Сыртқы тыныс алу патофизиологиясы



бет5/9
Дата05.11.2023
өлшемі88,5 Kb.
#189885
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
stud.kz-63935
Бизнес жоспар 1-2 бөлім (копия), 1 ҚМЖ 10 сынып Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі, Scan 04 нояб. 23 · 22·55·44
Экспирациялық алқыну- өкпе алвеолаларының жиырылғыштығы серпімділігі төмендегенде (өкпе эмфиземасы),ұсақ кеңірдекшелердің тарылуы немесе жиырылуы олардың шырышпен бітеліп қалуы (демікпе),тыныс алу орталығының қызметі бұзылғанда (асфикциясының 2 сатысы) кездеседі.Бұл кезде демді сыртқа шығару ұзақтығы демді ішке тартудан ұзақ болады.
Инсперациялық алқыну-демді ішке тартудың ауырлауы және оның басымырақ ұзаруымен сипатталады.Ол жоғарғы тыныс жолдары мен кеңірдек саңылаулары тарылғанда (күл,тамақ ісінулерінде,дыбыс саңылауы жиырылғанда,бөгде зат тамаққа тұрып қалғанда) дамиды.Демді ішке тарту уақытының ұзаруы Геринг-Брейер рефлексі бойынша тыныс алу орталығының тежелуі кешігуімен түсіндіріледі.
Патологиялық тынысқа Чейн-Стокс және Биотт түрдегі үзілісті (периодикалық) тыныстар,Кусмауль типті «үлкен» тыныс,асфиксия,агониялық тыныс немесе ақтық дем жатады.
Чейн-Стокс және Биотт тыныстары ми бүлінулері кезінде,бас сүйек ішіндегі қысым көтерілгенде (қан құйылу,менингиттер,өспелер ж.б.),ұйқы шақыратын немесе наркоздық дәрілермен уланғанда пайда болады.Сонымен бірге олар ауыр артериялық гипертензия,ми тамырларының атеросклерозы,жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде байқалады.
Кусмауль тынысы тым терең және сирек тыныстық қозғалыстармен және қатты тыныстық шулармен қабаттасады.Бұндай тыныс алу қанда қышқыл өнімдер жиналып қалуына әкелетін патологиялық жағдайларда (уремия,диабет,кома)байқалады.
Сыртқы тыныс алудың қатты өзгерісі асфиксия кезінде байқалады.Асфиксия (грек.asphyxia- тұншығу) кезінде сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі жедел дамып,қанға О2 түсуі тоқталады да,қаннан СО2 шығарылмайды.Ол тыныс алу жолдары қысылғанда,олардың саңылаулары бөгде затпен,қабынулық ісінумен бітелгенде,тыныс алу жолдары мен өкпе ұяшықтарында сұйық жиналғанда (өкпе ісінгенде,алвеолаларға құсық немесе су түскенде),кеуденің екі жағында пневмоторакс дамығанда болады.
Организмнің тұншығуы үш сатыда өтеді:
1-сатыда терең жиі (стеноздық тыныс алу байқалады.Бұл кезде демді ішке тарту сыртқа шығарудан ауыр және ұзақ болады (инспирациялық алқыну).
2-сатыда тыныс алу жиілігі сирейді,бірақ оның тереңдігі жоғары қалпында сақталады,демді сыртқа шығару ұзарады (экспирациялық алқыну).
3-сатыда тыныстың тереңдігі мен жиілігі біртіндеп азайып,тыныс алу тоқтайды.Артериялық қан қысымы,жүрек соғуы анықталмайды.Мұны терминалдық үзіліс дейді.Бұл кезде мидың қызметі жоғалады,көздің қарашығы кеңиді,шартсыз рефлекстер болмайды.Бұл үзіліс 5-10 сек-тен 3-4 минутке дейін созылады.Осыдан кейін агониялық тыныс (ақтық дем) басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет