ХЛОРЛАНҒАН СУДАҒЫ ХЛОРДЫҢ ҚАЛДЫҒЫН АНЫҚТАУ
Суда хлордың қалдығының мөлшерін анықтау үшін 200 мл хлорланған суды (хлор қажеттілігін анықтаған суды да алуға болады) алып, оған 2 мл 5 процентті иодты калийдің, 2 мл 25 процентті күкірт қышқылының, немесе 50 процентті тұз қышқылының және 1мл 1 процентті крахмалдың ертіндісін қосып араластырады. Одан көк түске боялған суды түссізденгенше 0,01 н гипосульфаттың ертіндісімен титрлеп, оның шығындалған мөлшері бойынша ондағы қалдық хлорды анықтайды.
Мысалы: 200 мл хлорланған суды титрлеуге 1,5 мл 0,01 н гипосульфат ертіндісі кетті десек, ал 1 л-ге 7,5 мл (1,5х 5) керек. Яғни 1 л судағы қалдығы - 2,66 мг/л (7,5 х 0,355 мг). Хлорланған суда оның қалыпты заразсыздануын қамтамасыз етіп, судың дәмін нашарлатпай, адам және мал организміне зиянсыз болып есептелетін мөлшері 0,3 - 0,5 мг/л.
Суды қайта хлорлау, әсіресе артық хлорлау (супер хлорлау) кезінде ондағы қалдық хлор қалыптан көп болып кетсе оны жояды, яғни де хлорлайды. Оны көбінесе құрғак, гипосульфитпен жасайды. Жоғарыдағы мысалда хлорланған (200 мл) суда қалдық хлор өте көп (2,66 мг/л) оны қалыпты мөлшеріне 0,5 мг/л артық болмайтындай етіп дехлорлау қажет. Оған керек гипосульфаттың мөлшерін мына формуламен есептейді:
X = (Ах5х0,355)-0,5/0,355х2,48мг/л
мундағы:
X - дехлорлауға керек гипосульфаттың мөлшері, мг/л.
А - хлор қалдығын анықтауда 200 мл суға титрлеу кезінде кеткен гипосульфаттың 0,01 н ертіндісінің мөлшері, мл.
5 - алынған судың мөлшерін (200 мл) литрге айналдыру,
0,355 - 1 мл 0,01 н гипосульфаттың ертіндісінің активті хлорға пара-пар (эквивалентті) мөлшері, мг.
0,5 - хлорланған суда қалдыруға рұқсат етілетін хлордың мөлшері, мг/л.
2,48 - 1 мл 0,01н гипосульфат ертіндісіндегі құрғақ гипосульфиттің мөлшері, мг.
Қалдық хлорды анықтағандағы мысалды пайдаланып дехлорлауға керек гипосульфиттің мөлшерін есептейміз.
X = (1,5-5 -0,355)х 0,5/0,355х 2,48 = 15,19 мг/л, ал
100 л суды дехлорлау үшін 1,52 гр (15,19 х 100) гипосульфит керек.
Достарыңызбен бөлісу: |