Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет464/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ПСИХ
ПСИХ


442
ПСИХИКАЛЫҚ АХУАЛ
– пси-
хикалық процестің динамикалық кө-
рінісі, оның нақты жағдайда қалып-
тасқан көрінісі. П.а. жеке адам мен 
ұжымның бір сәттегі эмоциялық, 
танымдық және мінез-құлықтық 
көріністерінің жалпылама сипа-
тын білдіреді. П.а. эмоцияның даму
сатыларынан тұрады, индивидтің 
түрлі психикалық қасиеттерінің (же-
ңілтектік, ұстамсыздық, ашушаңдық 
сияқты) көрінісін білдіреді. Психи-
калық ахуалға сезімнің (көңіл күй, 
аффект, үрей, эйфория және т.б.), 
ықыластың (толғаныс, ессіздік), ерік-
тің (батылдык, жинақылық, тартын-
шақтық), ойланудың (күмәндану), 
қиялдың негізгі түрлері жатады. Тө-
тенше жағдайдағы адамның пси-
хикалық ахуалы стресс ретінде қа-
былданып зерттеледі.
ПСИХИКАНЫҢ ПАЙДА БО-
ЛУЫ МЕН ДАМУЫ
– психика 
органикалық материяның барлығын-
да бірдей бола беретін қасиет емес.
Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті 
тірі организмдердің төменгі форма-
ларынан да оны кездестіру қиын. Пси-
хика материяның жоғары форма-
ларының, жанды материяның ғана 
қасиеті. Тірі материяның, төменгі түр-
леріне (мәселен, қарапайым организм-
дерге) тітіркенушілік (сыртқы тітір-
кендіргіштерге жауап бере алушы-
лық), ал оның жоғары түрлеріне сез-
гіштік (заттардың қасиеттерін бейне-
лей алу) қасиет тән. Сезгіштік – ор-
ганизмнің сыртқы ортаны түйсіне алу 
қабілеті. Түйсік – тіршілік жағдайы-
на бейімделудің көрінісі. Түйсік ор-
талық жүйке жүйесі бар барлық жа-
нуарларда кездесетін психикалық құ-
былыс.
Психикалық әрекеттің дамуы жүйке 
жүйесінің дамуымен шарттас. Ал 
жүйке жүйесі құрылысының күрде-
лене түсуі психиканың күрделене тү-
суіне, оның жоғары формаларының 
пайда болуына жағдай туғызған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет