Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы


Өкпенің жалпы қанайналымға әсері



бет7/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935
Бизнес жоспар 1-2 бөлім (копия), 1 ҚМЖ 10 сынып Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі, Scan 04 нояб. 23 · 22·55·44
Өкпенің жалпы қанайналымға әсері.

Өкпе әртүрлі биологиялық белсенді заттар өндіріп,олардың белсенділігін арттырып немесе ыдырату арқылы жергілікті және жалпы қанайналымдарына белгілі ықпал етеді.


Бұл заттарға:ангиотензинге айналдыратын фермент,ноадреналин,серотонин,гистамин,простагландиндер,реттеуші пептидтер ж.б. жатады.
Ангиотензинге айналдыратын фермент (ААФ).Бұл мембранамен байланысқан молекуласында цинк ионы бар фермент калвеола деп аталатын эндотелий жасушаларының шағын үңгіршіктерінде орналасқан.Ол ангиотензинді-1-ді ангиотензин-2-ге ауыстырады және брадикиннің белсенділігін төмендетеді.Ангиотензин1-ді ангиотензин 2-ге айналдыру мүмкіншілігі өкпе арқылы ағып өтетін қан көлеміне байланысты.Неғұрлым қан көп өтсе,соғұрлым қанда ангиотензин-2көп болады.Бұл кезде қандағы ангиотензин-1 эндотелий жасушаларымен көптеп түйіседі.Ал қанның көлемі ұлғаймай,тек ағу жылдамдығы көбейуі өкпенің ангиотензинге айналдыратын қабілетін төмендетеді.Өйткені,бұл кезде ангиотензин-1-дің эндотелий жасушалармен түйісу уақыты қысқарады.
Өкпенің ангиотензин-1-ді ангиотензин-2-ге айналдыру және брадикиннің белсенділігін төмендету мүмкіншіліктері алвеолалардың іштеріндегі оттегінің үлестік қысымына байланысты.Алвеолалық гиповентиляциядан тез дамитын гипоксия кезінде ангиотензинге айналдыратын ферменттің түзілуі көбейеді.Осыдан өкпеде және жалпы қанайналымда артериялық қан қысымы көтеріледі.Қанда хлор ионы азайғанда ангиотензинге айналдыратын ферменттің белсенділігі төмендейді.Сонымен бірге қан плазмасында және лимфоциттерде бұл ферменттің тежегіш пептиттері табылған.
Норадреналин.Өкпе қан тамырларында норадреналиннің 30-40процент белсенділігін жоғалтады.Норадреналин эндотелий жасушаларының ішіне еніп,онда моноаминоксидаза ферментінің қатысуымен амин тобынан ажырайды немесе катехол-О-метилтрансфераза ферментінің қатысуымен метил тобын байланыстырып алады.Адреналин кіші қан айналым шеңберінен өзгеріссіз өтеді.Катехоламиндер өкпе тамырларына өте аз мөлшерде әсер етеді.
Серотонин.Серотонин негізінен өкпеде ыдыратылады.Оның 95 процентіне
жуығы ас қорыту жолдарының апудоциттерінде өндіріледі.Өкпеде серотонин ферменттермен ыдыратылмай,өкпенің әртүрлі жасушаларымен қамтылып,оларда жинақталады.Ол өкпе вентиляциясы мен перфузиясын байланыстырып тұрады.Серотонин өкпе артерияларын және бронхиолаларын жиырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет