Өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды



Дата11.05.2022
өлшемі22,83 Kb.
#141973
Байланысты:
аделя


Егде жас және қарт науқастардағы тыныс алу мүшелері ауруларының клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне байланысты.
өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды.
альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға төмендейді.
өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, «сынғыш» колод) өкпе тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу қиындайды.
мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы газ алмасуды қиындатады.
альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды.
кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару механизмі бұзылады.
жөтел рефлексі төмендейді.
кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың қозғал-ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін шектейді.
тыныс алу орталығының көмір қышқыл газына және гипоксияға сезімталдылығы күшейеді.

  • Егде жас және қарт науқастарды оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу керек. Қарт жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже беру мүмкін – басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн – Стокс тынысы. Одан басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу салдарынан коматозды жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқаттанған науқастарды бақылау кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі науқас үшін өте қауіпті екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде жедел жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериатриялық жастағы науқастар үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді. Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.

  • Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтынқимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет. Сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.

  • Алқыну - адамда ауа жетпеу сезімімен қабаттасатын, тыныс алу қозғалыстарының тереңдігі мен жиілігінің, дем алу мен дем шығару уақытының, тыныс алу ырғағының өзгеруімен сипатталады. Ол үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Алқыну түрлеріне терең және жиі тыныс (гипрепноз), терең және сире тыныс (брадипноз), үстіртін жиі тыныс (полипноз немес тахипноз), инспирациялық және экспирациялық алқынулар жатады.

    • Экспирациялық алқынуда дем шығару ұзақтығы дем алу ұзақтығынан ұзақ болады. Өкпе көпіршіктерінің жиырғыштылығы мен серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасында), тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылғанда (асфиксияның 2- сатысында), ұсақ бронхылардың тарылуы және бітелуінде (бронхы демікпесі) байқалады

    • Инспирациялық алқынуда дем алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығынан артық болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет