Зияткерлік меншік бойынша сауалнамағА Қатысуға ақпараттандырылған келісім



бет1/5
Дата30.11.2022
өлшемі26,64 Kb.
#160533
  1   2   3   4   5
Байланысты:
анкетир. по интел. собственности
информационное письмо Курултая на двух языках Тәуелсіздік және Жастар, 11 сынып БЖБ 2 ТОҚСАН

Қосымша
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК БОЙЫНША САУАЛНАМАҒА
ҚАТЫСУҒА АҚПАРАТТАНДЫРЫЛҒАН КЕЛІСІМ

ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Қазпатент) бұл сауалнаманы халықтың зияткерлік меншік саласында хабардар болу деңгейін анықтау мақсатында жүргізіп жатыр.


Сауалнама және оны талдау нәтижесінде алынған ақпарат зияткерлік меншікті қорғау саласындағы саясатты айқындайтын және оны жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілетін болады және зияткерлік меншік саласындағы құқықтық мәдениет пен сауаттылықты нығайтуға негіз болады.
Сауалнама Google платформасында келесі сілтеме бойынша онлайн жүргізіледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScRC68ShnML_18RbKFZFshKyfelUhsm_ga5YGScaUyXbMB-_Q/viewform?usp=sf_link.
Интернетке қолжетімділігі жоқ мектеп оқушылары үшін сауалнаманы толтыру формасы ұсынылады.
Сауалнама 11 сұрақтан тұрады және оны толтыру сіздің балаңызға 10 минуттан аспайды.
Қатысу еріктілігі
Балаңыздың зерттеуге қатысуы толығымен ерікті. Сіз немесе сіздің балаңыз зерттеуге қазір қатыспауды немесе теріс салдарсыз кез келген кезеңде қатысуды жалғастырмауды таңдай аласыз.
Құпиялылық
Сауалнама толығымен анонимді болып табылады, сауалнама шеңберінде жеке деректер жиналмайды. Барлық нәтижелер тек жиынтық түрінде ұсынылады.

Зерттеуге қатысты сұрақтарыңыз болса, сауалнаманы ұйымдастыру және өткізу бойынша үйлестірушілерге хабарласуыңызға болады: Алтын Шайзоллақызы Сапарғалиге (+77473118375, +77172621519), Аружан Асылбекқызы Ұлхановаға (+77024703600, +77172621519).


ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК БОЙЫНША САУАЛНАМАҒА
ҚАТЫСУҒА АҚПАРАТТАНДЫРЫЛҒАН КЕЛІСІМДІ РАСТАУ

Осы ақпараттандырылған келісім формасына қол қою арқылы мен зерттеуге қатысудың мақсаттарын, тәртібін және әдістерін оқып, түсінгенімді растаймын. Барлық сұрақтарымды қоюға мүмкіндігім болды. Осы зерттеуге байланысты мені қызықтырған барлық сұрақтар бойынша қанағаттанарлық жауаптар мен түсініктемелер алдым. Мен баламның осы сауалнамаға қатысуына келісім беремін.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет