Сорттың сипаттамасы: Cleafield жүйесіндегі сорт. Жапырағы орташа көлемді, жүрек тәрізді, жасыл, көпіршігі жоқ, ара тісті жиектері әлсіз, колденең қимасының пішіні жазық немесе дөңес, жанама қанаттәрізді сегменттері бар, жанама тамыр арасындағы бұрыш тік болып келеді. Гүлдеу уақыты орташа. Гүл тілшігінің түсі сары. Тұқымы орташа, жіңішке жұмыртқа пішінді, орташа қалыңдықта.
Өнімділігі: Орташа өнімділік 30,4мц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 114,0 г., бір кәрзеңкедегі тұқым саны 112,0 г, өсімдік биіктігі 140,0 см. Құрамында майдың орташа үлесі 38,4%, қауыз үлесі 33,4%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: орташа пісетін сорт
Ұсыныстар: (ІІ-қара-қоңыр топырақты аймақ)(Шортанды МСУ).
Дақыл: Күнбағыс
Сорт: ЛГ5542 КЛ
Оригинатор: «Лимагрейн Еуропа» АҚ, Франция
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан.
Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Cleafield жүйесіндегі сорт. Жапырағы орташа көлемді, ашық жасыл, көпіршігі жоқ, ара тісті жиектері орташа, көлденең қимасының пішіні жазық немесе дөңес, жанама қанаттәрізді сегменттері бар, жанама тамыр арасындағы бұрыш тік болып келеді. Гүлдеу уақыты орташа кеш. Гүл тілшігінің түсі сары. Себеті орташа, піскен кезде жартылай төмен төңкерілген, тік сабақты. Тұқымы орташа, жалпақ жұмыртқа пішінді, орташа қалыңдықта.
Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 26,0 ц/га, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 29,4 ц/га, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 23,7 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 73,6 г., бір себеттегі тұқым саны 65,4 г, өсімдік биіктігі 158 см. Құрамында майдың орташа үлесі 36,9%, қауыз үлесі 33,1%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: ерте пісетін сорт
Ұсыныстар: ІІ-қара-қоңыр топырақты аймақ (МСБ Шортанды), ІІ-тау бөктеріндегі далалық аймақ (Шемонаихин МСУ), ІІ-оңтүстіктік орманды-далалық (Есіл МСУжәне Қазан МСУ).
Дақыл: Күнбағыс
Сорт: НК Фортими
Оригинатор: Сингента Сидс С.А., Франция
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Шығыс Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Кәдімгі сорт. Тамыр жүйесі дамыған, өзекті. Гипокотильдің антоцианды пигментінің қарқындылығы орташа. Жапырақтың көлемі орташа, жапырақтың көлденең қимасының пішіні аздап ойыс. Сабағының ұшы орташа шашыраңқы. Жапырағының көлемі үлкен емес. Көлденең қимасы жазық болып келеді. Себеті орташа пішінді, төмен қараған сәл иілген сабағы бар. Тұқымдарының пішіні орташа көлемді, сопақша келген.
Өнімділігі: Орташа өнімділік 33,6 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 64,9 г., өсімдік биіктігі 136,0 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 38,4%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 4 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: орташа пісетін сорт
Ұсыныстар: І-таулы-орманды далалық аймақ (Зырян МСУ).
Дақыл: Күнбағыс
Сорт:Параизо 102 КЛ
Оригинатор: SAATEN- UNION (ЗААТЕН- УНИОН), Румыния
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Алматы, Солтүстік Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін
Сорттың сипаттамасы: Cleafield жүйесіндегі сорт. Жапырағы ірі, күңгірт жасыл, көпіршігі әлсіз көрінеді, ара тісті жиектері ірі, көлденең қимасының пішіні дөңес, жанама тамыр арасындағы бұрыш тік болып келеді. Гүлдеу уақыты кеш. Гүл тілшігінің түсі ашық сары. Себеті орташа, піскен кезде жартылай төмен төңкерілген. Тұқымы орташа, жіңішке жұмыртқа пішінді.
Өнімділігі: Алматы облысы бойынша орташа өнімділік 31,3 ц/га, ал Солтүстік Қазақстан бойынша 30,8 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 42,3 г., 1 себеттегі тұқымның массасы 50,0 г, өсімдік биіктігі 168 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 45,3%, қауыз үлесі 27,3%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: ерте пісетін сорт
Ұсыныстар: ІІІ-суармалы аймақ (Еңбекшіқазақ МСУ), ІІ-оңтүстіктік орманды далалық (Есіл МСУ).
Дақыл: Күнбағыс
Сорт: П63ЛЕ10
Оригинатор: «Пионер» фирмасы, АҚШ
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Шығыс Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Жапырағы ірі, түсі ашық жасыл, көпіршігі орташа көрінеді, ара тісті жиектері ірі, көлденең қимасының пішіні дөңес. Гүлдеу уақыты орташа. Гүл тілшігінің түсі сары. Себеті дөңгелек пішінді, орташа көлемді, піскен кезде тік орналасады. Тұқымының көлемі орташа, сопақша-ұзын пішінді.
Өнімділігі: Орташа өнімділік 31,2 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 59,2 г. Құрамындағы майдың орташа үлесі 42,5%, қауыз үлесі 24,3%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: орташа ерте пісетін сорт
Ұсыныстар: І-таулы-орманды далалық аймақ (Зырян МСУ).
Дақыл: Күнбағыс
Сорт: П64ЛЕ11
Оригинатор: «Пионер» фирмасы, АҚШ
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Қостанай
Сорттың сипаттамасы: Cleafield жүйесіндегі сорт. Жапырағы орташа көлемді, жүрек тәрізді, түсі жасыл, көпіршігі жоқ, ара тісті жиектері орташа, көлденең қимасының пішіні жазық немесе дөңес, жанама қанаттәрізді сегменттері бар, жанама тамыр арасындағы бұрыш тік болып келеді. Гүлдеу уақыты орташа. Гүл тілшігінің түсі сары. Тұқымы орташа, жіңішке жұмыртқа пішінді, орташа қалыңдықта.
Өнімділігі: Орташа өнімділік 30,4 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 114,0 г, өсімдіктің биіктігі 140 см, құрамындағы майдың орташа үлесі 38,4%, қауыз үлесі 33,4%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: орташа ерте пісетін сорт
Ұсыныстар: Кәдімгі қара топырақ І-орманды далалық аймақ (бірыңғай құрғақ, далалы және ішінара орманды далалық) (Қазақстан М|СС).
Оригинатор: «Қостанай ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Қостанай
Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Жапырағы жүрек тәрізді, түсі жасыл. Гүл тілшігінің түсі ашық сары. Себеті дөңгелек пішінді, орташа көлемді, піскен кезде жартылай төмен төңкерілген. Тұқымдарының көлемі орташа, пішіні сопақша-ұзын.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 22,8 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 62,4 г., 1 себеттегі тұқымның массасы 58,3 г, өсімдік биіктігі 128 см, құрамындағы майдың орташа үлесі 45,0%, қауыз үлесі 26,0%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: Азықтық мақсатта (өсімдік майы).
Ерекшеліктері: орташа ерте пісетін сорт
Ұсыныстар: Кәдімгі қара топырақ І-орманды далалық аймақ (бірыңғай құрғақ, далалық және ішінара орманды далалық) (Қазақстан МСС).
Дақыл: Майбұршақ
Сорт:Кубань
Сорттың авторлары: Летурно Але, Летурно Андре, Хем М., Тимченко В.Н., Пилипченко А.В., Сонец В.А.
Оригинатор: «Майбұршақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШҚ, Украина 30%, Semence Prograin Inc компаниясы, 70%.
Өтініш беруші: Қазақ майбұршақ және жүгері ғылыми-зерттеу институты
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Алматы
Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Өсімдік тік тұратын, негізгі сабақ түсі қызғыш-қоңыр. Жапырақтың копіршіктенуі әлсіз, жанама жапыракшасының пішіні жұмыртқа тәрізді, көлемі орташа. Гүлі күлгін түсті, бұршаққабы орташа келген. Тұқымдарының көлемі орташа, шар тәрізді. Дән қабығының негізгі түсі сары.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 23,8 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 174,0 г, өсімдік биіктігі 66,5 см. Төменгі бұршаққаптардың бекітілу биіктігі 9 см құрайды. Бір өсімдіктегі бұршаққап саны 19 дана. Ақуыздың орташа мөлшері 40,3%, майдың мөлшері 20,5%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азықтық бағытта
Ерекшеліктері: ерте пісетін сорт, механикалық жинап алуға жарамды келеді.
Ұсыныстар: (ІІ-тау бөктері (жартылай қамтылған тәлімі жерлер) (Сарқанд МСУ), (ІІІ-суармалы Жоңғар Алатауы) (Талдықорған кешенді МСУ).
Дақыл: Жаздық рапс
Сорт:Майқұдық
Оригинатор: «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан.
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін
Сорттың сипаттамасы: Жапырағы күңгірт жасыл түсті, жоғарғы жағында аздап балауыз жұғыны бар. Гүлдеу алдында жас жапырақтарында антоциан пигменттері жоқ. Сабақтың жоғарғы жағы қатты түсіп кеткен, бұтақтануы орташа 1-2-ге тең. Тұқымның түсі қара, қара-қоңыр. Тұқымы дөңгелек пішінді. Дән жарнағының ұзындығы орташа.
Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 17,7 ц/га, Қостанай облысы бойынша 19,1 ц/га, ал Солтүстік Қазақстан бойынша 21,0 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 4,2 г. Өсімдіктің биіктігі 99,7 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 40,5%, ақуыз 21,6% құрайды.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі 4 балл, жатып қалуға мен шашылуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азыктық бағытта
Ерекшеліктері: Түптерінің жақсы қалыптасуымен, бұршаққабының мол болуымен, уақытында пісіп жетілуімен және жарылуға төзімділігімен ерекшеленеді.
Ұсыныстар: Оңтүстіктік қара топырақтағы ІІ-далалық аймақ (құрғақ далалық)( Қостанай кешенді МСУ), кәдімгі және оңтүстік қара топырақтағы IV-шоқылы таулы аймағы (Щучинск МСУ), V-суармалы шөл-далалық аймағы (Күршім МСУ), ІІ-оңтүстік орманды далалық (Есіл және Қазан МСУ).
Дақыл: Жаздық рапс
Сорт: Макро
Оригинатор: Норд Дойче Пфланценцухт, Германия
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Қостанай
Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Жапырағы жасыл түсті, антоциан пигменттері жоқ, балауыз жұғыны орташа. Тұқымның түсі қара-қоңыр. Пішіні дөңгелек. Дән жарнағы ұзын, ені орташа келген.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 28,9 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 5 г. Өсімдіктің биіктігі 121 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 42,1%, ақуыз 24,8% құрайды.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі 4 балл, жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азыктық бағытта
Ерекшеліктері: Жатып қалуға және бұршаққындардың жарылуына төзімді.
Ұсыныстар: ІІ-оңтүстік қара топырақты аймақ (құрғақ далалық)( Қостанай кешенді МСУ).
Дақыл: Жаздық рапс
Сорт: Миракел
Оригинатор: Норд Дойче Пфланценцухт, Германия
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Солтүстік Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Жапырағы жасыл түсті, сопақша келген, антоциан пигменттері жоқ. Сабақтың жоғарғы бөлігі орташа түсіп кеткен. Тұқымның түсі қара және қара-қоңыр. Пішіні дөңгелек. Дән жарнағының ұзындығы орташа.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 21,7 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 4,4 г. Өсімдіктің биіктігі 120 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 44,4%, ақуыз 20,9% құрайды.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі 4 балл, жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азыктық бағытта
Ерекшеліктері: Жатып қалуға және бұршаққындардың жарылуына төзімді.
Ұсыныстар: ІІ-оңтүстік орманды-далалық аймақ (Есіл МСУ).
