2. Ауыз суды заразсыздандыру тәсілдері 1. Ауыз суды зарасыздандырудың тәсілдері. 2. Суды зарасыздандыруға хлорлы әкіні пайдалану.
3. Хлорлы әкінің активтігін (күшін) анықтау. 4. Судың хлор қажеттілігі неге байланысты және оны қалай анықтайды. 5. Хлорланған судағы қалдық хлорды анықтау. Тазалау тәсілдерінің (тұндыру, коагуляциялау, сүзу) көмегімен судың тек механикалық қоспаларынан ажыратып қоймай, 90-95 процентке ондағы гельминтер мен (құрттар) бактериялардан тазартса да, ауыз суды заразсыздандыру, әсіресе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен ластанған (ластану) қаупі төнген кезде, міндетті болып есептеледі. Онымен қоса мал шарушылығында, малдардың нәжістерімен жиі ластану қаупі бар жағдайларда, ең кем дегенде жыл ішінде 1-2 рет жоспарлы заразсыздандырған дұрыс болады.
Ауыз суды заразсыздандырудың көптеген тәсілдері бар. Оның ішінде реагентсіз яғни химиялық қоспа затсыз заразсыздандыруға, 5-10 мин. қайнатып, аз ғана су мөлшерін (ауру малдар, жас төлдер үшін) микрорганизмдерден ажыратуға болады. Сол сияқты таза, мөлдір суларды ультракүлгін сәулесінің бактерицидтік аймағын шығаратын құралдармен (шамдармен) сәулелендіріп заразсыздандыруға болады.
Көптеген суды зарасыздандыру тәсілдерінің ішінде қолайлысы реагентті (химиялық заттармен) түрі болып есептеледі. Оның ішінде озондау, күмістеу және иодтау тәсілді суды заразсыздандырудың белгілі бір нәтижелілері боып есептеледі. Ал хлорлау тәсілі ең арзан, қолайлы және зарар сыздандыру күші жоғары әдістің бірі болып келеді. Суды хлорлау үшін сұйық және газды хлорды, гипохлоритті (хлор қышқылдың тұзы) хлорлы әкіні пайдаланады. Ондай кезінде судағы кальций ионы хлорлы және хлорлы сутегі қышқылдарының аниондарымен байланысады. Яғни, суға хлорлы қоспаларды қосқан кезде оның гидролизі жүріп, оның салда рынан хлорлы қышқылы, гипохлорид ионы пайда болады және судағы микробтарды өлтіретін солар болғандықтан, оларды бос активті хлор деп атайды. Суды хлорлаған кез осы активті хлордың тек 1-2 проценті ғана бактериаларды өлтіруге кетеді де, оның көп мөлшері минералдық және органикалық заттармен байланысады. Осылай шығындалған хлордың мөлшерін (суды хлорлаған кезде) судың хлор қажеттілігі деп атайды. Ол көбінесе судың тазалығына тікелей байланысты болады. Неғұрлым су таза, органикалық заттармен ластанбаған болса, солғұрлым суға аз хлор кетеді, яғни оның хлор қажеттілігі төмен болады, ал керісінше хлорлайтын су неғүрлым лас болса, солғұрлым оған активті хлор көп керек, яғни хлор қажеттілігі жоғары болады.
Мысалы, жер асты сулардың 1 л хлор қажеттілігі 1-2 мг хлор болса, ашық жер үсті суларының хлор қажеттілігі 5-те 10 мг одан да көп болуы мүмкін.
Ауыз су органикалық заттармен ластанбаған, оның физикалық және химиялық қасиеттері мемлекеттік талаптардан алшақ болмаса, оны қалыпты хлорлайды, яғни суға өзінің хлор қажеттілігіне сәйкес активті хлор салады. Ал ластанған, әсіресе, бактериологиялық көрсеткіштері талапқа сәйкес болмаса, ондай суды суперхлорлайды, яғни судың хлор қажеттілігін ескермей, артық хлор салып хлорлайды. Содан кейін ол артық хлорды алады, ондай процесті дехлорлау дейді. Қандай жағдайда да хлорлаудан соң ондағы қалдық хлордың мөлшері 0,4-0,5мг/л аспауы қажет.
Ауыз суды хлорлы әкінің ертіндісімен хлорлаған кезде оның құрамындағы активті хлорды анықтау керек. Себебі хлорлы әкінің құрамындағы хлорлы кальций тұрақты болмай, әсіресе көп сақталғанда (күн, жел, жауын астында) күшін жоғалтады.