№10 практикалық сабақ
Тақырыбы: Дәрілік заттар және формалар. Дәрілік заттармен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтеральдық, сырттық және ингаляциялық жолдармен енгізу. Науқастың жағдайын сараптау.
Сабақ жоспары:
1. Дәрілік заттар және формалар және дәрілік заттарды еңгізу жолдары.
2. Дәрілік заттармен жұмыс істеу.
3. Дәрілік заттарды энтеральдық, сырттық және ингаляциялық жолдармен енгізу.
4. Дәрілік заттарды сыртқы енгізу жолдары
5. Дәрілік заттарды тағайындаудағы, оны сақтаудағы негізгі ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Дәрілік заттармен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтеральдық, сырттық және ингаляциялық жолдармен енгізу.
Сабақтың мазмұны:
Дәрілік заттардың негізгі топтары Ағзаға дәрілік заттарды еңгізу жолдары, олардың артықшылықтары және жетіспеушіліктері МҰ емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алу ережелері Бөлімшедегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотроптты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері Емдеу бөлімшесінде дәрілерді тарату ережелері. Дәрілік заттардың негізгі топтары Дәрі-дәрмекпен емдеу - емдеу процессінің басты бөлігі,ол адам организмін жақсарту,аурудың алдын алу және ауырсынуды басу үшін қолданылады.
Дәрі – дәрмекті ағзаға еңгізу жолдары
Энтералды енгізу жолдары Энтералды жол деп – дәрі – дәрмекті асқазан ішек трактісі арқылы енгізу, яғни ауыз, тіл асты, тік ішек арқылы енгізу. Пероралды Сублингвалдық Ректалды
Пероралды енгізу жолдары Дәріні ауыз арқылы қабылдау кең таралған.Дәріні ауыз арқылы қабылдағанда,ол аш ішекте сіңіріліп, қан тамырлары арқылы бауырға түседі де жалпы қан айналымына қосылады.
Пероралды қабылдау Тиімділігі Бұл жолмен әртүрлі көлемдегі дәрілерді қабылдауға болады(ұнтақ,пилюла,таблетка,қайнатпа,микстура). Жәй және ыңғайлы. Залалсыздандыруды талап етпейді. Арнайы дайындалған көмекшілерді талап етпейді. Тиімсіздігі Дәрілік заттардың бауырға,асқазан мен ішектің шырышты қабығына кері әсер беруі. Науқастың ессіз жағдайында не жүрегі айну кезінде дәріні қабылдай алмауы. Ас қорыту жолында дәрінің баяу әрі толық сіңірілмеуі. Шұғыл жағдайда дәрінің әсері жылдам керек кезінде тиімсіз.
Сублингвалдық енгізу Сублингвалдық енгізу деп – дәрілік заттарды тіл асты арқылы қабылдау. Дәріні былай қабылдағанда тіл асты шырышты қабаты арқылы тез ыдырап қанға араласып, бауырдан өтіп асқазанға әсер етпейді. Бұл жолда өте белсенді дәрілерді аз мөлшерде (мысалы: 0,0005 г. көлемде нитроглицерин, 0,06 валидол) қабылдауға болады.
Ректалды енгізу жолдары Ректалды енгізу жолдары деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізуді айтады. Ректалды жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар), сонымен қатар қатты (ректалды суппозиторий) дәрілерді енгізеді. Ректалды жолмен дәріні науқас ауыз арқылы қабылдай алмаса (жүрек айнуы, жұтына алмауы жағдайында, ес-түссіз жағдайында, асқазанның шырышты қабығының зақымдануы кезінде және т.б) немесе жергілікті әсер ететін дәріні енгізу кезінде қолданылады.
Суппозиториді тік ішекке енгізу Іс-әрекеттер алгоритмі Науқасты сол жақ қырына жатқызып, аяқтарын бүгіп бауырына жинатқызып жатқызу. Қаптағыш қағазын ашып алу. Сол қолыңызбен енгізуге дайындайсыз. Оң қолмен жіңішке жағын енгізесіз.
Дәрілік заттарды сыртқы енгізу жолдары Сыртқы енгізу-бұл кілегей қабығына және теріге, құлаққа, көзге, дәрілік заттарды қолдану. Аталмыш дәрілік заттар тұрақты жерлерге арналған, яғни зақымдалған тері арқылы сіңіп кетеді. Компрестер, сепкіштер, майлау, жарақат үстіне арналған тағыштар, құлаққа, мұрынға, кқзге тамызғылар құю, құлақпен көзді майлау- осылардың бәрі түгел дәрілік сыртқа енгізу формалары болып табылады. Майларды терінің жұқа жерлеріне және шашты емес жерлерге ысқылау арқылы жасайды. Терінің ысқылайтын жері таза болуы керек. Тері құрғақ болғанша 30-40 минут майларды немесе сұйық заттарды айналдырып жағып шығамыз.
Ингаляциялық енгізу жолдары Тиімділігі Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары сапасында жетуі. Тиімсіздігі Бронхиалдық өту жолдарының нашар өткізгіштігінен дәрілік заттың қабынған жерге дұрыс жетпеуі. Тыныс алу жолдарының шырышты бөлігінің дәрілік заттар әсерінен қабынуы мүмкін.
Парентералды енгізу жолдары Парентералды енгізу жолы дегеніміз- дәрілерді ас қорыту трактысына соқпай енгізу жолы. тері ішінде тері астында бұлшық ет ішінде тамырға көктамырға қуыстарға Сүйек ішіне Субарахнойдалдық кеңістікке.
МҰ емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алу ережелері Дәрігер бқөлімшеде, науқастардытексеру барысында, ауру тарихына немесе нұсқау қағазына осы емделушіге қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады. Палаталық медбике нұсқауларды іріктеп, тағайындалған дәрілерді дәптеріне көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбекесіне береді. Поста немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілердің тізімі орыс тілінде бөлімшенің аға медбикесіне беріледі. Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәріханадан дәрілерді алуға арналған талап ету құжатын аға медбике толтырады. Улы және есірткілік дәрілер, сонымен қатар, этил спритіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕАМ-нің бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарынада, емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді, Аға медбике дәріханада дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер – сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер – ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрі – көк түсті. Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік фораларда фармацевтің қолы болуы керек.
Бөлімшедегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар Мейірбике бөлмесінде дәрі-дәрмектер сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек. Дәрілік заттар шкаф ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (антибиотиктер, диуретиктер, ). Шкафтың төменгі сөрелерінде тұңбалар, спиртті сығындылар (натрий хлориді , глюкоза және т.б.) орналасады. Шкафтың артқы бөлігінде үлкенірек дәрілер, алдына кіші ыдыс пен қорапшадағы дәрілер орналасады. Бүлінетін дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде сақтайды (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарды). Иісі анқыған дәрілерді (иодофарм, мезол) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек қораптарда сақтайды. Тез бұзылатын препараттар (тұңбалар, қайнатпалар, микстуралар) мен майлар, вакциналар, сары су, ректалдық балауыздарды тоңазытқышта сақтайды. Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы залалсыз ерітінділердің сақтау мерзімі – 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар – 3 тәулік, тұңбалар, қайнатпалар, микстуралардың сақтау мерзімі – 3 тәуліктен аспауы қажет. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.
Дәрілерді сақтауға арналған процедура кабинетіндегі шкафтар, тоңазытқыш және сейф.
Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотроптты дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері Есірткілік препараттар – бас дәрігердің қолы мен мөрі басылған, латын тілінде жазылған, бөлек талап ету құжаты бар дәріханадан алынады. Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде “А” (улы дәрілер) және “В” (әсері күшті дәрілер) тізіміне кіретін дәрілер атаулары, тәуліктік дозалары сейфте сақталады. Сейф кілті аға медбикеде немесе тәжірибелі медбикеде болады. Емделушіге есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның қатысуымен енгізеді. Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында және науқастың ауру тарихына жазу қажет. Есірткілерден босаған ампулаларды тастамайды, оларды жинап, қолданылмаған ампулалармен бірге қояды. Сонында бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.
“А” және “В” тізіміне кіретін препараттарды сақтауға арналған сейфтер.
Достарыңызбен бөлісу: |