Сабақтың тақырыбы Хлордың периодтық жүйедегі орыны. Табиғатта таралуы және қасиеттері Мақсаты



Дата07.05.2017
өлшемі104,74 Kb.
#16076
түріСабақ

Пән: химия

Сыныбы: 8а





БҚО,Орал қаласы,№37 жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі

Орынова Гульбаршын Ермеккалиевна,деңгейлік оқудың 1(ілгері) деңгейін бітірген.


Сабақтың тақырыбы

Хлордың периодтық жүйедегі орыны.Табиғатта таралуы және қасиеттері

Мақсаты

Хлордың периодтық жүйедегі орынына сипаттама беру,табиғатта таралуын және физикалық, химиялық қасиеттерін оқыту.

Күтілетін нәтижелер



1.Хлордың периодтық жүйедегі орынын анықтай алады.

2.Хлордың физикалық қасиеттерін сипаттай алады.

3.Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза алады.

4.Хлордың тұрмыстағы маңызын,табиғатта таралуын біледі.




Керекті жабдықтар


Электронды оқулық, флипчарт, дидактикалық тапсырмалар, жұмыс дәптері, интернет желісі, тірек-сызбалар, түрлі-түсті бояулар, постер,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Үй тапсырмасын қалыптастырушы тест арқылы тексеру, топтық әңгіме: постер шығару, жоғары және төмен деңгейлі сұрақтар, тірек – сызбалар,

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

5 мин



1.Оқушылармен амандасу.

2.Психологиялық ахуал орнату: Қайырлы таң достым, қайырлы күн болсын, сәрсенбінің әр кезі, сәттілікке толсын, біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын.

.3)Үй тапсырмасын тексеру(Графикалық тест),серпілген сауал.

Тест тапсырмалары Иә болса---- ,жоқ деген жауапқа доға сызып отырамыз.

1Электртерістілік атомдардың өзіне электрондарды тарту қабілеті ме? Иә

2.Периодтық жүйедегі элементтердің барлығының электерістілігінің сан мәні бірдей ме? Жоқ

3.Э.Т период бойынша солдан оңға қарай өсе ме ? Иә

4.Фтордың Э.Т мәні жағынан ең төмені ме? жоқ

5.Металдардың Э.Т шамасы бейметалдарға қарағанда төмен бе? Иә

6 Ковалентті байланысты түзуге жұп электрондар қатыса ма ? Жоқ

7 Ковалентті байланыс түзу үшіні екі бірдей немесе әртүрлі атомдардың тақ электрондары жұптаса ма? Иә

8.Атомдар электрондарын беріп жіберсе оң, ал қосып алса теріс зарядтала ма? Иә

9.Оң зарядты ион анион ба? Жоқ

10.Оң және теріс зарядталған иондар арасында иондық байланыс бола ма? Иә


. 4.Оқушыларды түс таңдау әдісі бойынша топқа бөлу

5.Топтық ережені еске түсіру.

Топ ережесі


  • Тәртіп сақтау

  • Өзгенің пікірін тыңдай білу

Ойын ашық айту


Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар бірге қосылып айтады.

Топтық ережені еске түсіреді.

Тест тапсырмаларын өз беттерімен орындайды,критерийі:10сұрақтың10-9 дұрыс болса - 5

8-6 дұрыс болса - 4

5-3 дұрыс болса - 3

2-ден төмен болса – 2

Диктантты орындап болған соң парталас көршісімен дәптер алмасады да тақтадағы көрсетілген график бойынша бағалайды.

.


Тұсаукесер

5 мин



Оқушыларға ой қозғау үшін жұмбақ жасырамын: Мына мәтелдегі көп нүктенің орнына қажет сөзді тап. « Доссыз өмір, ......... сыз ас.»Адам ағзасына қажетті зат. Не болды?Енді осы заттың құрамында қандай элементтер болады? Қай элементпен таныспыз? (Натриймен) Енді қайсысымен танысу керек екенбіз?.Ал бүгін біз осы периодтық жүйеде орналасқан кейбір галогендердің атом құрылысы тұрғысынан физикалық , химиялық қасиеттерімен таныса отырып, табиғатта таралуын білуіміз керек.


Бағалау критерийімен танысады. Топ басшысы сайланып, бағалау парағы үлестіріледі.

Сабақ критерийлері

1.Хлордың таралуы,периодтық жүйедегі орнын анықтай аламын.

2.Химиялық және физикалық қасиеттерін қасиетін сипаттай аламын.

3. Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып,есептеулер жүргізе алады.


Негізгібөлім

20 мин


Топқа тақырыпшаны бөліп беремін.

Алдымен оқимыз, топпен талқылаймыз. «ойлан,жұптас,бөліс,» әдісі арқылы Постер салып, қорғаймыз(20мин)

Қолпаштап,ынталандырып отырамын.

Топтың әрбір мүшесіне әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар

№1


  1. Хлордың физикалық қасиеттерін жазыңдар.

  2. Галогендердің формуласын жазыңдар.

№2

  1. Хлордың берілген заттармен реакция теңдеулерін жазыңдар:а)натриймен, ә) кальциймен, б) алюминиймен, в) сутекпен

  2. 30 г хлордың қалыпты жағдайдағы көлемін есептеңдер

№3

  1. 40,5 г мыс хлоридін алу үшін қанша г хлор қажет?

  2. Темір (ІІ) сульфидін алу үшін 28 г темір мен 22,4 г күкірт қосылды. Түзілген темір (ІІ) сулфидінің неше грамы түзілетінін есептеңіз.



І топ -Хлордың атом құрылысы,пер жүйедегі орны.

ІІ топ-Физикалық қасиеті

ІІІ топ-Табиғатта таралуы

ІҮ топ Химиялық қасиеттері

Оқушылар өздері оқиды.Жұпта бір-бірімен диалог арқылы ой бөліседі. Постерларын қорғайды

Мәтінді өз беттерімен оқиды. Топ болып және жұпта бір бірімен диалог арқылы талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, бір оқушы қорғайды..Қалған оқушылар екі жұлдыз бір ұсыныс айту арқылы бағалайды.

Ең жақсы постер анықталады. Деңгейлік тапсырмалар орындайды .

Тапсырма критерийлері беріледі .Топ басшыларына тапсырма критерийлері түсіндіріледі.критерий бойынша бағалаланады.


Қорытынды
15 мин

Бағалау:

Үйге тапсырма:


Маған не ұнады? Мен не үйрендім?Мен үшін жаңалық болды? Мен мынаны түсінбедім? сұрақтарға жауап бере отырып рефлексия парағын толтыру арқылы алған білімдерін тексеріп, кері байланыс орнату.(5мин)

Сабақ бойы жұмыстану бойынша оқушыларды формативті бағалаймын. Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Оқушыларға бағалау парағын үйлестіремін

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні


















1.Ой қозғау.

Сұраққа жауап


















2.Үй жұмысын тексеру

Графикалық диктант



















3.Деңгейлік есептер



















4.Постер қорғауы



















Жалпы ұпайы

















Үйге §72 №6,7 беру. Электрондық почтаға жіберу арқылы

Тақырыпты оқып, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындап, деректер жинап келу.


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қағазға мына сұрақтар бойынша жазып береді.

Оқушы екі жұлдыз, бір ұсыныс айту арқылы бірін-бірі бағалайды

Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң әр көшбасшы параққа оқушылардың балдарын қойып есептейді .

Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады.

тапсырманы орындап,қайта почта арқылы жібереді (кері байланыс).







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет