262
Кеңістікке орналасқан заттардың кө-
лемін қабылдауда екі көзбен көрудің
(бинокулярлық көру) маңызы зор.
Ал бір көзбен көру (монокулярлық
көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат
бере алмайды. Мұны бір көзді жұ-
мып, екі қолды бір-біріне тигізбей,
инеге жіп сабақтаудың қиын екені-
нен де байқауға болады. Бинокуляр-
лық қарауда екі көзге түсетін кескін
қосылып кетеді де, нәрсенің бедері
айқын сезіліп, бір ғана кескінге ай-
налады. Нәрсенің көлемдік қарамын
қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып
көрінуі маңызды рөл атқарады. Екі
көзбен көруде түрлі заттардың тұта-
сып көрінуі оның қашықтығы мен
қоршауын, шамасы мен түсін, релье-
фін жан-жақты қабылдауға мүмкін-
дік туғызады. Қашықтық пен зат-
тардың көлемін қабылдауда көздің
конвергенциясы, яғни екі көздің кө-
рілетін затқа бір көздей болып әрекет
етуі
қажет болады. Бұл құбылыс жа-
қындағы нәрсені ажыратуда байқала-
ды. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жа-
қын тұрса, конвергенция да сонша
күшті болады да, көз ішке бұрыла
береді.
Көздің түрлі қашықтықтағы заттар-
ды көруге бейімделу қабілеттілігін
аккомадация деп атайды. Көздің ак-
комадациясы хрусталь дөңестігінің
өзгеруіне байланысты жақын заттар-
ды көргенде жиырылады да, алыста-
ғы заттарға қарағанда ашыла түседі.
Кеңістіктегі заттарды қабылдауда кө-
ру-қозғалыс анализаторының мәні
ерекше. Бір эксперименттік зерттеу-
де көру-қозғалыс қабылдауы қатыс-
пайтын бірде-бір мектептік пән жоқ
екендігі, шәкірттердің оқу материал-
дарын тиянақты ұғынуы, жіберген
қателерін кезінде көре біліп, түзетуі,
әр пәннің (сызу, сурет, еңбек т.б.)
өзіндік ерекшелігі түрлі аспаптармен
жұмыс істеуге ықпал ететіндігі жақ-
сы байқалған. Қашықтықты қабыл-
дау өте күрделі процесс. Мәселен,
іштен соқыр болып туған адам көзі-
не операция жасағаннан кейін де
қашықтықты айыра алмайды. Оның
көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей,
дәл алдында тұрғанға ұқсайды.
Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқты-
ғып қалатындай көреді. Адам қашық-
тықты айыруды да өмір тәжірибесі
арқылы үйренеді. Мәселен, қашық-
тықтағы нәрсенің дәл шамасын білу
үшін бала алғашқыда сол нәрсенің
көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс
жасауға әдеттенеді. Заттың бізге
немесе басқа нәрселерге қарап тұр-
ған бет алысы
–
көздің торлы қабы-
ғында сәулеленумен бірге, дене қоз-
ғалысының жағдайына да байланыс-
ты. Заттың бет алысын адам тік тұ-
рып немесе отырып горизонталь жағ-
дайда ғана жақсы қабылдай алады.
Мұндайда адам өзінің тұрған жері-
нен алдындағы бір затты нысана етіп,
қалған заттардың бет алысын соған
бағдарлайды. Мәселен, құла түзде
тұрып бет алдымыздағы заттарды
көрсеткенде, назарымызды бір затқа
ғана тігіп, басқа заттарды сол заттың
не оң жағында, не сол жағында, не
бер жағында, не түбінде, не үстінде
т.б. деп айтамыз. Кеңістіктегі заттар-
ды қабылдауға тек көру мүшесі ғана
қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипай-
сезу түйсіктері де елеулі рөл атқара-
ды. Мәселен, іштен соқыр болып
туған баланың, операциядан кейін
көзі көрсе де, шарды жай дөңгелек-
тен, төрт бұрышты затты үш бұрыш-
Достарыңызбен бөлісу: