Судың кермектілігін және тотықыштығын анықтау. Қаралатын сұрақтар:
1. Судың кермектігінің санитарлық-гигиеналық маңызы
2. Кермектілікті анықтау тәсілдері.
3.Ауыз судың тотықкыштығын анықтау.
1. Судың кермектігінің санитарлық-гигиеналық маңызы Судың кермектілігі кейбір кездерде оның органикалық заттармен ластанғанының көрсеткіші болады. Өйткені олар ыдырап, көмірқышқылының түзілуінен топырақтан кальций және магний тұздарын қосып-ап қос көмірқышкылы түындыларын тузеді де судың кермектілігін ұлғайтады.Судағы әртүрлі процесстерінің салдарынан күрделі өзгерістерге ұшырайды. Судағы әртүрлі тұздардың салдарынан оның дәм сапасы төмендейді, ас қорыту жүйелеріне зиянды әсерін тигізеді.
Кермектіліктің үш түрі болады: тұрақты немесе жойылғыш (карбонатты) және жалпы.
Кермектіліктің өлшемі миллиграмм эквивалент және градус. 1 градус кермектілік 1 л судағы 10мг кальций тотығына тең, ал 1 мг/экв. 28 мг кальций тотығы немесе 2,8 градусқа пара-пар. Кермектілігі бойынша ауыз су - орташа кермекті, қанағатты кермекті және өте кермекті болып бөлінеді. Кермектіліктің сипаттамасы қосымша 13-кестеде көрсетілген (кітаптан қарау).