Қоршаған ортаның экологиялық факторлары және олардың тірі ағзаға әсерінің заңдылықтары Мақсаты: Қоршаған ортаның экологиялық факторлары және олардың тірі
ағзаға әсерінің заңдылықтары
Тапсырмалар Координаттық нүктеде қандай фактор шектеуші болып тұрғанын анықтаңыз:
а) ылғылдылық – 20%, температура – 25ºС,
ә) ылғылдылық – 80%, температура – 20ºС,
б) ылғылдылық – 80%, температура – 40ºС,
Түр үшін температура мен ылғалдылықтың оптималды диапазонын анықтаңдар
Түр үшін температура мен ылғалдылықтың төзімділік шектерін анықтаңыздар
Суретті пайдалана отырып, қай аймақта алма күйесінің көбейіп кету қауіпі жоғары екенін ойланып жазыңыз: орташа жаздық температурасы 20-25ºС және салыстырмалы ылғалдылығы 70-90% немесе орташа жаздық температурасы 30-35ºС және салыстырмалы ылғалдылығы 30-40%
Ылғалдылық пен температураға тәуелді алма күйесі қуыршағының
өлім тәуелділігі графигі
Суретті пайдалана отырып, ылғалдылық пен температураға тәуелді алма күйесі қуыршағының өлім тәуелділігінің екі графигін сызыңыз, салыстырмалы ылғалдылығы 80-30%. Неге бұл графиктердің бір бірінен ерекшеленетінін түсіндіру қажет.
Бақылау сұрақтары:
Экологиялық факторлар деген нге?
Комменсализм, аменсализм, бәсекелестік, симбиоз, паразитизм, нейтрализм ге анықтама беріңіз.
Оптимум, пессимум, және төзімділік заңдарына сипаттама.
Күн сәулесі, экологиялық фактор ретінде және табиғи ресурс ретінде қызмет етеді. Осыған байланысты экологиялық фактор мен табиғи ресурс арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.