Пневмоторакс- медиастинальды, висцеральды және париетальды плевраның бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде плевральды қуысқа ауаның жиналуы.
Спонтанды пневмоторакс - плевральды қуысқа ауаның жиналуы өкпе жарақатымен, өкпе тінінің инфекциялық зақымдалуымен және дәрігерлік іс-әрекеттермен байланыссыз жүретін синдром. Спонтанды пневмоторакстың себебі 85-90% жағдайда, өкпе эмфиземасы,с оның ішінде буллезды эмфизема.
СЕБЕПТЕРІ
Біріншілікті спонтанды пневмоторакс - клиникалық белгілерсіз жүретін өкпенің фонды патологияларында дамиды.
Екіншілікті спонтанды пневмоторакс- өкпе ауруларының нәтижесінде дамиды, жиі - өкпеден тыс патология нәтижесінде дамиды.
Жарақаттан кейінгі пневмоторакс - кеуде қуысының жарақаттарынан кейін (пышақ,оқ жарақаттары) дамиды.
Ятрогенді пневмоторакстың жиі себептері: плевральды пункция, пункция және бұғана асты венаның катетеризациясы, биопсия түрлері (трансторакальды,бронхиальды).