Дақыл: Жаздық рапс
Сорт: Смилла
Оригинатор: Норд Дойче Пфланценцухт, Германия
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Қостанай
Пісіп жетілу мерзімі: өте ерте пісетін
Сорттың сипаттамасы: Қоснөлді-00 тип, глюкозинолаты аз мөлшерде. Жапырағы жасыл түсті, сопақша келген, антоциан пигменттері жоқ. Сабақтың жоғарғы жағы орташа түсіп кеткен. Тұқымның түсі қара-қоңыр. Пішіні дөңгелек. Дән жарнағы ұзынша келген.
Өнімділігі: Орташа өнімділігі 23,6 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 5 г. Өсімдіктің биіктігі 86 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 35,5%, ақуыз 28,1% құрайды.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі 4 балл, жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азыктық бағытта
Ерекшеліктері: Жатып қалуға және бұршаққындардың жарылуына төзімді.
Ұсыныстар: Оңтүстік қара топырақта ІІ-далалық аймақ (құрғақ дала)( Қостанай кешенді МСУ).
Дақыл: Жаздық рапс
Сорт:RG40301
Сорттың авторы: Детеринг Ю.
Оригинатор: Байер Кроп Сайенс, Германия
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін
Сорттың сипаттамасы: Қоснөлді-00 тип, глюкозинолаты аз мөлшерде. Жапырағы қою жасыл түсті, сопақша келген, антоциан пигменті әлсіз корінеді, гүлінің түсі жасыл, бұршақынның ұзындығы орташа. Тұқымның пішіні дөңгелек келген, түсі қара-қоңыр.
Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 18,6 ц/га, Қостанай облысы бойынша 26,0 ц/га, ал Солтүстік Қазақстан бойынша 23,7 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 3,7 г. Өсімдіктің биіктігі 104 см. Құрамындағы майдың орташа үлесі 45,2%, ақуыз 23,0% құрайды.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Зиянкестер мен ауруларға төзімділігі 4 балл, жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азыктық бағытта
Ерекшеліктері: Жатып қалуға және бұршаққындардың жарылуына төзімді.
Ұсыныстар: ІІ-қара-қоңыр топырақ (Шортанды МСУ), оңтүстік қара топырақтағы ІІ-далалық (құрғақ дала) (Қостанай кешенді МСУ), ІІ-оңтүстік орманды-далалық (Есіл және Қазан МСУ).
Дақыл: Майлы зығыр
Сорт: Либра
Оригинатор: Лимагрейн Еуропа, Франция
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015 жыл
Ұсынылған облыс: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін
Сорттың сипаттамасы: Өсімдіктің және сабақтың бойы орташа, күлтелері ашылған кезде көкшіл-күлгін, ал толық ашылған кезде ашық көк түсті. Аналығының түсі ақ. Тозаңы көкшіл түсті. Қауашағының көлемі орташа келген, жалған шашақты. Тұқымы қоңыр түсті.
Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 5,2 ц/га, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 17,9 ц/га, Қостанай облысы бойынша 6,8 ц/га, ал Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 13,0 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Өсімдіктің биіктігі 52 см, 1000 тұқымның массасы 6,1 г, құрамындағы майдың орташа үлесі 44,5%, ақуыз 22,8% құрайды.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Зиянкестер мен ауруларға және жатып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: азыктық бағытта
Ерекшеліктері: Сорт жатып қалмайды.
Ұсыныстар: ІІІ- (қоңыр және ашық қоңыр топырақ) құрғақ далалық аймақта, ( Егіндікөл МСУ), IV- (кәдімгі және оңтүстік қара топырақта шоқылы таулы аймақ) (Щучинск МСУ), І-таулы-орманды далалық аймақта (МСБ Зыряновск), кәдімгі қара топырақтағы І-орманды-далалық аймақта (біріңғай құрғақ, далалық және ішінара орманды-далалық) (Зырян МСУ), кәдімгі қара топырақтағы І-орманды-далалық аймақта (біріңғай құрғақ, далалық және ішінара орманды-далалық) (Федоров МСУ), IV-шоқылы-таулы (Арықбалық МСУ), ІІ-оңтүстік орманды далалық (Есіл МСУ), ІІІ-далалық аймақ (Рузаев).