ҚР ҰҒА ғылыми журналының авторларына талаптардың қойылуы
Түрлі жаратылыстану-техникалық және қоғамдық салалардағы журналдарда зерттеулердің нәтижелері туралы ғылыми мақалалар мен сақталған құжаттар, экспресс-хаттар жарияланады.
ҚР ҰҒА академиктерінің хаттарын журналдар жариялайды, сонымен қатар ұсынылған жұмыстардың өзекті мәселелері ҚР ҰҒА-ның мүшелері ретінде жауапкершілікке ие болатын өзге де ғалымдардың ғылыми еңбектері жарияланады.
Жариялануға ұсынылған материалдар төмендегідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Физика, математика, механика, информатика, биология, медицина, геология, химия, экология, қоғамдық және гуманитарлық ғылым салаларының өзекті мәселелері аясында бұрын-сонды басқа басылым беттерінде жарық көрмеген және сол мақсатта даярланбаған еңбектер жарияланады. ҚР ҰҒА-ның академигі тарапынан өкілеттілік етілген және зерттеу жүргізілген мекемелердің рұқсатымен мақала қорғалады.
2. Мақала бір нұсқада белгіленеді. Мақала көлемі 5-7 беттен аспауы тиіс (шолу мәніндегі мақала – 15 бет көлеміне дейін). Оның ішіне жұмыстың мақсатын, әдісі мен әдіснамасын, нәтижесін, қолданылу аясын бейнелейтін аннотация (мәтіннің алдына жазылады), кестелер, суреттер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіреді. Мақала Word 2003 мәтінінде, Times New Roman қаріпімен 14 көлемінде, 1,5 компьютерлік интервалында, жоғарғы және төменгі аралық – 2 см., сол жағы – 3см., оң жағы – 1,5 см болып жазылуы тиіс. Суреттер саны бесеуден аспауы қажет. УОС (УДК) индексі мақаланың жоғарғы жағының сол бағытында көрсетіледі.
Беттің ортасында жазба үлгісіндегі әріптермен ағылшын тілінде мақала авторының аты-жөні, қызметі, ғылыми атағы және бет ортасына кіші әріптермен ұйымның аты, ал астына жартылай қалың қаріппен мақаланың аты жазылады. Институт пен мекеменің, қала мен поштаның толық аты көрсетіледі.
Түйіндеме, кілт сөздер ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жазылады. Ал мақала мәтіні кейін жазылады. Мақала соңында түйіндеме үшінші тілде (қазақша немесе орыс тілдерінде), мақала аты ағылшын тілінде, автор туралы мәлімет үш тілде жазылуы керек. Соңғы бетке барлық авторлар қол қояды. СD-дискіде электронды нұсқа қосымша беріледі.
Мәліметтер тізімі. Мәтінде сілтемелер тік жақшада көрсетіледі. Сілтеменің нөміріне сәйкес әдебиеттер тізімі мен дерек көздері белгіленеді. Әдебиеттер тізімінде ағылшын тіліндегі деректер де көрсетілуі мүмкін. Жұмыстың барлық авторлары мен олар жөніндегі мәліметтер жазылады.
Интернетке сілтемелер мәтінде беріледі. Қалың оқырмандарға қиындық туғызатын басылымдарға сілтеме жасалынбайды. Олардың қатарына ведомстволық басылымдар мен инструкциялар, ГОСТ, ТУ, жарияланбаған жұмыстарға сілтемелер, баяндамалық тезистер, авторефераттар мен диссертациялар жатады.
Ғылыми зерттеулер туралы (Web of Science, Scopus және т.б.) баяндамалық және аналитикалық ақпараттардың әлемдік базалық мәліметтері орыс тілдеріндегі журналдардан роман әліпбиінде, (латиница) – «References», мақала алдында библиографиялық тізімдемені талап етеді.
Мақала алдындағы библиографиялық тізімдемеде дерек көздерін орынды пайдалану – орыс тіліндегі басылым беттерінде жарық көрген авторлардың еңбектерін сапалы бағамдауға мүмкіндік туғызады. Бұл халықаралық базаның негізгі талаптарының бірі болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін оның қазақ немесе орыс тілдерінде аудармасы жазылады. SCOPUS және өзге де мәліметтер базасында ағылшын тілдерінде дерек көздері қолданылмаған болса да, романдық әліпбиде пайдаланылған әдебиеттер тізімі жеке блок ретінде көрсетіледі. Егер де пайдаланылған әдебиеттер тізімінде шет елдік басылымдарға сілтемелер қолданылған болса, олар романдық әліпбиде (латиница) жай ғана қайталанады.
References-те ажыратқыш белгілер қолданылмайды («//» и «–»). Дерек көздерінің атаулары және алғашқы мәліметтер автордан қаріп түрімен, негізінен алғанда курсив, нүкте немесе үтірмен ерекшеленеді.
Авторлық түйіндемелер (аннотациялар) мынадай элементтерден тұруы керек:
ақпараттық (жалпылама сөздерден тұрмауы тиіс);
түпнұсқалық (орыс тілді түйіндеменің көшірмесі емес);
мазмұнды (мақаланың негізгі мәнін және зерттеудің нәтижесін айқындауы тиіс);
құрылымды (мақала нәтижесін көрсетуде логикалық дәлдік орын алуы қажет);
«ағылшын тілінде» (сапалы ағылшын тілінде);
шағын, бірақ өте қысқа емес (200-ден – 400 сөзге дейін)
Ағылшын тіліндегі түйіндеме мақала мазмұнында төмендегідей аспектілерді қосуы мүмкін:
- пәні, тақырыбы, жұмыстың мақсаты; жұмысты жүргізудің әдісі мен әдіснамасы; жұмыстың нәтижесі; қорытынды сөзі. Мақаланы мазмұндау барысында жұмыстың мақсаты мен міндеттері және қорытындысы тиянақты жазылуы керек.
- пәні, тақырыбы, жұмыстың мақсаты мақаланың атынан анық көрінбеген кезде белгіленеді. Жаңалықтар мен аталмыш жұмыс тұрғысынан алғанда қызығушылық басым болған жағдайда жұмыс жүргізудің әдісі мен әдіснамасы мақсатылы бейнеленеді.
Мақаланың алғашқы бөлімі. Шешілуі тиіс мәселе және жұмыстың құрылуы туралы қысқаша шолу жасалынады. Тік жақшада 1-нөмірден бастап, қолданылған әдебиеттерге сілтеме қойылады.
Егер де бірнеше жұмыстарға сілтемелер жасалынса, хронологиялық тізбекте орын алады. Міндетті түрде жұмыстың мақсатын нақтылай түсу тиіс.
«Методика» бөлімі зерттеу нысаны аясындағы мәліметтерден тұрады (орыс және латын тілдерінде атауларын көрсету керек). Мәселен, жұмыста қолданылған эксперименттер, приборлар, реактивтер. Егер де приборлар мен аппараттар қолданылса, олардың атаулары түпнұсқалық тілде жазылады және мемлекет атауы көрсетіледі. Егер де әдіс танымал болмаса немесе модификацияланған болса, сілтемеге қосымша қысқаша мәліметтер келтіріледі. Мәліметтерге статистикалық өндеу жасалған жөн.
«Нәтижелер мен талқылау» бөлімі кестелер мен экспериментальді мәліметтер туралы қысқаша баяндау жүргізеді. Нәтижелер өткен шақта бейнеленеді. «Кіріспе» бөлімінде қойылған сұраққа жауап та аталмыш бөлімде көрінуі тиіс. ДНҚ, РНҚ, АТФ, НАД, ГЖХ және т.б. ғылыми ұғымдар мәтінде көрініс табады.
Амин қышқылдарының қалдықтары, шекерлер, нуклеин қышқылдарының негіздері транскрипт түрінде болады. Мысалы, Лей – лейцин, Иле – изолейцин, Фен – фенилаланин, Глю - глюкоза, Сах - сахароза.
Кестелер жекелеген беттерде басылады. Әрбір кесте (үш графадан кем емес) нөмірлі және тақырыптық бастамаға ие болуы керек. Суреттерге қолтаңбалар жеке бет табағына қойылады. Суреттер орналасқан беттерге аз көлемде ғана жазулар жазылуы тиіс.
Қисық таңбалар графиктерде араб сандарымен жазылып, суреттерге түсіндірмелер беріледі. Журнал түрлі-түсті фото суреттер мен жай суреттерді шығармайды.
Құжаттар. Жұмыс және сараптау актісі жасалған институттан жіберіледі.
Қолжазба 2 баспа нұсқасында және дискетте жіберіледі (Word, шрифт Times New Roman № 14 форматта). Жеке бетте авторлардың аты-жөні, телефоны, факс, электронды пошта, индексті пошта көрсетіледі. Қолжазбаның электронды нұсқасы редакцияның электронды мекен-жайына жіберіледі.
Мақаланы жариялауда автордың соңғы жіберілген нұсқаның мерзімімен белгілейді. Кезексіз жарияланатын мақалаларға тапсырыс берілген, әрі басым мәнге ие еңбектер жатады. Егер де автор екі ай бойына мақаланың соңғы нұсқасын жібермесе, редакцияның өзі мерзімді қоюға толық құқылы. Редакцияға жіберілмеген қолжазбалар қайтарылмайды.
Қолжазба 15-бетке дейін жетуі мүмкін, ол бір жарым интервалда сол жағы – 3 см. көлемде орын алады. Бұл көлемге түйіндеме, кестелер, суреттер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі жатады.
Егер де мақаланы өндейтін болса, редакциялық мерзім ретінде соңғы берілген нұсқадан есептеледі.
Бұл тәртіптерге сәйкес келмейтін мақалалар қарастырылмай, қайтарылып беріледі. Журналға берілетін мақалалар анықталған тәртіпте болуы тиіс.
РЕДАКЦИЯЛЫҚ ЭТИКА — жұмыстың мақсаты үшін автор мен баспахана арасында мәмілеге келу. Олардың негізгілері:
1) плагиаттың орын алмауы, редакциялық құпияны сақтау, автордың рұқсатынсыз мақаланың кемшіліктері мен ұтымды тұстары жайында әңгіме қозғамау, еңбектің түпнұсқасын таратпау;
2) автор мен еңбекке сыпайы қарау, авторға сын айтып, оның көңіл-күйін түсіре бермеу, өзінің шарттарын баяндай бермей, ортақ тиімді де, пайдалы мәмілеге келу. Бұл алға қойған мақсатқа жетудің ұтымды тұсы болып табылады;
3) міндетті түрде мына нәрсені еске салу керек: авторды сынау арқылы еңбектің сапасын арттыру мүмкін емес.
Тел. 8(727)272-13-19 (18)
Сайты :http://nauka-nanrk.kz/
Эл. Мекен-жайы: akadem.nauk@mail.ru
«Ғылым» Баспаханасы ЖШС
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Ғылым Академиясы
050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28
ИИК KZ 16319A010006041681
АҚ «БТА Банк» Алматы қ.
БИК ABKZKZKX
БИН 130 340 016 409
РНН 600700678265, КБЕ 17, КНП 869 (прочие услуги)
ҚР ҰҒА Президиумының Қаулысы № 27 бастап, 22.08.2010 ж.
Журналға жарияланғаны үшін 1. ҚР ҰҒА баяндамалары, ҚР ҰҒА Хабаршысы, ҚР ҰҒА Хабары. Серия______ 5000 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |