Судың кермектілігін және тотықыштығын анықтау


Ауыз судың физикалық касиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар



бет8/13
Дата31.03.2022
өлшемі34,07 Kb.
#137386
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Су

3.Ауыз судың физикалық касиеттеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Судың сапасы белгілі бір мөлшерде оның физикалық қасиеттеріне де байланысты болады. Сондықтан сол физикалық көрсеткіштеріне қарап ауыз суға белгілі бір дәрежеде санитарлы-гигиеналық баға беруге болады.
Судың физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: температура, түсі, иісі, дәмі және мөлдірлігі.

2.3.1 Судың тепмпературасын анықтау


Судың температурасы физиологиялық фактор, өйткені өте суық сумен суарғанда мал денесінен көп энергия жоғалып суыққа ұрынып, суық тиіп ауруға шалдығады, ас алмасу жүйесі бұзылады, өнімі төмендейді. Өте жылы суды + 20 градустан жоғары мал сүйіп ішпейді, ас нашар қортылып сіңеді. Буаз малдар суық су ішкенде іш тастауы мүмкін. Сондықтан мал ішетін судың температурасы: ірі малдар үшін 10-12, буаз малдарға 12-15, жас төлдер үшін 15 градустан жоғары болуга тиіс.
Судың температурасын анықтау үшін оның сынамасын алатын тереңдікке термометрді түсіріп анықтайды. Ол үшін арнайы ілгіш термометрлер болады. Ол жоқ болса кәдімгі термометрдің резервуарын дәкемен орап суға салып анықтайды. Анықтау уақыты 10-15 мин. кем болмауы керек. Судың температурасын анықтаған кезде қоса ауаның температурасын да анықтап екеуін салыстырған жөн.

2.3.2. Судың түсін аныктау


Судың түсі ондағы минералдық және органикалық қоспалардан пайда болады. Судың түсін анықтағанда они шығу тегіне көңіл болу керек, себебі ол судың мал нәжістері мен тағы басқа шіріген органикалық заттармен ластануынан пайда болуы мүмкін.
Судың түсін анықтау үшін шынысы түссіз екі 250 мл цилиндр алып, оның біріне дистиленген (100 мл), екіншісіне сүзілген, зерттеуге арналған суды қуйып, ақ түсті бетте екеуін салыстырып анықтайды. Түс түрлері-түссіз, ашық сары, сұрғыш, қоңыр, сары, жасыл т.б. болады. Ауыз судың түсі 20 градустан жоғары болмауға тиіс.

2.3.3. Судың иісін анықтау


Судың иісі оған араласқан минералдық заттардың мөлшеріне және органикалық заттардың ыдырауына тікелей байланысты болады. Сондықтан судың иісі болса, оның шығу тегіне көңіл бөлу қажет. Егер суда микроорганизмдер көп болса, өсімдіктердің гүлденуіне апарып соғып, суға әр түрл иістер береді (шөп, топырақ, май.балық т.б.).
Судың иісін әр түрлі температурада анықтаған жөн (201 40, 60 градус). Ол үшін зерттеуге арналған суды колбаға (стаканға) құйып, аузын жауып қойып белгілі температураға дейін қыздырып иіскеп аныктайды. Иістің сезілгіштігін баллмен белгілейді. Сәл сезілгіш иісті 2 баллға бағалайды. Малдарды суаруға судың иісі 2 баллдан жоғары болмауы керек.

2.3.4 Судың дәмін анықтау


Ауыз суда кездесетін ащы, қышқыл, тұзды, тәтті батпақ, жағымсыз, шірік тағы басқа дәмдер ондағы минералдық заттардың мөлшеріне және әртүрлі органикалық қоспалардың ыдырауына, немесе иісі бар ағынды - өндіріс лас сулардың қосылуынан пайда болады.
Судың дәмі бес баллды жүйемен бағаланады. Малдарды суаруға судың дәмі екі баллдан жоғары болмауы керек.

2.3.5.Ауыз судың мөлдірлігін анықтау


Судың мөлдірлігі - оның қабатынан жарық шоғын өткізгіштік қабілеті. Судың мөлдірлігі оның ішіндегі қалқып жүрген минералдык, немесе органикалық қоспаларға байла¬нысты болды.
Өте тереңде жатқан жер асты суларын алған кезде жылдам лайланып кетеді. Оның себебі оның ішіндегі кейбір заттардың (темір бикарбонаты, кальции карбонаты, бикарбо¬наты) ауадағы оттегімен қосылып сілтілік қоспалар түзеді де мөлдірлігі төмендейді, бірақ бұл біраздан соң ыдыс түбіне тұнба боп түседі.
Сондықтан мүндай себептермен пайда болған төменгі мөлдірлік санитарлық тұрғыдан қауыпты болып есептелмейді. Ауыз судың мөлдірлігін арнайы диаметрі 5-7 см. биіктігі 40-50 см. түссіз шыныдан жасалған цилиндрде анықтайды. Зерттеуге арналған суды цилиндрге құяды.
Анықтауды екі тәсілмен жүргізуге болады: шығыршық сымның көмегімен және Снелленің шрифтісімен (әрпімен) цилиндрге құйылған судың қабаты мен әртүрлі шрифті (әріпті) оқыйды. Неше см. биіктіктен оқуға мүмкіншілік болса, сол биіктікті судың мөлдірлігі деп есептейді.
Басқа тәсіл мен мөлдірлікті аныктау үшін диаметрі 1 мм сым темірдің бір басын диаметрі 1 - 1,5 см шеңбер (сақина) жасап иеді де цилиндрдегі зерттейтін суға иілген басын көрінісі жоғалғанша матырады да, сымды қайта судың үстінгі қабатынан қарағанда анық көрінгенше көтереді. Сол жерге дейінгі су қабатын оның см мен алынғандағы мөлдірлігі болып есептеледі. Ауыз судың мөлдірлігі 25 см-ден кем болмауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет