жағымсыз әсерді сезінуі мүмкін.
Тұншықтырғыш газдан уланудың негізгі белгілері: буындағы әлсіздік пайда болады; бас айналу; құлақтағы гуіл; жүрек айнуы; лоқсу; ұйқышылдық; кейбір кезде аз уақыттық жоғарғы қозғалғыштық; қимыл әрекетте өзгерістер; сандырақ; елес көру; сіңір тартылуы; өкпе дем алу органдары сал ауруына шалдығудан өліп кетуі немесе комаға ұшырауы мүмкін. Жүрек соғысында әлсіздік байқалатын болады.
Ең кең тарлаған ошақтар – газ және май пештері, ағаш пеші, газ құрылғылары және газды ауаға таратушы қозғалтқыштар. Пештердегі сынақ орындар, тазартылмаған бу өткізгіштері, бітеліп қалған мұржалар тұншықтырғыш газдың тұрғын үйлерге өтіп кетуіне себепші болуы мүмкін. Таза ауаның пешке кедергісіз өте алмауы үйдің ішінде тұншықтырғыш газының жиналып қалуына септігін тигізеді. Үйлердің тар болып салынуы да еркін желдетуді болдырмайтындықтан тұншықтырғыш газбен улану мүмкіндігін арттырады.
Тұншықтырғыш газбен улану кезінде алғашқы көмек көрсету:
Жапа шеккенді таза ауаға шығару, егер ол киіммен болса, жағасының түймесін ашып, тар киімнен босату керек. Маңдайын нашатырь спиртпен сүртіп, оны иіскеуге мүмкіндік беру. Нашатырь спирті жағылған мақтаны мұрынға 1 см-ден алыс жерде ұстап, қозғап тұру. Бұл өте маңызды, себебі нашатырь спирті жағылған мақтаны тым жақын ұстаса, паралич туындауы мүмкін;
Егер жапа шеккен есін біліп тұрса, оны ыңғайлы етіп жатқызып, таза ауа мен тынштықпен қамтамасыз ету (қолда бар нәрсемен желдету керек, желдеткіш немесе кондиционерді қосу). Тағамды сыртқа шығару рефлексін шақырып (құсу), содан кейін шәй немесе кофе, не тұзды су беру (1 литр суға 1 ас қасық сода);
Егер жапа шеккен адам есін білмей тұрса, лезде жабық жүрек массажын жасап, жедел жәрдем келгенше, немесе есін жиғанша жасанды тыныстандыру жасап тұру. Тұншықтырғыш газ тараған орыннан жапа шеккенді сыртқа шығарып, жатқызып, ең алдымен өзіңіз тұншығып қалмау үшін шапшаң қимылдап, беторамал не марля арқылы демалу керек.
Тұншықтырғыш газбен тұншығып қалмау үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:
Электрлік қыздыру құралдарын және пештік жылыту құралдарын қолданған кезде негізгі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау;
Жылу беру мезгілі басталмай жатып үйдегі пешті тексеру және жөндеу. Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес кез келген пеш өртке қарсы талаптарға сай болу керек. Пеш ағаш (жанғыш) керегелерге толық жанасып тұрмау керек. Барлық құбырлармен жылыту каналдары өтетін шатыр қабырғалары әктелуі керек. Пештің алдындағы еденнің бөлігінде 50х70 см металл парақша орнатылуы керек. Үнемі пешті және пеш құбырларын күйеден тазалап тұру керек (екі айда бір реттен кем емес).
Қолданыстағы пештерді қараусыз қалдыру өте қауіпті;
Жылыту аймағынан басқа жақтағы отынмен пешті жылытпау;
Өз қалауыңмен тұрғын үйде өртке қарсы нормаларға сәйкес емес уақытша пештер мен металл пештерді орнатуға тыйым салынады. Көбінесе жүргізушілер жабық гараждарда автокөлікті жөндеу үстінде уланып қалады, қысқы кезде авария болса жүргізушілер істеп тұрған мотормен кабинада ұзақ отырады.
Автокөлікі гаражда жөндегенде міндетті түрде:
Гараждың есігін ашып қою;
Қозғалтқышты мерзімді түрде өшіріп тұру;
Ешқашан түнде гаражда қалмау;
Қозғалтқышы істеп тұрған автокөлікте ұйықтамау;
Пайдаланылған газдар аз болатындай қозғалтқышты реттеп алу;
Ішімдік ішкен күйде автокөлікті жөндемеу.
АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ТЖБ !!!
Достарыңызбен бөлісу: |