Сабақ тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі. (І сабақ) «Ер Төстік халық арманы»



Дата25.08.2017
өлшемі43,47 Kb.
#26242
түріСабақ
Қазақ әдебиеті: 5-сынып
Сабақ тақырыбы:«Ер Төстік» ертегісі. (І сабақ) «Ер Төстік - халық арманы»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімділік:«Ер Төстік» ертегісі туралы түсінік беру.Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдары кеңейеді. Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдары кеңейеді.Ертегінің мазмұнын меңгеріп, оқығанын баяндай білуге, Ертегінің мазмұнын меңгеріп, оқығанын жүйелі баяндай білуге үйрету, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.

2.Дамытушылық:Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыта отырып, ой-пікірлерін толық жеткізе білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу. Халық ауыз әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар:үнтаспа, компьютер, көрініске қажетті заттар, интербелсенді тақта, «Ертегілер әлемі» мәтіні жазылған парақтар және әні.
Сабақтүрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер:интерактивтіәдіс, сұрақ - жауап, баяндау АКТ, тірек-сызбалар, көрініс (Ерназардың Сорқұдықтың басынан Құба інгенді іздеуі)
Күтетіннәтижем:Шығармакейіпкерлерінемінездемебереалу, өзойынеркінайту, шығармашылықпенжұмысістейалу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар өтілетін тақырыпқа мақсат қояды. Бір-біріне тілектер мен жақсы сөздер айтады.

І. Оқушылардынқызығушылықтарын ояту:



  1. Ертегі дегеніміз не? Қандай түрлері бар?

  2. «Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?
    «Ер Төстік» ертегісі қиял - ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады (интернет желісінен мәлімет).

Зерттеу жұмыстарынан мәлімет:

«Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағаз бетіне түсірген – қытай тарихшысы СымаЦянь (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» атты еңбегінен. «Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С.П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші ғалым)



ІІ. Мағынаны тану.

Ал, оқушылар, сендерге алдынғы сабақта «Ер Төстік ертегісін» үйден оқып келу тапсырылған еді. Енді біз қазір сендермен шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау жасайық. Талдау жасай отыра мазмұнын да қысқаша айта кетемиз.


Шығарманың композициялық құрылысы:


І. Шығарманыңбасталуы: Төстіктің өмірге келуі

ІІ. Шығарманың байланысы: Төстіктің ағаларын іздеп шығуы

III. Шығарманың шиеленісі: 9 ұлды үйлендіруі (Құда сөзіне түсінік алу. Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Шығарманың шарықтау шегі: Ерназардың Сорқұдық басына қонуы.(Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалады?)

V. Шешуі: Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралуы



Кейіпкерлерге талдау жасау.

Жағымды кейіпкерлер ------------Жағымсыз кейіпкерлер


1. Ер Төстік -------------------------1. Перінің қызы Бекторы
2. Кенжекей -------------------------2. Мыстан
3. Ер Төстіктің достары ----------3. Темір хан
4. Бапы хан --------------------------4. Кеще хан
5. Күңке ------------------------------5. Шойынқұлақ


Топтастыру стратегиясы (басты кейіпкер)
-------------------- ақылды
қамқоршы ←ЕрТөстік→ көпшіл
---------------------- адал

ІV. Рефлексия:
Жүйріктер жарысы:Тіл жүйрігін шешен дейміз.

Мал жүйріктерін ата:


Жылқы жүйрігі – тұлпар.
Түйе жүйрігі – желмая.

1. Қазіргі кезде желаяқ, таусоғар деп кімдерді атаймыз? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады)

Спорт әлемінен 2012жылы Лондонда өткен жазғы олимпиадада Қазақстан байрағын бүкіл елге танытқан желаяғымыз - Ольга Шишигина
2. Ал таусоғар сияқты ауыр көтеретін де2012жылы Лондонда өткен жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, ЗульфияЧиншанло, Майя Манеза;

2016 жылы «Рио – 2016»жылғы жазғы олимпиада жеңімпаздары Ниджат Рахимов, Жазира Жаппарқұлт. б. оқушылар атап өтті.

Өмірмен байланыс: Казіргі ХХІ ғасырда сол баяғы заманда ертегіде айтылған халық арманы орындалды деп ойлайсыңдар ма?

Саққұлақ – радио, телефон

Көреген – галамтор, теледидар

Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғы (диктофон)

Көлтауысар – өрт сөндіретін техника

Таусоғар – бульдозер, кран

Оқушылармен сергіту сәті ретінде «Ертегілер елінде» әнін орындаймыз (әннің сөзін таратамын)



Көрініс: (Ерназардың Құба інгенді іздепСорқұдықтың басына келуі)

(Сыныптың бір бұрышы сол үзіндіге сай безендіріледі)



Ерназар – Бекмұхамбет

Мыстан кемпір – Айдана

Кенжекей – Сымбат

V. Қорытынды:Ертегілерде ата-бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.

Сонымен,«Ер Төстік» ертегісі ұнады ма? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады)



Дос туралы қандай мақал білесіңдер?

VІ. Бағалау: Фишка тарату арқылы оқушылардың білімін бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: І деңгей. Ұнаған кейіпкердің суретін салу

ІІ деңгей. Ойдан ертегі құрастыру (қысқаша)

ІІІ деңгей. Ұнаған бөлімдеріне жоспар құру,







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет