№ исх: 36-01-05/2477 от: 22. 12. 2015 Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының



бет10/15
Дата06.07.2018
өлшемі3,7 Mb.
#48073
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Облыс тұтынушыларымен бүгінгі таңда 280-290 МВт көлемінде орташа сағаттық электр қуатын тұтынады.

Облыс электроэнергиясына үлкен тапшылыққа ие. Энергияның ішкі көздері аймақтың электроэнергиясына деген жалпы тапшылығының 45-47% қамтамасыз етеді, ал қалған жетпейтін көлемі, негізінен елдің солтүстік аймақтарынан алынады. Электроэнергия тапшылығының 40-45 млн. кВт/с көлемі, Нарын-Сырдария ГЭС каскадын кешенді қолдану туралы Үкіметаралық келісімі негізінде Қырғыз Республикасынан алу есебінен жабылады.

Облыс тұтынушыларының электр энергияны орташа тұтынуы:


  • қыс мезгілінде 430-470 МВт, тапшылығы, немесе сырттан

тасымалданатыны 45-47 %;

  • жаз мезгілінде 330-350 МВт, тапшылығы, немесе сырттан

тасымалданатыны 55-60 %;

Сонымен бірге, облыстың электр энергияға тапшылығы солтүстік өңірлерден және Жамбыл ГРЭС-нен тасымалданады.

Облыста барлығы 25 517,7 шқ. әуе, кабілдік электр желілері, 7311 дана қосалқы станциялар мен трансформаторлар бар, атап айтқанда:


  • «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгеріміндегі электр желілері 22 810,6 шқ., қондырғылары 6127 дана, жалпы үлес салмағы 89,8 %, тозығы жетуі 62 % құрап отыр;

  • Аудан, қалалардың коммуналдық меншігіндегі электр желілері 1704,6 шқ., қондырғылары 981 дана жалпы үлес салмағы 7,5 %, тозығы жетуі 42 % құрап отыр. Бұл жерде бұрынғы иесіз қазіргі кезде коммуналдық меншікке алынған электр желілері мен қондырғылары есепке алынған.

Жекеменшіктегі электр желілері 959,4 шқ., қондырғылары 426 дана, жалпы үлес салмағы 2,7 %. Жекеменшіктегі электр желілері мен қондырғыларының тозығы жетуін азайту мемлекеттік инвестиция есебінен жүргізілуде.

2014 жылы облыста барлығы 26 054,5 шқ. әуе, кабілдік электр желілері, 7300 дана қосалқы станциялар мен трансформаторлар бар, атап айтқанда:



  • «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС теңгеріміндегі электр желілері 22 868,6 шқ., қондырғылары 5610 дана, жалпы үлес салмағы 85,9 %, тозығы жетуі 59,5 % құрап отыр.

Электр энергия өндірудің балансы




Көрсеткіштері

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж. жоспар

1

2

3

4

5

6

7

Мақсатты индикатор:

Жалпы мемлекеттің электр энергияға сұранысын ішкі энергетикалық көздердің өндіретін электр энергиямен 100% -ға қанағаттандыру

Көрсеткіш: Болжамдық тұтыну 3,90 млрд. кВт с болғанда электрэнергия өндірісінің жыл сайынғы өсім қарқынын 2015 жылы 2,28 млрд.кВтс жетуін қамтамасыз ету

1

Электрэнергияны тұтынуы млрд.кВт/с

3,64

3,69

3,9

4,0

3,9

1.1

Электрэнергияны өндіру млрд.кВт/с

1,323

1,384

1,231

1,406

1,324

1.2

Жаңғырмалы энергия көздерінен өндірілетін электр энергия, млрд.кВт/с

0,0032

0,0051

0,0065

0,0074

0,012

2

1. Міндет

«3-Энергоорталық» АҚ-да реконструкция және модернизация жүргізу
















2.1

Белгіленген қуаты, МВт

160

160

160

210

210

2.2

Қуаттарын күшейту, МВт

-

-

-

-

-

2.3

Куаттарды енгізу,МВт

-

-

-

-

-

2.4

Орнатылған қуаты МВт

160

160

160

210

210

3

2.Міндет Модернизациялау, реконструкциялау және электр желілерінің құрылысын жүргізу



















Модернизация, реконструкция жүргізу және электр желілерді кеңейту



















Электр желілерінің ара қашықтығы, мың.км

22,926

23,66

23,9

24,251

24,516




220 кВ -тық әуе электр желілері




0,40













110 кВ-тық әуе желілері

1,547

1,555

1,560

1,56

1,579




Тозуы ,%

61,0

60,0

59,0

58,0

57,0




35 кВ-тық электр желілері

3,044

3,044

3,044

3,058

3,072




Тозуы,%

67,0

66,0

65,0

64,0

63,0




10-0,4 кВ-тық электр желілері

18,335

18,661

19,296

19, 633

19, 865




Тозуы,%

65

64,5

62,0

59,5

57,5

4

3.Міндет Электр желілері мен қосалқы стансалардағы нормативтік шығындарды азайту,%

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

4.1

110 кВ, км-әуе электр желілері

10

10

6,9

5,4

5,4

4.2

35 кВ, км-әуе электр желілері

7,6

7,6

7,6

7,6

7,6

4.3

10-0,4 кВ кВ, км-әуе электр желілері

234

234

234

252

252

4.4

110 кВ-тық қосалқы станса ,%

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

4.5

35 кВ-тық қосалқы станса ,%

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

4.6

Трансформаторлар 10-0,4 кВ, %

1,2

1,2

1,3

1,3

1,3

4.7

Нормативтік шығындар,%

18,41

18,04

18,00

17,96

17,92

5

Мақсатты индикатор:

Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану 2015 жылға өндірілетін жалпы электр энергияның көлемінде құрайды

0,1

0,38

0,5

3,62

3,49

5.1

Белгіленген қуаты, МВт

1,32

1,32

1,32

1,32

4,32

5.2.

Жаңғырмалы энергия көздерінен өндірілетін электр энергияның көлемі млн.кВтс

3,21

5,04

4,709

4,5

7,8

6.

Стансалар бойынша белгіленген қуаты (МВт)

261,32

261,32

261,32

261,32

261,32

6.1

«Шардара СЭС» АҚ

100

100

100

100

100

6.2

«3-Энергоорталық» АҚ

160

160

160

160

160

6.3

«Келесгидрострой» АҚ


1,32

1,32

1,32

1,32

1,32

7.

Орнатылған қуаты, МВт


261,32

261,32

261,32

261,32

261,32

7.1

«Шардара СЭС» АҚ


100

100

100

100

100

7.2

«3-Энергоорталық» АҚ


160

160

160

160

160

7.4

«Келесгидрострой» АҚ


1,32

1,32

1,32

1,32

1,32

2014 жылы электр энергия өндірудің балансы




Көрсеткіштері

1 кезең

2 кезең

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж. жоспар

1

2

3

4

5

6

7

Мақсатты индикатор:

Жалпы мемлекеттің электр энергияға сұранысын ішкі энергетикалық көздердің өндіретін электр энергиямен 100% -ға қанағаттандыру

Көрсеткіш: Болжамдық тұтыну 3,90 млрд. кВт с болғанда электрэнергия өндірісінің жыл сайынғы өсім қарқынын 2015 жылы 2,28 млрд.кВтс жетуін қамтамасыз ету

1

Электрэнергияны тұтынуы млрд.кВт/с

3,64

3,69

3,9

4,1

4,3

1.1

Электрэнергияны өндіру млрд.кВт/с

1,323

1,384

1,115

1,228

1,136

1.2

Жаңғырмалы энергия көздерінен өндірілетін электр энергия, млрд.кВт/с

0,0032

0,0051

0,0065

0,0052

0,008

2

1. Міндет

«3-Энергоорталық» АҚ-да реконструкция және модернизация жүргізу
















2.1

Белгіленген қуаты, МВт

160

160

160

160

160

2.2

Қуаттарын күшейту, МВт

-

-

-

-

-

2.3

Куаттарды енгізу,МВт

-

-

-

-

-

2.4

Орнатылған қуаты МВт

160

160

160

160

160

3

2.Міндет Модернизациялау, реконструкциялау және электр желілерінің құрылысын жүргізу



















Модернизация, реконструкция жүргізу және электр желілерді кеңейту



















Электр желілерінің ара қашықтығы, мың.км

22,926

23,66

23,9

24,251

24,516




220 кВ -тық әуе электр желілері




0,40













110 кВ-тық әуе желілері

1,547

1,555

1,560

1,56

1,579




Тозуы ,%

61,0

60,0

59,0

58,0

57,0




35 кВ-тық электр желілері

3,044

3,044

3,044

3,058

3,072




Тозуы,%

67,0

66,0

65,0

64,0

63,0




10-0,4 кВ-тық электр желілері

18,335

18,661

19,296

19, 633

19, 865




Тозуы,%

65

64,5

62,0

59,5

57,5

4

3.Міндет Электр желілері мен қосалқы стансалардағы нормативтік шығындарды азайту,%

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

4.1

110 кВ, км-әуе электр желілері

10

10

6,9

5,4

5,4

4.2

35 кВ, км-әуе электр желілері

7,6

7,6

7,6

7,6

7,6

4.3

10-0,4 кВ кВ, км-әуе электр желілері

234

234

234

252

252

4.4

110 кВ-тық қосалқы станса ,%

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

4.5

35 кВ-тық қосалқы станса ,%

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

4.6

Трансформаторлар 10-0,4 кВ, %

1,2

1,2

1,3

1,3

1,3

4.7

Нормативтік шығындар,%

18,41

18,04

18,00

17,96

17,92

5

Мақсатты индикатор:

Жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану 2015 жылға өндірілетін жалпы электр энергияның көлемінде құрайды

0,1

0,38

0,5

3,62

3,49

5.1

Белгіленген қуаты, МВт

1,32

1,32

1,32

1,32

4,32

5.2.

Жаңғырмалы энергия көздерінен өндірілетін электр энергияның көлемі млн.кВтс

3,21

5,04

4,709

4,5

7,8

6.

Стансалар бойынша белгіленген қуаты (МВт)

261,32

261,32

261,32

261,32

261,32

6.1

«Шардара СЭС» АҚ

100

100

100

100

100

6.2

«3-Энергоорталық» АҚ

160

160

160

160

160

6.3

«Келесгидрострой» АҚ

1,32

1,32

1,32

1,32

1,32

7.

Орнатылған қуаты, МВт

261,32

261,32

261,32

261,32

261,32

7.1

«Шардара СЭС» АҚ

100

100

100

100

100

7.2

«3-Энергоорталық» АҚ

160

160

160

160

160

7.4

«Келесгидрострой» АҚ

1,32

1,32

1,32

1,32

1,32

Облыс бойынша электр энергияның неізгі тұтынушысы жекеменшік сектор, олар электр энергия тұтынылуының 60 % құрайды

Қазақстан Республикасындағы электр энергияның көтерме саудасына енуге энергия таратушы жерлерде АСКУЭ енгізу маңызды роль атқарады. Электр энергияның коммерциялық жүйесі тұтынылудағы энергияның толыққанды есебін анықтауға, энергияның сапалылығын, энергия шығынын анықтауға және оларды болдырмауға, энергия тарату кезінде «көрнектілігін» қамтамасыз етеді. 2010 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і АСКУЭ ендіруге 136,0 млн.теңге қаражат жұмсап, «Западная» подстанциясына АСКУЭ-нің негізгі қондырғыларын орнатып, іске түсіру жұмыстарын жасады.

Облыстағы энергетикалық мекеме «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвестициялық бағдарлама аясында:

- 2010-2011 жылдары Шымкент қаласында 156,2 млн.теңгеге 258 дана электр энергияны өлшеудің автоматтандырылған жүйесін (АСКУЭ) орнатты, нәтижесінде 386 966 кВт/сағ электр энергиясы үнемделді;

- 2012 жылы Шымкент қаласында 108,1 млн.теңгеге 1099 дана орнатып, 1 453 430 кВт/сағ электр энергиясы үнемделді;

- 2013 жылы Шымкент қ. 190 дана, ал Түркістан қ. 168 млн.теңгеге 2284 дана АСКУЭ құралы орнатылып, 1 602 088 кВт/сағ электр энергиясы үнемделді.

- 2014 жылы Түркістан қ. 224 млн.теңгеге 3023 дана АСКУЭ орнатылып, нәтижесінде 1 813 800 кВт/сағ электр энергия үнемделді.

2012 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС «Западная» подстанциясына АСКУЭ-нің негізгі қондырғыларын орнатып, іске түсіру жұмыстарын жасады. 2011-2012 жылдары Шымкент қаласындағы ТП,КТП, РП кернеуі 0,4 кВ желілеріне энергия өлшеу кондырғыларының комплексі орнатылды.

«Институт»»Казсельэнергопроект ЖШС-і 2007 жылы подстанциялармен желілердің құрылысына «Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласының таратушы 11035 кВ-тық электр жүйелерінің 2015 жылға және 2020 жылға дейінгі перспективалық дамуының Жоспарын» жасады.

Баламалы көздер бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында қуаты 1,32 мВт «Келесгидрострой» шағын су электр стансасы 2009 жылы 4,8 млн.кВт, 2013 жылы 4,709 млн.кВт сағат энергия өндірді. 2010 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 1,5 % болды. 2012 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 0,38 % болды. 2014 жылы тамыз айында Келес өзенінде қуаты 2 МВт болатын «Рысжан» ШСЭС іске қосылды. 2019 жылға дейін аталған серіктестік қосымша 3 ШСЭС салуды жоспарлауда. 2013 жылы баламалы энергия көздерінің үлесі 0,134 % болды.

Облысымызда жел потенциалы жеткілікті. Халықаралық ПРООН мекемесінің Қазығұрт және Түлкібас аудандарында жүргізген тексерулері бойынша қуаты 41,2 мВт-тық, 2014 жылы Бәйдібек ауданының Жүзімдік елді мекенінің маңына қуаты 41,25 мВт болатын стансалар салуға мүмкіншіліктер бар. 2015 жылғы қарай қуаты 41,2 мВт болатын стансаның құрылысы аяқталуы тиіс. Баламалы энергияның үлесі 2015 жылы 0,303 % болуы күтілуде.

«Қазақстандық Коммуналдық желілері» ЖШС 2014-2016 жылдары Бәйдібек ауданы Жүзімдік елді мекенінде қуаты 42 МВт болатын жел электр станциясын салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда техникалық экономикалық негіздемесі әзірленуде. Құрылысын 2016-2017 жылдары жүргізу жоспарлануда. Баламалы энергияның үлесі 2015 жылы 0,186 % болуы күтілуде.
Проблемалық мәселелер:


  • Электр қуатының жетіспеушілігі;

  • Шымкент, Түркістан қалаларында орналасқан подстанциялардың трансформаторлары артық жүктемемен жұмыс істеуі;

  • Өзбекістан Республикасының аумағы арқылы 26 км кернеуі 110 кВ-тық желісінің өтуі;

  • Мақтарал ауданының соңғы тұтынушыларында электр энергияның сапасыздығы;

  • Коммуналдық жүйелердің тозығының жетуі.


Проблемаларды шешу жолдары:

- Әлеуметтік инфраструктура нысандарын дамытуға мемлекеттік және жекеменшік инвестиция тарту;

- Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту;

- Сапалы қоммуналдық қызмет көрсету;

- Ішкі облыстық энергетикалық көздерінде қатты отынға ауыстыра отырып, («3-Энергоорталық» АҚ) реконструкция және модернизация жүргізу арқылы қуатын 320 МВт-қа жеткізу, «Шардара СЭС» АҚ-ның 16%-ға өндіру қуатын күшейту үшін құрылғыларына модернизация жүргізуді жеделдете аяқтау;

- Шағын су электр стансаларын және жел электр стансасын салуға ниет білдірген инвесторларға салық жеңілдіктерін қарастыру;

- Электрмен жабдықтау нысандарының құрылысын жүргізу;

- Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатының жетіспеушілігін азайту мақсатында ішкі облыстық энергетикалық көздерінде қатты отынға ауыстыра отырып, («3-Энергоорталық» АҚ) реконструкция және модернизация жүргізу арқылы қуатын 320 МВт-қа, 2013 жылы 210 МВт-қа жеткізу, «Шардара СЭС» АҚ-ның 5 %-ға, 2013 жылы 116 МВт өндіру қуатын күшейту үшін құрылғыларына модернизация жүргізуді жеделдете аяқтау. Шағын су электр стансаларын және жел электр стансасын салуға ниет білдірген инвесторларға налог төлеуде жеңілдіктерін қарастыру;

- қосалқы стансалардағы трансформаторлардың жүктемелерін азайту үшін республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуі;

- Сарыағаш ауданы Абайбазар елді мекенінің маңында 220 кВ-тық әуе электр желісімен 220/110/10 кВ-тық «Қызыләскер» қосалқы станциясының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде және жоспарланып отырған қосалқы стансадан Мақтарал ауданына дейін екі цептік 110 кВ-тық әуе электр желісінің құрылысын жүргізу қажет.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы «Бозарық» 220/110/10 кВ жартылай жабық түріндегі қосалқы стансаның 220 кВ электр желісімен қоса жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 2012-2013 жылдары 233 млн. теңге бөлініп дайындалды.

Энергия үнемдеу

2009 - 2011 жылдары шаруашылық субъектілері 2691 млн. теңгені энергия үнемдеу іс-шараларына жумсауды көздеуде, оның 2569 млн. теңгесі мекемелердің өз қаражаты және 124,1 инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылады. Энергия үнемдеу іс-шараларын енгізудің тимділігі 49 мың тшо (тұтынудың шартты отыны) құрады.

Мемлекет басшысының энергия үнемдеу саясатын іске асыру мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысының энергия үнемдеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» 2013 жылы 19 наурызда облыс әкімдігінің № 65 қаулысымен мақұлданып, 28 наурызда облыстық мәслихаттың №12-107-V шешімімен бекітілді.

Оның негізгі мақсаты: бюджеттік мекемелерде, энергияны көп мөлшерде пайдаланатын мекемелерде, тұрғын үй қорында, энергиямен қамтамасыз етуші мекемелерде энергия үнемдеу арқылы энергияны пайдаланудың көлемін азайту.

Бағдарламаға шаруашылық субьектілердің энергия үнемдеу бағдарламалары, бюджеттік мекемелердің, тұрғын-үй қорының энергия үнемдеу туралы іс-шаралары енгізілген.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і жүктемелілігі жоғары кернеуі 0,4 кВ-тық желілердің сымдарын, жүктемелілігі жоғары және төмен кернеуі 10/0,4 кВ трансформаторларды және кернеуі 6-10/0,4 кВ кабельдік желілерді ауыстырды.

Кернеуі 0,4 кВ желілердің сымдарын ауыстыруда энергия ұрлау жолдарын тоқтату қарастырылады. Қалада СИП сымдарын орнату және пайдалану қолған алынды, ол желілердің сымдарына тұтынушылардың өздерінше сым жалғау арқылы электр энергиясын ұрлауды тоқтатуда. Өз кезегінде бұл жұмыстар желілердегі электр энергияның нормативтен тыс шығындарын төмендетті.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік мекемелер жыл сайын энергия үнемдеу бағдарламасы жасалынып, іске асырылады, энергия үнемдеу іс-шараларын орындау барысында облыс аумағындағы жылумен қамтамасыз ету саласына бюджеттен 2010 жылы 5,1 млрд.теңге, 2013 жылы 772,0 млн.теңге қаржы бөлініп, ол қаражатқа 2010 жылы 28 шқ, 2013 жылы 24,1 және 2010 жылы 53,2 шқ, 2013 жылы 9,6 шқ жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

«Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-і 2009 жылы электр жүйелерін модернизациялауға және қайта жаңғыртуға 790 млн.теңге қаражат бөлініп, трансформаторлар кернеуі 0,4 кВ-тық созылымы 124,7 шақырым, кернеуі 6-10/0,4 кВ-тық 96 дана, қосалқы станция ауыстырылды. Нәтижесінде, электр қондырғыларының тозуы 2009 жылы 65 % дейін төмендетілді.

«Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-і 2013 жылы электр жүйелерін модернизациялауға және қайта жаңғыртуға 2836,9 млн.теңге қаражат бөлініп, трансформаторлар кернеуі 6-10/0,4 кВ-тық, созылымы 777,6 шақырым 6 дана, 110-35 кВ-тық 2 дана қосалқы станция ауыстырылды. Нәтижесінде, электр қондырғыларының тозуы 2013 жылы 62 % дейін төмендетілді.

Электр энергияны өлшейтін қондырғылармен қамтамасыз етілуі-100 %, газбен судың өлшегіш құралдармен қамтамасыз етілуі 100 % жеткізіледі.

Облыс көлемінде энергия ресурстарын үнемдеу мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысының энергия үнемдеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» 2013 жылы 19 наурызда облыс әкімдігінің № 65 қаулысымен мақұлданып, 28 наурызда облыстық мәслихаттың №12/107-V шешімімен бекітілген.

2013-2014 жылдары осы кешенді жоспарға сәйкес 83 тармақтан тұратын энергия үнемдеу іс-шаралары қаралған, атап айтқанда: Энергетикалық мекемелерде («3-Энергоорталық», Шардара СЭС» АҚ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Су ресурстары- Маркетингі" ЖШС) және ірі кәсіпорындарда («Химфарм» АҚ, «Шымкентцемент» АҚ, «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС) орналатылған негізгі техникалық қондырғыларды жаңғырту жұмыстары, өз инвестиция есебінен 13 614,5 млн. теңгеге іске асырылды. Нәтижесінде 9,1 млн. кВт сағ электр энергия, 90 800 Гкал жылу, 7,75 млн. м3 ауыз су, 15 млн.куб. метр табиғи газ, немесе1 185 млн. теңге үнемделді.

Бюджеттік мекемелерде энергия үнемдеу мәселесіне келетін болсақ, облыста жалпы 3255 бюджеттік мекеме бар. Осы мекемелердегі 611 236 тез қызғыш лампылардың 513 438 данасы энергия үнемдеу (ішінде сынабы бар) лампыларына ауыстырылған.

Көше жарықтандыру бойынша облыстағы 48 817 дана көше жарықтандыру лампыларының 46376 данасы энергия үнемдеу лампыларына ауыстырылды.

Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында облыстың 100 жуық бюджеттік мекемелерінде жылу есептеу құралдары орнатылып, нәтижесінде жылу энергиясын үнемдеу 46 пайызға жеткен.

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында облыстың аудан, қалаларындағы көп қабатты 127 тұрғын үйлерге республикалық бюджеттен 31,3 млн. теңге бөлініп, энергия аудит жүргізілді. Оған қоса 77 көпқабатты тұрғын үйлерге 660,7 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Энергия үнемдеуді насихаттау. Облыстың аудан, қалаларының көрнекті жерлерінде 45 баннер ілінген, энергия үнемдеу лампыларын насихаттап, телеарналарда видео роликтер апта сайын көрсетілуде. 2014 жылы аудан, қалалардың бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда:

Мақтарал ауданында «Электр энергиясын үнемді пайдаланайық», «Болашақтың энергиясы - Қазығұртта пайдалануда», Сапалы жарықпен қамтылады», «Табиғи ресурстарды дамыту маңызды», «Сад для ЕХРО», «Серьезный импульс к развитию», «Энергию ветра – в дело», «Южный край-солнечный рай», «Оңтүстікте күн энергиясы станциясы салынады» атты мақалалар жарық көрді. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқарамасы тарапынан 5 семинар-кеңес және 15 білім беру оқу орындарда дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұл жұмыстар жалғасын табуда, бақылауға алынған.

«Оңтүстік Қазақстан облысының энергия үнемдеудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары» облыстық мәслихаттың шешімімен өз күшін жойды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы «Энергия үнемдеу-2020 бағдарламасын бекіту туралы» №904 қаулысына сәйкес, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқарамасы тарапынан «Оңтүстік Қазақстан облысының энергия үнемдеудің 2015-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен 2014 жылы 3 қарашада келісіліп, 2015 жылы 3 ақпанда облыс әкімдігінің №25 қаулысыен мақұлданып, 19 наурызда облыстық мәслихаттың 36/295-V шешімімен бекітілді.



Жылумен қамту саласы

Оңтүстік Қазақстан облысында орталықтандырылған жылу жүйесі 5 жылу көздерін яғни, Шымкент қаласындағы №3 «ЖЭО-3», Кентау қаласындағы ЖЭО-5, Түркістан, Арыс қаласы және Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы орталықтандырылған жылу қазандықтары бар. Облыстағы жалпы 590,2 шақырым оның ішінде; Шымкент 411,6 шқ, Кентау – 155 шқ, Түркістан – 13 шқ, Арыс – 7,9 шқ, Ленгер – 2,7 шқ жылу жүйелері бар. Жылу энергиясымен 2230 көпқабатты тұрғын үй қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылы күрделі магистралды және ішкі орамды құбыр жүйелерін, құрылыс және қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Газбен қамту

Облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы 5467,10 шқ құрайды, оның ішінде жоғары қысымдағысы -745,19 шқ, орта қысымдағысы - 890,30 шқ, төмен қысымдағысы -3831,61 шқ.

Облыс аумағына табиғи газ көршілес Өзбекстаннан тасымалданады. Жоғары және орташа қысымдағы «Газли-Шымкент» газ құбырларының жалпы ұзындығы 3739 шқ құрайды, оның ішінде жер астындағы газ құбырларының ұзындығы - 742 шқ, жоғары қысымда - 530,69 шқ, орташа қысымда - 582,34 шқ, төмен қысымда - 2625,97 шқ. ГРП саны -143, ШРП - 2748. Шымкент қаласының тұрғындары және облыстағы 6 ауданның 148 елді мекені, 990 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер табиғи газбен қамтылған.

2008 жылы облыста 173 отбасы табиғи газбен қамтылса, 2009 жылы облыстық бюджеттен - 239,5 млн. теңге, республикалық бюджеттен - 480,807 млн. теңге, «Жол картасы» аясында 12 елді мекендерде 8 газбен қамту нысандарының құрылысы жүргізілді.

2010 жылы «Жол картасы» аясында республикалық бюджеттен 25 елді мекендердің 13 нысандарының құрылысына 1,3 млрд. теңге бөлінді. Облыстық бюджетен 9 нысандардың құрылысына 607,0 млн. теңге бөлініп, 27 елді мекендердің 18 мың адамы табиғи газбен қамтылды.

2011 жылы 16 нысандарының құрылысына 3743 млн. теңге бөлініп, облыстың 35 елді мекен табиғи газбен қамтылған.

2012 жылы 66 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 16 елді мекенде газдандыру құрылысы аяқталып, онда тұратын 48,255 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілді.

2013 жылы 71 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына және 4 дана АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден 9,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2013 жылы 28 елді мекенде газдандыру құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 66,390 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.

2014 жылы 78 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына және 5 дана АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден 13,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2014 жылы 61 елді мекенде газдандыру құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 218,268 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.

2011-2015 жылдарға арналған 5 жылдық бағдарламаға сәйкес, 236 елді мекендердің құрылысына 37728,7 млн. теңге бөлу көзделуде. Нәтижесінде облыстың 929 елді мекендерінің 411-і немесе 44,2 % табиғи газбен қамтылатын болады.



Сумен қамту

Облыста 2009 жылы 572 800 адам тұратын, 482 елді мекендерінің тұрғындары немесе 53,7 %, 2014 жылы 603 499 адам тұратын, 665 елді мекендерінің тұрғындары немесе 71,5 %, Шымкент қаласының орталықтандырылған көзден ауыз суын қолданады.

Облыста 2009 жылы 482 (572 800 адам ауыз сумен қамтамасыз етілді) елді мекен орталықтандырылған құбыр сумен қамтамасыз етіліп, 51,9 % құрады, ал 2014 жылы орталықтандырылған құбыр сумен қамтамасыз етілген елді мекен саны 667-ге жетіп, 71,8 % құрады.

2009 жылы 545330 адам тұратын, 405 елді мекендерінің тұрғындары немесе 44,9 %, 2014 жылы 434757 адам тұратын, 264 елді мекендерінің тұрғындары немесе 28,4 %, орталықтанбаған көздердің суын қолданады (құдықтар, өздігімен құйылатын скважиналар, бұлақтар және ашық сужинақтары).

2009 жылы орталықтандырылған құбыр суы жоқ елді мекендердің саны 405 немесе 44,9 % -дан, 2014 жылы 262 елді мекенге немесе 28,4 % -ға төмендетілген.

Ауыз суды тұрмыстық қажеттілікке пайдаланушылар: тұрғылықты халық, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік мекемелер ауыз суды тұрмыстық - қажеттілік су құбыры жүйелерінен пайдаланушылар болып табылады.

Пайдаланудағы сапалы ауыз су көлемі, Оңтүстік Қазақстан облысында 2010 жылдың 1 қаңтарына 1012 мың м3/тәулік құраса, оның ішінде қала тұтынушылары 625 мың м3/тәулік, ауылдық 387 мың м3/тәулік .

Облыс қалаларындағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жалпы ұзындығы 4558,1 км құрайды, оның ішінде Шымкент қаласында 2651,3 шқ, Арыс қаласында 147,0 шқ, Жетісай қаласында 156,4 шқ, Кентау қаласында 268,3 шқ, Сарыағаш қаласында 357,2 шқ, Леңгір қаласында 459,2 шқ, Шардара қаласында 298,4 шқ, Түркістан қаласында 247,3 шқ.

Облыста елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған салалық «Ақ-Бұлақ» бағдарламасын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында 2011 жылы – «Ауыз су» жылы деп жарияланды және 114 елді мекенді ауыз сумен жабдықтау құрылысына, 43 нысанды ағымдағы жөндеуге, 14 қала, аудандардағы сумен жабдықтаушы мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындарға арнайы техникалар сатып алуға 2011 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 17 601,0 млн. теңге қаралды.

2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес, 125 елді мекенде ауыз сумен жабдықтау нысандары салынды, оған 19 852,04 млн. теңге қаралды. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 31 елді мекенде, облыстық бюджеттен 94 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 92 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 107 мыңға жуық тұрғын қосымша таза құбыр суымен қамтамасыз етіліп, жалпы құбыр суы бар елді мекендер саны 649 (69,8 %) құрады.

Жалпы облыс көлемінде құбыр суымен қамтылған тұрғындар саны 2,2 млн. жеткізілді.

2013 жылы орталықтандырылған су құбыры бар елді мекендер саны 649, оның ішінде


  • 225 елді мекенге құбыр суы 2002-2012 жылдары жаңадан салынған;

  • 156 елді мекені жарамды ескі су құбырларынан пайдалануда

  • 194 елді мекенде ауыз су құбырларын қайта құруды қажет етеді

  • 74 елді мекен топтасқан ауыз су құбырларына қосылған.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2013 жылы 12,2 млрд. теңгеге ауыз сумен қамтамасыз етуге 38 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілді. (Оның ішінде 30 елді мекендегі құрылыс жұмыстары осы жылы пайдалануға тапсырылып, 8 елді мекендегі құрылыс жұмыстары 2014 жылға өтпелі).

Нәтижесінде, 16 елді мекенде жаңа ауыз су құбырлары, 14 елді мекенде қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 18 838 халық ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жыл қорытындысымен құбыр суы бар елді мекендердің саны 665-ке немесе 71,5 % қол жеткізілді.

2014 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жалпы 8,7 млрд. теңге бөлініп, 39 (оның ішінде: 25 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды, 14 нысанның құрылыс жұмыстары 2015 жылға өтпелі) нысанның құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен құбыр суы бар елді мекендердің саны 667 немесе 71,8 % жеткізілді.

2014 жылдың қорытындысымен облыста 262 елді мекен су құбырымен қамтамасыз етілмеген, оның ішінде 153 елді мекенге дербес су құбырларын салуды қажет етсе, 64 елді мекенді топтасқан су құбырларына қосу жоспарланған (45 елді мекен шалғай орналасқан).

2015 жылға 30 ауыз сумен жабдықтау нысандарының құрылысына 6,6 млрд.теңге және 13 нысанның ЖСҚ-ын әзірлеу (95,5 млн.тг) жоспарланған.

Сонымен қатар, 2015 жылы 26 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 117,9 млн.теңге, 45 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 36,8 млн.теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жалғасуда.



Кәріз жүйесі

Облыста кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 754,6 шқ, оның ішінде Шымкент қаласында 512,4 шқ, Арыс қаласында 29,1 шқ, Жетісай қаласында 8,6 шқ, Кентау қаласында 28,4 шқ, Сарыағаш қаласында 13,5 шқ, Леңгір қаласында 66,5 шқ, Шардара қаласында 49,7 шқ, Түркістан қаласында 46,4 шқ.

Барлық кәріз желілері қалалардың коммуналдық меншігінде. Жалпы кәріз желілерінің 468,7 шқ (немесе 62,1 %) тозған. Шымкент қаласында 498,3 шқ кәріз желілері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не сеніп басқаруға тапсырылған.

Талдау көрсеткендей, кәріз желілері мен имараттары, сумен қамту нысандары сиякты осыдан 30-40 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе жөнделген. Біртұтас алғанда, нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл, шамамен 63 % толық жөндеуді немесе ауыстыруды талап етеді.

2009 жылы «Жол картасы» аясында 8 қалалар мен аудандардың 10 елді мекенінде бюджеттен 344745,0 мың теңге қаржы бөлініп, 51,4 шқ кәріз желілері ағымдағы жөндеуден өтті.

2012-2013 жылдары Шардара қаласының кәріз желілері мен тазалау имаратының құрылысына бюджеттен 1109,4 млн теңге қаржы бөлініп, 31,9 шқ кәріз желілері салынды. Шардара қаласының тұрғындары кәріз жүйелерімен қамтылды.

Сонымен қатар, 2012-2013 жылдары Шәуілдір ауылындағы магистральды кәріз желілері мен тазалау имаратының құрылысына бюджеттен 1023,1 млн теңге қаржы бөлініп, пайдалануға тапсырылды.

Ал, 2013 жылы Леңгір қаласындағы КТИ-1, КТИ-2 кәріз тазалау имараттарын салуға бюджеттен 389,9 млн теңге қаржы бөлініп, құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда, халық игілігіне пайдалануда.

2014 жылы кәріз желілері мен тазалау имаратының құрылысына республикалық бюджеттен 56,1 млн теңге бөлінді. Арыс қаласында қосымша 2 шқ кәріз желілері салынып, 2 мектеп және орталық стадион кәріз жүйесіне қосылды.

Шымкент қаласы Жаңатұрлан мөлтек ауданындағы - 11,1 шқ кәріз коллекторының сарқынды сулар өткізгіштігін ұлғайту мақсатында 2013-2014 жылдары облыстық бюджеттен 138,1 млн теңге қаржы бөлініп, пайдалануға тапсырылды.

Түркістан қаласындағы кәріз тазалау имараты мен кәріз желілеріне 2010-2014 жылдары 5422,9 млн теңге бөлініп, жаңа заманауи технологиямен жабдықталған кәріз тазалау имаратымен 127 шқ магистральды кәріз желілері 2014 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.

2014 жылдың қорытындысымен Жетісай қаласындағы жаңа кәріз тазалау имаратының 21,4 шқ кәріз желілерін пайдалануға тапсырылды.

2015 жылы Арыс қаласында жалпы ұзындығы 5,7 шқ, Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 7,3 шқ, Түркістан қаласында 3,1 шқ құрайтын ішкі кәріз құбырларының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

Тұрғын үй секторы

Облыс бойынша тұрғын үй қорының жалпы көлемі 14,4 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 10,0 млн. шаршы метрі қалалық елді мекендер және 4,4 млн. шаршы метрі ауылдық жерде.

Облыста 2009 жылы 2811, 2013 жылы 3152 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Облыс бойынша 2009 жылы 1461, 2013 жылы 1697 көпқабатты үйлер кондоминиум объектісі ретінде Әділет басқармасында тіркелген.

Көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік жүйесі, шатыры, лифт шаруашылығы және негізгі құрылымдардың 40 % (1873), 2013 жылы 48 % (1520) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етуде.

2009 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы санының (2811) облыс бойынша 1243 тұрғын үйлерінің ( Шымкент қаласында - 914, Ленгер қаласында-314, Арыс қаласында - 15) күрделі жөндеу жұмысын керек етсе, 1420 тұрғын үйлердің негізгі құрылымдары және фундаментері, 910 үйдің ішкі инженерлік жүйесі күрделі жөндеу жұмысын керек етеді.

2013 жылы көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы санының (3152) облыс бойынша 1520 тұрғын үйлерінің (Шымкент қаласында - 914, Кентау қаласында – 221, Арыс қаласында – 51, Түркістан қаласында -72, Ленгер қаласында-28, Сарыағаш қаласында – 55, Шардара қаласында 53, аудан орталықтарында-126) күрделі жөндеу жұмысын қажет етсе, 1472 ағымдағы жөндеу жұмысын керек етеді.

2014 жылы 3152 көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлер саны 1440 төмендеп кондоминиум объектісінің үлесі 45,6 % жеткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет