269
насында көрініс беретін мінез қа-
сиеттерінің жиынтығы. Коммуни-
кативті интеллект – адамның адам-
дармен қарым-қатынасында пайда
болатын мәселелерді шешуде көрініс
беретін ақыл-ой қабілеттерінің жиын-
тығы.
КОНВЕРГЕНЦИЯ
– лат.
конверге-
ре
деген сөзі, қаз.
жақындату
деген
мағынаны білдіреді. Қашықтықпен
заттардың көлемін қабылдауда көз-
дің
конвергенциясы,
яғни екі көздің
көрілетін затқа бір көздей болып әре-
кет етуі қажет болады. Бұл құбылыс
жақындағы нәрсені ажыратуда бай-
қалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым
жақын тұрса, конвергенцияда сонша
күшті болады да, көз ішке бұрыла
береді. К. – 1.Көру психологиясында
өте жақындағы затты көру үшін оның
білігін (осін) екі көздің ішкі бұл-
шық еттерінің жәрдемімен жақын-
дату кезіндегі екі көздің көру жолы-
ның бір нүктеде түйісуі. Орталық
жүйке жүйесіне келетін қозу аралық
нейрондарда қосылып кетуін конвер-
генциялық принцип деп атайды; 2.Ой-
лау психологиясында ойлаудың тә-
сілдерінің бірі.
КОНТЕНТ-ТАЛДАУ
– мәтіннің
және т.б. ақпарат иелерінің арнайы
сипаттамаларын анықтау және ба-
ғалау әдісі. К.-т. барысында зерттеу
мақсатына сәйкес мәтіндердегі ақпа-
раттың белгілі бір мағыналық бір-
ліктері мен түрлері шығарылады.
Мысалы: бұқаралық ақпараттағы
хабарландыру кейіпкерлерінің пси-
хологиялық сипаттамалары, өзара әре-
кеттесу түрлері, хабарландыру жанр-
лары және т.б. Содан кейін түрлі
мәтіндер жинағындағы немесе бас-
қа да ақпарат құралдарындағы осы
бірліктердің кездесу жиілігі мен кө-
лемінің жүйелі өлшемі жүзеге асады.
Контраст бойынша ассоциация –
Аристотельмен енгізілген ассоциа-
цияның түрі. Ол – санада пайда бол-
ған құбылыстың өткен шақта бекі-
тілген байланыстардың негізінде оған
қарама-қарсы, контрастілі бейнені
жаңғыртуы.
Достарыңызбен бөлісу: