Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы



бет1/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935
Бизнес жоспар 1-2 бөлім (копия), 1 ҚМЖ 10 сынып Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі, Scan 04 нояб. 23 · 22·55·44

Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы.
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап,көмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтады.Өкпеде негізінен 3 үрдіс өтеді:
1.атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасуы(өкпенің
вентилляциясы);
2.олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің,көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);
3.өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).Осы 3 үрдістің қалыпты арақатынастары арқылы қандағы қан құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады.Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса,ол осы үрдістерді бұзып,сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.
Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығаруын керекті дәрежеде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды.Ол организмнің тіпті тыныштық жағдайында да гипоксия мен газдық ацидозға әкелуі мүмкін немесе организмнің қол жұмысына немесе физикалық жүктемелерге мүмкіншілігін азайтады.Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі:Өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы),ондағы қан айналымының (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін.Бұлкөрсетілген бұзылыстар жиі біріккен түрде байқалады.


Өкпе вентилляциясының бұзылуы.

Өкпе вентилляциясының бұзылыстары


гипервентилляция,гиповентилляция немесе біркелкі емес вентилляция түрлерінде болады.
Өкпенің гипервентилляциясы тыныстың минуттік көлемі мен өкпенің өмірлік сыйымдылығы көтерілуімен сипатталады.
Патологиялық гипервентилляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығару қажеттігіне байланысты емес.Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде,миға қан құйылғанда,гипоксемия (анемия,таулық немесе биіктік аурулары),артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін.
Гипервентилляция компенсациялық серпіліс ретінде өкпенің тыныстық бетінің азайғанында,мысалы өкпенің қабынуы немесе ісінуі кездерінде пайда болады.Бұл жағдайларда әрбір тыныс алу кезіндегі ауаның көлемі қалыпты деңгейде немесе сәл жоғары деңгейде ұсталып тұруы дем алудың жиілеуі нәтижесінде болады.Бірақ ұзақ гипервентиляция гипокапния мен алкалозға әкеледі,осының әсерінен тыныс алу орталығы тежеледі.Бұл жағдайда гипервентиляция гиповентиляциямен ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет