Сабақ Тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Сыныбы: 7 «А»



Дата05.02.2022
өлшемі38,63 Kb.
#25581
түріСабақ

«Атамекен орта мектебі» ММ
Ашық сабақ


Тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері
Сыныбы: 7 «А»
Пән мұғалімі: Абытова А


2016 – 2017 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: сөздердің байланысу тәсілдері бойынша білімдерін нығайтып, мағынасын ашу, өздігінен талдау арқылы қорытынды шығарту, сауатты әрі көркем жазуға, сөйлем арасынан сөз тіркестерін ажырату,сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерінің түрлерін бір – бірінен ажырату,білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру.
Сілтеме: 7- сыныптың қазақ тілі,С.Исаев, Г.Қосымова «Қазақ тілі». «Қазақ тілі» дидактикалық материалдар. 7- сынып.
Күтілетін нәтиже: оқушылар сөз тіркесін, оның байланысу тәсілдерінің түрлерін біледі,топпен, жұппен жұмыс жасап үйренеді, сөз тіркестерін сөйлем ішінен тауып, байланысу тәсілдерін ажырата алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта қоданылған әдіс – тәсілдер:жұптық, топтық жұмыс,СТО,АКТ.
Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Уақыт

Ұйымдас-
тыру

Амандасу
Психологиялық ахуал тудырып, сабақты бастау

Оқушылар орындарынан тұрады.Оқушылар кеспе қағазда жазылған сөз тіркестері арқылы топқа бөлінеді.Өз есімдерінен басталатын сөздер айтып,жылы лебіз білдіреді.

3

Үй тапсырма сын тексеру.

Үй жұмысын сұрайды.
206- 207 -208 - жаттығулар

Оқушылар орындап келген жұмыстарын оқиды.

5

Өткен сабақты пысықтау

Сұрақтар қойылады.

Түймедақ жапырақшаларындағы сұрақтарға жауап береді.

3

Түсіну

Жаңа сабақ түсіндіріледі.
Сөздердің байланысу тәсілдері туралы түсінік беріледі.

Интербелсенді тақтадан слайд арқылы мысалдар келтіреді.Түсінеді.Айырмашылығын біледі. Ой қорытады.

10

Қолдану

219–жаттығу.Оқып шығып,сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен грамматикалық байланысына қарай бөлек –бөлек көшіріп жазыңдар.

1 – топ: 4 сөйлем
2– топ: 4 сөйлем
3– топ: 4 сөйлем
4– топ: 3 сөйлем

8

Талдау

220 – жаттығу. Мақал – мәтелдегі сөздердің байланысу түрлерін анықтаңдар. Өздерің қандай мақал – мәтел білесіңдер?

Сыныптағы он жұп жаттығудағы мақалды бір – бірден талдайды. Өздері мақал - мәтел айтады.

7

Жинақтау

Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып бірінші шеңберге орналастырылады.
Негізгі сөздер екінші шеңберге ауыстырылуы тиіс.








3

Рефлексия

«Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар»

  • Не себепті қиын болды?

  • Сабақта нені білдім,қандай жаңа нәрсе үйрендім?

  • Сабақта сіздердің болжамдарыңыз орындалды ма?

  • Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?

  • Сабақ сіздерге қандай ой тастады?




Сұрақтарға жауап беріп,өз білім деңгейлерін анықтайды.

3

Бағалау

Көрші топтағы оқушыға бір сөз таңда:

  • Сен жарайсың.

  • Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.

  • Сенің мүмкіндігің оданда зор.




Оқушылар бірін – бірі бағалайды

3

Үйге тапсырма

223–жаттығу, ережені жаттау.

Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет