7а сынып Қазақ тілі Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Синтаксис... бөлімдерін қайталау. Сабақтың мақсаты: А) білімділігі:Оқушыларды сабаққа қатыстыра отырып, тіл біліміне
деген танымдық қабілеттерін арттыру
Ә) дамытушылығы: Өткен тақырыптарды қайталата отырып,
оқушылардың ой-өрісін кеңейту, берілген
тапсырмаларды шапшаң орындату.
Б) тәрбиелілігі: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өз тілін сүйе
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қайталау сабағы
Әдісі: Сұрақ-жауап, топ жарысы
Сабақтың көрнекілігі:Сызбалар, тақта, бор
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Сұрақ-жауап (ауызша) ІІІ. Сызба «Морфология» ІҮ. Сызба «Синтаксис» Ү. Тест ҮІ. «Мақал құрастыр» (аударма жұмысы) ҮІІ. Сұрақ-жауап (капитандар сайысы) ҮІІІ. «Домино» ойыны.Ақындардың өлеңдерін құрастыру ІХ. Талдаудың түрлері ( синтаксис, морфология, фонетика) Х. Бекіту, бағалау ХІ. Үйге тапсырма І. Ұйымдастыру бөлімі - Саламатсыздар ма, балалар.
- Отырыңыздар.
- Бүгін ақпан айының нешесі?
- Бүгін ақпан айының жиырмасы.
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін аптаның жұма күні.
-Сыныпта кезекші кім?
- Сыныпта кім жоқ?