АУЫЗ СУДЫҢ ХЛОР ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ
Суды хлорлауға қаннша акивті хлор керектігін анықтау үшін сыйымдылығы 250-300 мл біркелкі 3-4 колба алып, оларға зерттеуге арналған судан 200 мл құйып оның біріншісіне-2 мл, 2 - шісіне - 0,4 мл, 3-шісіне 0,6мл, 4-шісіне-0,8 мл 1 процентті хлорлы әкінің ерітіндісін қосып, араластырып 20 - 30 минугқа қалдырады. Осы уақыттың ішінде судағы органикалық заттар мен микроорганизмдер тотығып, ол заразсызданады. Содан соң әрбір колбаға 2 мл тұз қышқылы (1:2) немесе күкірт қышқылының 25 процентті ертіндісін, 2 мл 5 процентті иодты калий, 1мл крахмал ерітіндісін құйып араластырады.
Егер суда бос хлор болса, ол көк туске боялады. Хлорлауға қай колбадағы су сәл көкшіл түске боялса сондағы хлор жеткілікті болып есептеледі. Егер су көк түске боялмаса, яғни ондағы 1 процентті хлорлы әкінің ертіндісі жеткіліксіз деген сөз. Ал су өте көк туске боялса, керісінше, ондағы хлордың өте көптігін көрсетеді.
Мысалы: 1- ші колбада барлық реактивтерді қосқаннан кейін ондағы су боялмай түссіз қалды делік, яғни қалған хлор онда жоқ. Сондықтан (200 мл) суға қосылған (0,2 мл) 1 процентті хлорлы әкі жеткіліксіз, су заразсызданбайды, ал 2-су сәл көкшіл, 3-ші - көк, 4-ші - каракөк түске боялады десек, суды хлорлауға керек хлорды 2-ші колбадағы (0,4 мл) процентті әкі ертіндісін негізге алады. Яғни 1 л суды заразсыздандыруға 2мл (0,4x5) 1 процентті хлорлы әкінің ертіндісі жеткілікті болады, немесе 5,68 мг (2,84 х 2 мл) активті хлор.
Хлорлау үшін судың жалпы мөлшерін тауып алып соған 1 процентті хлор әкінің керекті ертіндісін құйып, аралас¬тырып, жазда 30 минут, қыста 1 сағат қойып заразсыздандырады. Содан кейін хлорлаудың нәтижесін білу үшін ол судағы қалдық (бос) хлорды анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |