⃰ ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету



бет1/4
Дата31.01.2022
өлшемі41,96 Kb.
#116666
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Факультатив 11 сынып матсауаттылық
10 сынып алгебра бақылау, №5 дәріс, Текст 3 ученик, DriverLicense РАБИГА БАЛКЫБЕКОВА5380097345342668202, ekman-p.-psihologiya-lzhi.-obmani-menya-esli-smozhesh-getlib.ru


Түсініктеме

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды . Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру . Бұл үлкен жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Ұлттық жоспарда Қазақстан мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері айқындалды. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалынды:

⃰ ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету;

⃰білім беру мазмұнын жаңарту;

оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

⃰ мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүйесінің жасалуы;

⃰ материалдық-техникалық базаның жақсартылуы.

Ендеше, бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет – оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет