522
ТЕМПЕРАМЕНТ
– жүйке
жүйесі-
нің
тума қасиеттерінен туындай-
тын адамның жеке өзгешеліктерінің
бірі.
Ол адамдардың эмоциялық
қозғыштығынан, қимыл-қозғалысы-
нан, жалпы белсенділігінен жақсы
байқалады. Темперамент – организм-
нің физиологиялық өзгешеліктері-
мен, әсіресе жоғары жүйке қызметі-
нің тума қасиеттерімен шарттас пси-
хикалық құбылыс.
Темперамент
адамның жалпы қоз-
ғалысынан да (мәселен, біреулер
шапшаң қозғалады, тез қимылдайды,
енді біреулер жай қимылдап, асық-
пай істейді), психиканың күші мен
тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет,
алғыр болса, екінші біреу керісінше,
сылбыр, жігерсіз болады), адамның
көңіл күйінің ерекшеліктерінен де
(салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз
т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу
сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.)
жақсы байқалып отырады.
Темперамент
туралы алғашқы ой-
пікірлер ғылымда – өте ерте кездің
өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі
Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер
Гиппократтың (б.э.д. 460-356) ең-
бектерінде
бұл жөнінде біраз пікір-
лер айтылған. Гиппократтың ойын-
ша, әр түрлі темпераменттер адам-
дар мен жануарлардың денесінде
төрт түрлі сұйық заттарға байланыс-
ты болмақ. Олар: денені жылытып
тұратын – қан, салқындататын – шы-
рын (слизь), құрғататын – бауырдағы
сары өт және оған дымқылдық бере-
тін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі
сұйықтың
араласуының пропорци-
ясын грекше «красис» деп атаған.
Ал латын тілінде кейін бұл терминді
темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шә-
кірттері адамдағы темпераменттер-
дің әр түрлілігі организмдегі осы төрт
түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-
көптігіне байланысты деп түсінген.
Мәселен, организмде қанның про-
порциясы артық болса, ол
сангвини-
калық
(латынша «сангиус» -қан), ал
шырын басым болса (грекше «флег-
ма» – шырын),
флегматик темпера-
мент
деп; ал организмде қара өт ба-
сым
болса
меланхолик
(грекше «ме-
лайнехоле» – қара өт), организмде са-
ры өт басым болса,
холерик
(грекше
холе – өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ организмдегі сұйықтар-
дың бірінен екіншісінің басым болуы
кейбір аурулардың шығу тарихын
түсіндіруге де жарайды деді, ол ми-
дың рөлін түсіне білді, оны бездердің
бірі деп санады.
Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін
жаратылыстық ғылыми зерттеудің
алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпе-
раменттің санын он үшке жеткізді.
Гален организмде жылылық неғұр-
лым басым болса, адамның темпера-
менті күшті
болатынын, денесі сал-
қын болса, темпераменті баяулайты-
нын айтты. Бұл секілді түсініктердің
прогрессивтік маңызы зор. Өйткені
адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге
көңіл аудара бастау –
сол кезде кең
жайылған, жан тәнге байланыссыз
нәрсе дейтін теріс пікірге берілген
үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпера-
ментті организмдегі химиялық зат-
тардың құрамына байланысты тү-
сіндіруге тырысты. Кейіннен темпе-
рамент организмнің түрліше физио-
логиялық өзгешеліктеріне, атап айт-
Достарыңызбен бөлісу: