№ исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы



бет3/9
Дата31.12.2019
өлшемі1,17 Mb.
#55311
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері берген қайтып оралуға арналған куәлік бойынша Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу одан әрі жоғалған құжатты қалпына келтіре отырып, уақытша жеке куәлік бойынша жүргізіледі, бұл ретте мекенжайға кету парағы ұсынылмайды.


«16» коды құжаттардың түрлерiнiң өзгеруiне байланысты иесiнiң қалауы бойынша жеке куәлiкке және паспортқа формуляр ресімдеу кезінде көрсетіледі.

«17» коды қолындағы жеке куәлігі немесе паспорты негізінде алғаш рет жеке басты куәландыратын құжаттарды алу үшін формуляр толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қолындағы жеке куәлігінің немесе паспортының деректерi жазылады.

«18» коды жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты формуляр толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда өтініш иесінің қолындағы жеке куәлігінің деректерi жазылады.

Формулярды толтыруға жеке басты куәландыратын құжаттың жарамдылық мерзімінің өтуіне бір ай қалған кезде рұқсат етіледі.

13. Т.А.Ә. (ол болған кезде), жерiн, туған күнiн ауыстыруға байланысты формулярды толтырған кезде анықтамалық деректерiн (Т.А.Ә. (ол болған кезде) ұлтын, туған күнi және жерiн) өзгертуге байланысты аудандық және қалалық ішкі істер органдарына жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыру мәселесi бойынша өтiнiш бiлдiрген азаматтар туралы мәлiметтер әр айдың 15 және 30 күнiне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) аумақтық басқармасына жолданады.

14. Құжаттарды қабылдаған уәкілетті қызметкер тексеру материалдарына тігілген барлық анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін құжаттың түпнұсқасымен салыстыра отырып тексереді, содан кейін құжаттың көшірмелеріне «Көшірмесі дұрыс» деген жазба қойып, паспорттық елтаңбалы мөрмен растайды, салыстыра тексеруді жүргізген қызметкердің Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы көрсетіліп, қолы қойылады.

15. Құжаттандыру мәселелері бойынша өтініш білдірген азаматтардың өтініштері ішкі істер органының кеңсесінде тіркеледі, жеке басын анықтау, анықтамалық деректерін ауыстыру туралы қорытынды қорытындыларды тіркеу журналына тіркеледі.

16. Құжаттандыру мәселелері бойынша азаматтар ұсынған құжаттардың түпнұсқалығы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі күмән тудырса, сондай-ақ формулярды уәкілетті қызметкер негiзсiз ресiмдегені анықталған кезде, құжаттандырылатын адамның жеке басын қосымша тексеру жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарды тексеру аяқтағаннан кейін уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде олардың жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, содан кейін қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді. Құжаттарды беру үшін формулярды толытыру кезінде, қорытындының нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылады.

17. Формулярдағы 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12-жолдар оны толтыру үшін негiз болған құжатқа сәйкес толтырылады. Формулярдағы және паспорттар, жеке куәлiктер алуға төлеген түбiртектегі Т.А.Ә. (ол болған кезде) туралы жазба бiрдей болуы тиіс. 7-жолда ерлерге - 1, әйелдерге - 2 саны қойылады.

Формулярдағы 9, 10, 11-жолдар кодтарды бiрге қоя отырып, оны ресiмдеу үшiн негiз болған құжатқа сәйкес толтырылады:

«01» туу туралы куәлiк;

«02» 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорты;

«03» Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi;

«08» Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы белгіленген нысандағы анықтама;

«10» уақытша жеке куәлік (тек жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтар үшін 1-жолда «11» кодын қою кезінде);

«12» Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

«13» шет мемлекетте уәкілетті органдар берген азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайларда).

«15» Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайларда).

 11-жол қысқартусыз толтырылады, құжатты берген қалалық, аудандық органның атауы, сондай-ақ облыстың атауы, Астана, Алматы қалалары толық көрсетiледі.

Формулярдың 12-жолында Қазақстан Республикасының аумағында туған азаматтар үшiн көрсеткен құжатына сәйкес тиiстi жолдарда - облыс, Астана, Алматы қалалары, аудан және оларға тиiстi кодтар, елдi мекен жазылады. Шетелде туған азаматтарға тиiстi жолдарда тек елдің атауы жазылады, елдің коды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әлем елдерінің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

Формулярдың 13, 14-жолдары тиiстi жолдарда азаматтың қазiргi және бұрынғы тiркелген тұрғылықты жерiнiң мекенжайы көрсетiле отырып, толтырылады.

14-жол мекенжайын өзгерткен және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн қайтып оралған кезде толтырылады.

Формулярдың 15-жолы Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға формуляр толтыру кезiнде толтырылады. Тиiстi жолдарда бұрын азаматы болған ел және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күнi Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына немесе ішкі істер органының қорытындысына сәйкес көрсетiледi.

Формулярдың 16-жолы азаматтың отбасылық жағдайына сәйкес бір, екі, үш, төрт кодтарын қою арқылы толтырылады. «Екі» кодын қою кезiнде жұбайының Т.А.Ә. (ол болған кезде), некенiң тiркелген күнi және некені тiркеген орган, жұбайлардың некеге тұрғанға дейiнгi бұрынғы тегi жазылады.

Формулярдағы 17-жолда тиiстi жолдарда 16 жасқа толмаған балалардың Т.А.Ә. (ол болған кезде) жазылады. Егер азаматтың 16 жасқа толмаған үштен көп балалары болса, олар туралы мәлiмет формулярға жапсырылатын «17-жолға қосымша» деген жазба енгiзiлген бөлек парақта жазылады.

Формулярдың 18, 19-жолдарында ата-анасының Т.А.Ә. (ол болған кезде) және олардың туған күнi жазылады. Азаматта ата-анасы туралы қандай да бiр мәлiмет болмаған жағдайда 18, 19-жолдарда «МӘЛIМЕТТЕР ЖОҚ» деген жазба жазылады.

Формулярдың 20-жолында паспорттың, жеке куәліктің нөмiрi және дайындалған күнi, иесiнiң құжаттарды алған күнi, оның қолы, сондай-ақ құжатты берген қызметкердiң тегi мен қолы көрсетіледi.

Азамат ішкі істер органдарына қайтарылуға жататын құжатты жоғалтқан жағдайда азаматтан еркін нысанда жазылған, құжатты жоғалту жағдайы көрсетілген өтініш алынады, оның тіркеу нөмірі формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі.

18. Паспорт пен жеке куәлікті алуға түбіртек толтырылғаннан кейін формуляр бланкісінен бөліп алынады және азаматқа беріледі.

19. Формулярды толтырудың негізділігі мен дұрыстығы формулярды толтырған уәкілетті қызметкердің қолымен, оған берілген дербес коды көрсетіле отырып, расталады. Уәкілетті қызметкерлердің дербес кодтары бес таңбалы әріпті-санды индекстерден тұрады, ондағы 1-ші белгі (латын әрпі)- облыстың коды, 2-ші белгі (орыс тілі алфавитінің әрпі) - ауданның коды, 3-ші, 4-ші және 5-ші белгілер – өңір ішінде формулярлар толтыруға рұқсаты бар халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлердің реттік тіркеу нөміріне сәйкес келетін 00 ден - 999 дейінгі араб сандары.

Формулярларды толтыратын уәкілетті қызметкерлер ауысқан кезде олардың дербес кодтары жарамсыз деп есептеледі, ал жаңадан тағайындалғандарға жаңа дербес кодтар беріледі. Бұл ретте оларға кодтың алғашқы екі белгісін өзгеріссіз қалдырып, осы бөліністегі пайдаланылмаған бос реттік нөмірлердің арасынан келесі код белгісі беріледі.

Дербес кодтардың әріптік индекстерін ІІМ КҚПД береді, сандық индекстерді Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – ІІД) жаңартады және ІІД бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.

20. Жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баждың төлегені туралы түбiртектерде формулярлардың нөмiрлерi жазылады. Түбiртектер құжаттарды дайындауға жіберілетін формуляр тізілімдемесінің бір данасымен салық органы ревизия жүргізгенге дейiн формулярдың толтырылған жерi бойынша ішкі істер органдарында сақталуы тиiс. Ревизия жүргізілгеннен кейін бір жылдан соң түбіртектерді қатаң есептегi бланкiлердiң тексеріс актiлерінде құжаттар үшін төленген жалпы соманы көрсете отырып, ішкі істер органының ішкі тексеру комиссиясы жояды.



Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd page -> Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы ережелерді” бекiту туралы
mvd nb doc -> Министерство внутренних дел
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет