Сыртқы тыныс патофизиологиясы



бет1/4
Дата19.04.2023
өлшемі1,73 Mb.
#174963
  1   2   3   4
Байланысты:
тыныс ж. патоф. Наташа

Сыртқы тыныс патофизиологиясы

Жоспар

  • Сыртқы тыныс дегеніміз не?
  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері
  • Тыныс алу жолдарының бұзылыстары
  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенездік жолдары
  • Қорытынды. Дерттік тыныстар.

Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап, көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады.
Өкпеде негізінен үш түрлі үрдіс өтеді:
Олардағы ауадан қылтамырлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта қаннан шығарылатын ауаға жайылып тарауы (газдардың диффузиясы)
Атмосфералық ауа мен өкпе уяшықтарындағы ауаның алмасуы (өкпенің желдетілуі немесе вентиляциясы)
Өкпе қылтамырлары арқылы қанның айналымы (өкпе перфузиясы)
  • Сыртқы тыныс дегеніміз не?

Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериялық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады
2. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері
  • Тыныс алу реттелуінің бұзылыстары;
  • Мидағы тыныс орталығының (тыныштандыратын дәрілік заттар, есірткілердің әсерінен) тежелуі.
  • Тыныс орталығының құрылымдық (ми жарақаты, ми өспесі) өзгерістері.
  • Тыныс орталығына бағытталатын серпіндер түсуінің бұзылыстары.

Тыныс алу бұлшықеттеріне жүйкелік серпіндер тарауының бұзылыстарынан немесе тыныстық бұлшықеттердің өздерінің бүліністерінен:
  • Жұлынның қимылдық нейрондарының бұзылыстары (полимиелит).
  • Шеткі түйіспелерінің бүліністері (миастения).
  • Тыныс бұлшықеттерінің қабынуы (миозит).

Кеуде қуысы қозғалыстарының бұзылыстары:
  • кифоскалиоз;
  • торакопластика;
  • пневмоторакс;
  • гидроторакс;
  • гемоторакс:
  • іш шемені;
  • іш кебу;
  • гепатомегалия.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет