Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет250/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

зЕЛА
зЕЛА


241
лысы шапшаң, үнемі ат үстінде жү-
руі қан айналымы мен зат алмасуына 
қолайлы болуы тиіс; бұған қоса дала 
тұрғындары дене қызуының жиі ал-
масуы, олар жұтатын таза ауа да; 
шөлейтте жол шеккенде сусынды көп 
ішпеуі, діни жоралғыларға байланыс-
ты тағамдар таңдауы, асқазан және 
ішек жолы қызметін жақсартуға 
жәрдемдеседі, бұлардың оның рух 
күшін сақтауға маңызды ықпалы бар; 
ақыр соңында, арақпен, апиынмен 
және темекімен жүйкесін жұқартуға 
әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар.
Зеланд әлемдік психологиядағы тем-
пераменттер теориясына елеулі үлес 
қосқан ғалым. Зеланд Гипократ, Га-
лен, Кант, Лесгафт, Кречмер, Гейне
т.б. ғалымдар сияқты келелі түйін-
ді ойлары бар ғалым екендігі дау
тудырмайды. Мәселен, орыс анторпо-
логы Зеланд темпераменттің ана-
томиялық, физиологиялық негізі
туралы айта келіп оны ми қабықша-
сындағы малекулярлық қозғалыс-
тың жылдамдығы мен біркелкілі-
гіне байланысты түсіндіреді. Мұны 
ғылыми жағынан дәлелді деп есеп-
теуге болады. 
зЕРДЕ 
– тіліміздегі ақыл, сана деген 
түсініктерді білдіретін ұғым. З-нің 
сапалық ерекшеліктері зерделі, ақын-
ды, саналы деп аталады. Ақыл – 
адамның белгілі мәселені шешудегі 
қабілеттілігі мен саналы түрдегі 
әрекеті. Психологияда З. ұғымы адам-
ның ойлау әрекетімен тығыз бай-
ланысты түрде дамып отыратын үз-
діксіз процесс. Зерделі адамды халық 
ақыл-ойы мен пайымы мол, сана-
сезімі жетілген адам деп бағалайды. 
З. – ақыл, ал ақыл адамның ойлау 
қабілеті. Адам ақылы арқылы кез 
келген мәселенің түйінін шеше ала-
ды. Осы орайда халықтың сана-
сезімінде «Ақыл – тозбайтын тон, бі-
лім – таусылмайтын кен» дейтін ма-
қал қалыптасқан. З.-нің мәнді белгі-
лері адамның ұғымталдығы, зейінді-
лігі мен қабілеттігі. Қабілет – адам-
ның белгілі істі орындауға бейім-
ділігі мен ыңғайлығын білдіретін 
даралық қасиет, психологиялық ерек-
шелік.
Ақыл апасы – зейінділік. З. – сана-
ның белгілі объектіге бағытталып, 
сананың сол нәрсеге шоғырлануы.
З-нің тұрақты белгілеріне ұғымпаз 
болу мен зеректік. Зеректік ұққыш-
тық пен алғырлықты да білдіреді. 
Сөйтіп адам өзінің пысықтығы мен 
ширақтығын, еті тірілігін көрсете 
алады. Ширақтық пен еті тірілігі пы-
сықтықты білдірсе, ал зеректік пен 
алғырлық ұғымталдық қасиеттерді 
айқындай түседі. Ауызекі сөйлеу 
мен жазба сөздерде де зерде мен атау 
терминдерде бір мағынада синоним 
ретінде қолданыла береді. Психология 
ғылымы зерде атауын дербес термин 
ретінде адамның ойлау процесі мен 
ақыл-ойының мағынасын бейнелей-
тін термин ретінде қарастырып, оны 
саналы әрекеттің жемісі деп санай-
ды. Адамның ақыл-ой әрекетінің бар-
лық түрлері мен олардың сипат-қа-
сиеттері объективті дүниенің біздің 
миымыздағы бейнесі деп анықтайды. 
Бұл жалпы таным теориясының (гно-
сеологияның) қасиеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет