326
зіп ілу, төрге шығарып, қолына су
құйып, сүлгі ұсыну, т.б. игі ілтипатты
отбасында негізінен жас балалар ат-
қарған. Қазақ аулында қонақтың кө-
ңілін көтеру үшін «қонақ кәде» жа-
сайтын дәстүр бар. Ол алдымен «ауыл-
дың алты ауызынан» басталады. Мұн-
да күй тартылып, ән, өлең-жыр ай-
тылады.
Оған қонақтар да қатыстырылады.
Кейде «қонақ кәде» бірте-бірте өнер
сайысына да айналады. Онда ауыл
адамдарынан қонақтар да өнерін ір-
кіп қалмайды. Өнерлі қонақты ат-
тандырарда үй иесі өзінің шама-шар-
қына қарай оған сый-сияпат, жол-
жоралғы жасайды. Қазақ салтында
қонақтарға сусын ұсынудың өзіндік
рет, салты бар. Мәселен, шәй құю
үйдің бойжеткеніне жүктеледі. Ол шәй
құюдың жөн-жосығын жас кезінен-
ақ өзінің шешесінен, апа-жеңгелері-
нен үйреніп өседі. Шәй құюға қажет-
ті икемділік пен шеберлікке жастай
баулынған бойжеткен шәй құйғанда
кесе-шәйнекті орынсыз сылдырлат-
пай, ауыстырып алмай, оларды қо-
нақтарға әдептілікпен ұсынуы керек.
Самаурынның суын кесеге сызылтып
құюдың орнына шорылдата құю, не
кесені қонаққа ұсынғанда жоғары
не тым төмен ұстау қыз тәрбиесінің
кемшілігі болып есептеледі.
Сондай-ақ, кеседегі шәйдің шамадан
тыс қою, не сұйық болуы, көлемінің
аз не шамадан тыс мол құйылуы да
қолайсыз болады. Әдетте қонақтың
шәйға қанғанда болдым, ішпеймін
деп берген белгісін түсіне білу қажет.
Қонақтардың бірі кесенің бетін ала-
қанымен жапса, екіншісі
Достарыңызбен бөлісу: