Математика негіздері
№14 практикалық сабақ
Практикалық сабақ тақырыбы: Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың аудандары.
Практикалық сабақ мазмұны: Тік төртбұрыштың, ұшбұрыштың, параллелограмм және трапецияның, дөңгелектің ауданын табуға берілген есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың, ұшбұрыштың, параллелограмм және трапецияның ауданының формуласын пайдаланып есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
|
Оқытушының іс-әрекеттері
|
Студенттердің іс-әрекеттері
|
Уақыты
|
Сабақ барысы
|
50 мин
|
1
|
Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
Топ ұстанымын құрғызып, студенттерді жауапкершілікке шақыру.
|
Көңіл-күйлері көтеріліп,сергиді.
4 топқа бөлінеді.
Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, тұстарына іледі.
|
3 мин
|
2
|
Ой қозғау.
Әр топқа оздерине тиесілі геометриялық фигура туралы қысқаша тусінік беру тапсырылады.
Әр топқа Эйлер-Венн диаграммасы бойынша геометриялық фигураларды салыстыру тапсырылады.
Әр студентке өз деңгейіне сәйкес жеке тапсырма беріледі. Кейін өз есептерімен бірдей есебі бар студентпен жұптасып, есептің шығарылу жолы мен әдістерін талдау тапсырылады.
Косымша 1-есептер
Әр топка тапсырма беріледі:
1-топ: 13; 14; 15 шамалары бойынша үшбұрыштың үлкен биіктігін табыңдар.
Жауабы:
2-топ: 25; 36; 29 шамалары бойынша үшбұрыштың кіші биіктігін табыңдар.
Жауабы: 20
3-топ: АВСД параллелограмм
а=15см, ha=6см, hb=10см.
b = ?
Жауабы: 9см
4-топ: Тең бүйірлі трапецияның табандары 5,1дм және 6,9дм, бүйір қабырғасы 41см. Ауданын табыңдар.
Жауабы: 2400см2
|
Студенттер тіктөртбұрыштың, ұшбұрыштың, параллелограмм және трапецияның қасиеттері мен аудандары туралы қысқаша түсінік береді.
Жауапты басқа топтар бас бармақ арқылы бағалайды.
Ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады. Ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік туады.
Студенттер тапсырманы топ болып орындайды.
Студенттер өздері есепті шығарады. Студенттер басқа топтағы бірдей есептері барлармен жұптасып шығарылу жолы мен әдістерін талдайды.
Топтаса отырып есептер шығарады. Есептің шығарылу жолдарын ақылдасады, бір шешімге келеді.
Тақтада шығарылып көрсетіледі.
|
4 мин
8 минут
12минут
13 мин
|
3
|
Рефлексия.
Тест тапсырмалары беріледі:
Бағалау
9-10 дұрыс жауап - «5»
7-8 дұрыс жауап – «4»
7-ге дейін–«3»
"Менің көңіл-күйім" баспалдағы
|
Студенттер тест тапсырмаларын орындап, бағалау критерийлері бойынша өздерін бағалайды.
Студенттер стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар "Керемет", "Өзіме сенімдімін", "Жақсы", "Жаман емес", "Маған көмек керек!", "Білмеймін", "Нашар" деп аталады.
|
8 минут
2 минут
|
Достарыңызбен бөлісу: |