Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет494/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
РЕМИНИСЦЕНЦИЯ – 
лат. реми- 
ницентиа
 
деген сөзі, қаз. 
еске түсіру 
деген
 
мағынада. Материалды
 
оқыған 
бойда (көлемді, күрделі түрлерін) 
оны бірден қайта жаңғырту кейде 
қиынға түсіп, мазмұны толық беріл-
мей қалатын кездер болады. Бірақ,
бұлар екі-үш күннен кейін тым тәуір
қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осын-
дай кешігіп еске түсіруді психоло-
гияда Р. құбылысы деп атайды. Ке-
РЕВА
РЕМИ


468
шігіп еске түсіру көбінесе мектепке 
дейінгі жастағы балалармен баста-
уыш сынып оқушыларында жиі кез-
деседі. Өйткені олар көлемі үлкен, 
күрделі материалдарды бірден то-
лық айтып беруге шамалары кел-
мейді де, ойларына келген жерін ай-
та береді. Ой әрекетінің біртіндеп 
күрделенуіне және есте қалдырудың 
жолдарын меңгере білуге байланыс-
ты ересек адамдарда Р. құбылысы
көп кездеспейді.
РЕСМИ ТОП
– заңдық тұрғыдағы 
статусы бар, мүшелері қоғамдық ең-
бек бөлінісі жағдайында олардың 
еңбегін ұйымдастыратын әлеуметтік 
тапсырысты іс-әрекетпен біріккен 
нақты не шартты әлеуметтік қа-
уымдастық. Ресми топтың әрқашан 
белгілі бір нормативпен бекітілген 
құрылымы, тағайындалған не сай-
ланған басшылығы, мүшелерінің 
нормативпен бекітілген құқықтары 
мен міндеттері болады. Ресми емес
(бейресми) топтар – нағыз әлеу-
меттік ұйымға жатпайтын, тек қызы-
ғушылықтары ортақ екеңдігіне бай-
ланысты қарым-қатынас жасайтын 
адамдар жиынтығы.
РЕТИКУЛЯРЛЫҚ ФОРМАЦИЯ

ми қабығының астына орналасқан 
осы орталық денедегі барлық ре-
цепторларды ми қабығымен бай-
ланыстырады, ал мұндағы көру
төмпешігі – афференттік талшық-
тардың жиынтығы болып табылады. 
Мидағы осы орталық, оның төменгі 
бөліктеріне (жұлын т.б.) басшылық 
ету үрдістерінің жұмысын реттесті-
ріп отырады. Ми қызметінің бел-
сенділігін арттыру не төмендету, оған 
баратын импульстерді іріктеп, елек-
тен өткізу де осы бөлімнің қызметі. 
Оны миды энергиямен қамтамасыз 
ететін аккумулятор не басқару пуль-
ті деуге болады. Ретикулярлық фор-
мацияға миды қажетті энергиямен 
қамтамасыз етіп тұру жағы жүктел-
ген. Мәселен, адам күрделі ой әре-
кетімен айналысқанда оның миына 
біраз энергия қажет болады. Мұндай-
да мидың осы бөлігінің жұмыс қабі-
леті арта түседі. Аталмыш жүйке ор-
талығы эмоция, ерік үрдістерін бас-
қаруда, сондай-ақ адамды ширатып, 
зейінін арттыра түсуде елеулі роль 
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет