?туберкулездің төзімді формасы кезінде қысқартылған ауыз арқылы пероральды) емдеу режимі қандай пациенттерге тағайындалады?
- RR, КДТ-ТБ
-H ке төзімді-ТБ
-АДТ-ТБ
- АДТ алдындағы ТБ
-КДТ-ТБ
?Науқас К., 25 жаста алғаш рет шектеулі көп дәріге төзімді туберкулез диагнозы қойылды. Бұрын ІІ қатардағы ТҚП қабылдамаған. Ауқымды туберкулезге төзімді туберкулезі бар науқаспен қатынас жоқ. Қосымша аурулары жоқ. Қандай емдеу режимі тиімді?
-9 айға дейін қысқартылған емдеу режимі
-1 айға дейін қысқартылған емдеу режимі
-20 айға дейін ұзақ емдеу режимі
-24 ай ұзақ емдеу режимі
-20-24 ай ұзақ емдеу режимі
?Алматы қаласы мектептерінің бірінің 1-сыныптарына тері ішілік Манту сынамасы қойылды, мынадай нәтижелер алынды: 600 балада - оң, 300 - де - күмәнді, 500 - де-теріс, 100-де-күрт оң. Педиатр қанша балаға БЦЖ ревакцинациясын тағайындайды?
-500
-1500
-800
-100
-1000
?11 жастағы бала, жалпы әлсіздікке, субфебрильді температураға, жиі отит және кератоконъюктивитке шағымданады, рентгенде трахеобронхиальды лимфа түйінінің ұлғаюымен байланысты оң өкпенің С1-де инфильтративті көлеңке түріндегі өзгерістер анықталды.Дәрігер диагнозды нақтылау үшін алдымен балаға қандай зерттеу жүргізеді?
- Манту сынамасы және ТМБ қақырық микроскопиясы
- қақырық микроскопиясы және ТМБ –на бак.себу
-өкпенің компьютерлік томографиясы
-жалпы қан және зәр талдауы
-ИФТ және ПТР
?Бала У., 6 жаста, туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынасқа байланысты фтизиатрдың бақылауында болды, профилактикалық емдеу тағайындалды, бірақ ол химиялық препараттарды қабылдамады. Соңғы уақытта температураның 37,5 С дейін көтерілуі, жиі ұстама тәрізді жөтел, жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалды. Диагностикалық мақсатта дәрігердің қай зерттеуді тағайындағаны дұрыс?
-ТМБ қақырық микроскопиясы, өкпе рентгенографиясы, Манту/АТР
-тері үстілік Пирке сынамасы, өкпенің шолу рентгенографиясы
- кеуде қуысының шолу рентгенографиясы немесе КТ
-ЖҚТ, ЖЗТ, екіншілік флораға қақырық
-ТМБ қақырық микроскопиясы, себу, ИФТ,ПТР
?26 жастағы әйел жедел жәрдем көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына Тұмау.Пневмония? диагнозымен жеткізілді. Бөлімшеге жатқызылды. Өкпені рентгенологиялық тексеру кезінде өкпеде екі жақты жалпы диссеминация анықталды. Шұғыл түрде қақырық микроскопиясы жүргізілді ТМБ+. Бұл жағдайда дәрігердің ең ықтимал тактикасы қандай?
-туберкулезге қарсы стационарға жатқызу
-фтизиатр кеңесі қажет деген ұсыныспен үйіне жіберу
- шығарғаннан кейін фтизиатр кеңесін ұсыну
-туберкулезге қарсы диспансерге жіберу
-антибактериальды терапия жүргізу
?
Достарыңызбен бөлісу: |