Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет371/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
МАҚА
МАҚА


356
ғы қатынастар да мақал-мәтелдерге 
арқау болған.
Мәселен, мақалдардың бір тобында 
(«Көптің ойы – көл», «Халық қар-
таймайды», «Кеппе тентек болсаң да,
көпке тентек болма». «Көптен бақыт 
құтылмас») адамға қажетті барлық 
игіліктерді жасаушы – халық, еңбекші 
бұқара; қандай керемет адам болса 
да көптен, халықтан бөлек жүріп 
өнімді ешнәрсе жасай алмайды, адам-
дар бір-бірімен байланысып, тіршілік 
еткенде ғана өз қажеттерін, алға қой-
ған мақсаттарын ойдағыдай орындап 
отырады деген сындарлы пікірлер 
аңғарылады.
Адам психологиясының қалыпта-
суында ынтымақтасқан еңбек әре-
кетінің алатын орны да ерекше еке-
нін халқымыз жақсы түсінген. Мә-
селен, «Жалғыздың ісі өнбейді», «Көп
еңбегі көлмен тең», «Көп еңбегі пәр-
менді», «Көп еңбегі көңілді», деп 
келетін мақал-мәтелдерде көппен қоян-
қолтық, бірлесе еткен еңбек қана адам-
ға зор қуат беріп, оның қажеттерін 
өтеп, психикасын байытатыны, жал-
ғыз кісінің өндіргені тамшыдай бол-
са, көптің өндіретіні дариядай бола-
тыны айтылған.
«Еңбек – ең негізгі тәрбиеші» деген 
идея осы топтағы мақалдардың негіз-
гі арқауы. Мәселен, «Еңбек ширата-
ды», «Еңбек-адамның екінші ана-
сы», «Еңбектің көзін тапқан, байлық-
тың өзін табады», «Қолы қимылда-
ғанның аузы қимылдайды», «Еңбегі-
мен ер мүсінді», «Еңбек мұратқа жет-
кізер», деген айшықты сөздердің мә-
ні мынада: еңбек ету зор адамшылық 
қасиет, іс-әрекетсіз бос жүру адам-
шылыққа жатпайды, кісіні даңққа
мұратқа, бақытқа жеткізіп, ер атан-
дыратын да, оның тұрмыс жағдайын 
жақсартатын да, сана-сезімі мен ақыл-
ойын байытып, нұрландыратын да 
еңбек, сондықтан, «еңбексіз күн өт-
кізу – ерсілік».
Қазан төңкерісіне дейін халқымыз-
дың негізгі кәсібі мал шаруашылығы 
болды. Кейінірек олар кәсіптің басқа 
түрлерімен де (егіншілік, балық, аң
аулау т. б.) айналыса бастады. Бұл 
жөнінде де мақал-мәтелдер қызық-
ты пікірлер айтып, байсалды түйін-
дер түйген: «Мал өсірсең қой өсір, 
өнімі оның көл-көсір», «Жылқы мал-
дың қасқасы», «Мал жақсысы – сиыр»,
«Ексең егін, ішерсің тегін», «Егін 
ексең тыңға, шықтым дей бер шың-
ға», «Қырман басы береке», деп ке-
летін мақалдар жоғарыда айтылған 
тұжырымға жақсы дәлел. Кәсіпті же-
те меңгергенде ғана еңбектің береке-
лі, нәтижелі, жемісті болатындығы, 
бұлардың адам психологиясын қа-
лыптастыруда алатын орны жөнінде 
дұрыс пікір айтылады. Мәселен, «Он 
кәсіпті шала білгенше бір кәсіпті 
жақсы біл», «Еңбек те ептілікті ті-
лейді», «Еңбекке бейім болсаң қата-
рыңнан кейін болмассың», деген ма-
қал-мәтелдерде әр істі бір бастап, 
аяқтамай тастап кете беру, айналыс-
қан кәсіпке жете мән бермеу, оған 
жеңіл-желпі қарау адамды енжар, жал-
қау ететіндігі, әрбір жұмыстың өзі-
не тән тәсілін, әдісін дұрыс меңгер-
генде, соған бейімделгенде, ептілік 
пен әрекет еткенде ғана еңбек өзінің 
шын мәнісіне ие болатындығы сөз 
болады.
Халық әр кәсіптің өзіндік ерекше-
лігін де көре білген, бұлардың мәнін 
өзінше талдап, түсіндіруге тырысқан. 
Мәселен, «Қой семізі қойшыдан», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет