Тері және оның Қызметі



Pdf көрінісі
Дата05.12.2022
өлшемі4,7 Mb.
#161370
Байланысты:
ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ (1)



ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ҚЫЗМЕТІ
ОРЫНДАҒАН; Жақыпбеков Бекарыс, Сапарбек Досбол, Розымова
Құндыз, Сабырхан Ерсін 


КІРІСПЕ
Терінің қалыңдығы 0,5 мм-ден 5мм-ге дейін болады. Ең жұқа тері көздің
айналасында және дененің өзге сезімтал жерлеріде орналасқан. Ең қалың
тері табанда болады. Оның қалыңдығы 5 мм-ден асуы мүмкін. Әсіресе
жалаң аяқ жүретіндердің табан терісі қалыңырақ болады. Ол табанды
зақымданудан сақтау үшін қалыңдайды


ТЕРІ ЭПИДЕРМИСІ
Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет
атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен
(соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы
және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Адам
терісіндегі тер, май және сүт бездері арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді.
Терідегі ағзадағы артық май қор ретінде жиналады.


ТЕРІ ҚЫЗМЕТІ
Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет
атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. 
Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы
қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады.
Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін
физиологиялық үдерістерді жылу реттелу дейді.
: Тері арқылы сумен бірге түрлі тұздар (хлорлы), сүт қышқылы, азоттық алмасу өнімдері сыртқа
шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде қан сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек
адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей қан болады. Теріде көптеген жүйке талшықтары, сезгіш
жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір
заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді


Адам терісі негізінен 3 қабаттан тұрады:
сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері),
ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма), 
ішкі қабаты - шелді қабаты
ТЕРІ ҚАБАТТАРЫ


ТЕРІ ПИГМЕНТТІ
Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер -
шұрықтар түрінде ашылады. Тер бездері алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп
шоғырланған. Тер бездері арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен
бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар
дамыған.
Майлы бездердің өзектері түктердің түбіріне ашылып, түктерге, теріге май бөледі. Майлы
бездерден бөлінген май теріні құрғап кетуден сақтайды, теріге суды өткізбейді. Терінің
жұмсақтығы мен серпімділігін қамтамасыз етеді. Майлы бездер баста, бетте көбірек болады.
Теріде болатын ерекше жасушалар күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пигмент
(меланин) бөліп, терінің түсі қараяды. Оның қорғаныштық мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет