Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет489/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ПСИХОТОКСИКОЛОГИЯ 
(грек. 
toxion – 
у және ...логия) – медици-
налық психологияның саласы; пси-
хотомиметик не галлюциноген (де-
мизид, мескалин, псилоцибин т.б.) деп 
аталатын химиялық заттардың әсері-
нен болатын психикалық бұзылуды,
оның пайда болуы мен емдеу тәсіл-
дерін, нейрохимиялық механизмін 
зерттейді. Мұндай заттардың өте аз 
мөлшерінің өзі (грамның миллион-
нан бір өлшемі) психиканы бұзады. 
Бұл кезде галлюцинация болып, ес,
зейін, ойлау процестері, эмоция бұ-
зылады; адам сандырақтайды және 
т.б.
ПСИХОФИзИКА 
(психо... және 
грек. 
physike/pysis 
– табиғат) – жал-
пы психологияның психикалық жә-
не
физикалық процестер мен құбы-
лыстардың байланысын зерттейтін 
саласы. Психофизиканың негізін не-
міс психологі Г.Т.Фехнер (1801–1887) 
қалады. Психофизиканың ерекшелі-
гін ол былайша сипаттайды: әртүрлі 
мінез-құлық пен психиканың күйі
физикалық құбылыстар мен ахуал-
дың айырмашылығынан туындайды. 
П. сенсорлық процесті, ондағы түй-
сік, шебін және психофизикалық 
ПСИХ
ПСИХ


464
шкаланы құрастыруды айқындайды. 
Мұндай ізденісте сенсорлық жүйенің 
сезімталдық күйімен қатар, іштей 
белсенділік ерекшелігі, яғни шешім
қабылдау ауқымы да ескеріледі. 
Осындай көп шамалы мөлшерлеу 
ізденісіне Р. Шепард және т.б. әдіс-
темесі ерекше ықпал етті. Әдістеме 
түйсіктердің өзара үйлесімін көп 
шамалы субъективтік кеңістікте –
эмоция психологиясында, психо-
диагностикада, психосемантикада 
қалыптастыруға септігін тигізетінін 
дәлелдеді.
ПСИХОФИзИКАЛЫҚ ПРОБЛЕ-
 
МА 
– психикалықтық физикалыққа 
қатысы туралы жәйт. П.м. Декарт екі 
түрлі субстанцияның бар екендігін
дәлелдей отырып (материя – созы-
лыңқы және ойлай алмайтын субс-
танция, жан – ойлай алатын бірақ со-
зылыңқы емес субстанция) жан мен 
тәнді қарама-қарсы қойғаннан кейін 
17 ғ-да ерекше мәнге ие болды. Бұл
алшақтықты окказионалистер (А.Гей-
линис пен Мальбранш) психикалық 
және физикалық құбылыстар ара-
сындағы қатынасқа құдайдың арала-
суы туралы қалыптасқан жағдаймен
жоюға тырысты. П.м.-ні айқындау-
дың жалған ағымдары психофиз. 
Қатарластық теориясы және оның әр 
түрлері тараған бат. психологияда әлі 
күнге дейін үстем болып отыр. П.м.-
нің диалектикалық материалистік 
шешімі психиканы материяның даму 
нәтижесі деп қарастыратын монизм 
принципіне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет