56
жағдайда екі не бірнеше психикалық
құрылымдардың өзара байланысты-
лығын білдіреді.
АССОЦИАЦИЯ
(лат.
associatio
–
қаз.
қосылыс
)
–
1) неғұрлым жалпы
мағынада – екі (одан да көп) элемент-
тердің арасындағы анықталған кез
келген функциялық байланыс; 2) би-
хевиоризмдегі үйрену теориясында
стимулдар (S) мен реакциялар (R)
арасындағы байланыстар немесе бірі-
гу. Бихевиористер сол байланыстың
табиғатын ұғуға тырысты; 3) қайсыбір
стимул немесе оқиға әсерінен алын-
ған нақты психологиялық тәжірибе:
мысалы, «ауыл» деген сөзді естіген-
де, бірнеше ассоциация пайда болады;
4) статистикада – бір айнымалыдағы
өзгеріс дәрежесінің екінші айныма-
лыдағы өзгерістерге байланысты бо-
луы; 5) психологияда – сыртқы және
ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуі-
нен туатын адамның психикалық про-
цестері мен қимыл-әрекеттерінің бай-
ланысы.
А. адамның бұрынғы тәжірибесі не-
гізінде пайда болып, заттар мен құбы-
лыстардың кеңістіктік-уақыттық қа-
тынастары (кеңістік пен уақыт ішінде-
гі іргелестік ассоциациясы, мысалы,
көктем мен жасыл шөптің шығуы)
олардың ұқсастығын (ұқсастық ас-
социациясы, мыс., жапырақ сыбдыры
мен сыбырласу) немесе қарама-қар-
сылығын (күн мен түн, кәрілік пен
жастық) бейнелеуі мүмкін. Объектілер
арасындағы анағұрлым күрделі, мы-
салы, себептер мен салдар арасында-
ғы байланысты білдіретін ассоциа-
ция болады. Физиологиялық тұрғыдан
қарағанда, А. екі немесе бірнеше ті-
тіркендіргіштің бір мезгілде немесе
бірінен соң бірінің әсер етуінен туатын
уақытша процесінде үлкен орын алады.
Білім алу – адамның бұрынғы тәжіри-
бесі мен жаңадан игерген түсініктері,
ұғымдары арасындағы байланыс (ас-
социация) жасау процесі екені мәлім;
6) бір психикалық құбылыстың (қабыл-
дау, елестету) жаңғыруы екіншісінің
пайда болуын ілестіретін олардың ара-
сындағы байланыс.
А. туралы ұғым ежелгі дүниенің фи-
лософиялық ілімдерінде қалыптасқан.
Психологиялық ой А. фактісін жай
ғана баяндап қоюдан (мыс., затты қа-
былдау оның иесінің бейнесін туды-
рады) оны организм ішіндегі про-
цестермен түсіндіруге көшті. Бұл – А.
ұғымына детерминистік (лат.
determi-
nare
– психикалық құбылыстардың
өздерін тудыратын факторларға заң-
ды әрі қажетті тәуелділігі) мағына бе-
реді: санада бейненің, әдетте, оған
шақыртқы болатын сыртқы тітіркен-
діргішсіз пайда болуы – денелік
процестердің өткендегі тәжірибеде
бекіген байланысының есебіне жат-
қызылды; бұл процестер, Аристотель-
дің айтуынша, олардың араластығы,
ұқсастығы немесе кереғарлығы (кон-
траст) себепті жақындаса түсіп, берік
бірлестіктер түзуі мүмкін.
Жанда үйлестік мүшелерінің бірі пай-
да болғанда, ол «автоматты түрде»
организмде жасырынған басқалары-
на шақыртқы болады. «Идеялар ас-
социациясы» терминін, ассоциацияны
ақыл-ойға негізделген байланыстар-
ға қарсы қойған, Дж.Локк енгізді. А.
туралы ұғым ХVIII-ХІХ ғасырлар-
дың философиялық жүйелері үшін бас-
ты ұғым болды. А-ның физиология-
лық негізі –
шартты рефлекстер.
Достарыңызбен бөлісу: