4 апта
ОЖСӨЖ мазмұны:
Жарықты гигиеналық жағынан бағалау
СӨЖ мазмұны:
Жылуды гигиеналық жағынан бағалау
Кредит сағаты 8
Тақырып: Спорттық ғимараттардың гигиеналық негіздері
Семинар:
1.Жылуды гигиеналық жағынан бағалау
2.Спорт залды санитарлық- гигиеналық жағынан зерттеу
ОЖСӨЖ мазмұны:
Спорт залды санитарлық- гигиеналық жағынан зерттеу
СӨЖ мазмұны:
Жылуды гигиеналық жағынан бағалау
№4. Зертханалық жұмыс.
Тақырып: Спорт залды санитарлық- гигиеналық жағынан зерттеу
Мақсаты: Спорттық залдардың санитарлық гигиеналық жағдайы туралы теориялық білімді бекіту және оларды бағалауда дағдылы меңгеру
Жұмысқа қажет құралдар:
Жұмыс барысы: Спорт залдарды тексеру олардың орналасуы мен ғимараттың сипатын меңгеруден басталады.
Бөлмелердің орналасуы шұғылданатындардың қозғалыстарын мынандай кезекте болғаны жөн: сырт киім шешетін гардеробы – ерлер мен әйелдер шешінетін (душтары мен дәретханалары) – спорт залы, киінген және шешінген спортшылардың қарама – қарсы ағымдарының болмауы тиіс. Көрермендерге арнайы орындар мен өтетін жерлер қарастырылған, буфеті, фойесі және басқа да бөлмелер спортшылардан бөлек шектелген.
Спорт залдарды тексергенде ішкі әрлендірілген жұмысқа көңіл аударған жөн, қабырғалар, төбесі, едені немен жабылған және олардың жағдайы қандай.
Жарыққа, желдету механизмдеріне, жылуға және микроклимат жағдайларына гигиеналық баға берген дұрыс.
Спорт залдағы саймандарды тексергенде мынаған көңіл аудару қажет: спорттық саймандар гигиеналық және белгілі техникалық талаптарға сайма, спортпен шұғылданатындардың жасына, жынысына сай келеме, жарақат алу себептері болып табылмай ма? Ең маңыздысы спорт сайманының бүтіндігі мен түгендігі. Гимнастикалық маттардың жағдайы және магнезийдің сақталуы тексеріледі. Сонымен бірге саймандар бөлмесі тексеріліп оның санитарлық жағдайы қаралады.
Қорытынды: Ең соңында барлық бөлмелерді қалай жинайды, немен жинайтынын анықтайды.
Тексеру сұрақтары: Спорт залына құрылысына және жоспарлануына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залды жарықтандыруға қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залды желдетуге және жылу жүйесіне қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залдың микроклиматтық жағдайына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залдың саймандары мен жабдықтарына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт залда санитарлық гигиеналық тексеруді қалай өткізу керек?
Достарыңызбен бөлісу: |