Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет74/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘБУН
ӘБУН


74
адамдар өз еркімен некелеседі, дүние-
ге келу, өсіп-жетілу, тәрбиелену бәрі 
де табиғи жағдайда, өз үйлесімімен 
жүріп жатады. Мұнда ойшылдардың, 
шешендердің, ақындардың, ғалым-
дардың т.б. зиялылардың кемелденіп 
жан-жақты шарықтауына барлық жағ-
дай жасалған. Әрине, Фараби кол-
лективтік қала туралы айтқанда мұн-
дағы түрлі әлеуметтік топтардың 
психологиясындағы антагонистік жақ-
тарды ашып көрсете алмағаны бел-
гілі. Фараби түсінігінде ізгі қала тұр-
ғындары пайдаланатын игіліктер: ғы-
лым негіздерін меңгеру, әділдікке ұм-
тылу, әртүрлі әлеуметтік топтардың 
бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруі т.б. 
Фараби осы қала тұрғындарының өзін
бірнеше топқа бөледі. Соның бірі –
қоғамдағы әлеуметтік жағдайы бір-
шама ұқсас адамдар. Бұл категория-
дағылардың өзін ол әрмен қарай үш 
топқа бөледі: бірінші топтағы адам-
дар – бір-біріне дос; екіншілері – 
бір-біріне қас; үшіншілері – бір-бі-
ріне бейтарап қарайтын адамдар. Дос-
тықтың екі түрі болады. Оның бірі –
адал дос та, екіншісі – айнымалы, ал-
дамшы дос.
Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қа-
рап, одан айырылып қалмау жағын 
көздеген дұрыс, екі жағы да бір-біріне 
жақсылық ойлап, ылайым да өзара 
қамқорлық жасалынуы тиіс. Жақсы 
достың сенімін ақтаған абзал. Осын-
дай достар ащы-тұщыны бірдей та-
тысып, нені болса да бірдей көретін 
болады. Фараби нағыз шынайы дос-
тықты дәріптеп, жұртты осындай 
адамдардан үлгі алуға шақырады. 
Достықтың екінші бір түрі – алдам-
шылыққа негізделеді. Жалған дос-
қа адам өзінің құпиясын, мінез-құл-
қындағы кемшіліктерін айта берудің 
қажеті жоқ. Осындай жалған достар-
ды адал жолға түсіру үшін қажымай-
талмай жұмыс жүргізген абзал. Бір-
біріне жау адамдардың да екі түрі бо-
лады. Бірі – өшпенділігі мол, жаулы-
ғы басынан асқан адамдар да, екінші-
сі – көре алмаушылықтан жауыға-
тындар. Фараби бұлардың біріншісі-
нен ерекше сақ болып жүрудің қа-
жеттігін айтады, олардың ой-пікірін 
үнемі қадағалап, біліп жүруді еске 
салады. Тіпті, осындай
 
адамдардың 
арам ниетін біліп қана қоймай, тиісті 
жерінде аяусыз әшкерлеу қажет дейді.
Бейтарап адамдардың жолдастық, 
достық жөніндегі ұғымдары мардым-
сыз болады. Бұлардың өшпенділік-
пен жұмысы жоқ, кейде пайдалы ақыл-
кеңес беретіндері де кездеседі. Бірақ 
олардың айтқан пікіріне сын көзбен 
қараған дұрыс. Бейтарап адамдардың 
адалдығына көз жеткенше оларға дос 
адамдай беріліп кетуге болмайды. Жақ-
сы ой-тілектегілер араз адамдарды 
татуластыруға, олардың арасында 
қарым-қатынасты қайта орнатуға 
жәрдемін тигізеді. Сондықтан, бұларға 
көңіл бөліп, іс-әрекетіне қолдау жа-
саған жөн. Ақымақ адамдарды да 
асқан төзімділікпен тәрбиелеп, байып-
тылықпен қарым-қатынас жасаған 
абзал. Бұлардың іс-әрекетіне қарсы 
тұрып, теріс қылықтарын үнемі бет-
ке айтып, жаман қылығына көзін 
жеткізген дұрыс. Мақтаншақтарды 
тиісті тәрбиенің арқасында тезге са-
лып, олардың артық сезімдерін те-
жеп, қарапайым жан етуге мүмкіндік 
мол, дейді Фараби.
Ізгі қала тұрғындарының енді бір 
тобы – әлеуметтік жағдайлары төмен 
сатыда тұрған адамдар. Бұлар да бір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет